Республикалық маңызы бар Тарбағатай мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағын азайту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № 459 қаулысы.

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Республикалық маңызы бар Тарбағатай мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағы 9363 гектарға азайтылсын.

      2. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

      "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 48-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

48

Тарбағатай мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық)

230637

Зайсан және Тарбағатай аудандары

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

  ".

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов