"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 249 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 27 сәуірдегі
№ 249 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 15 наурыздағы
№ 113 қаулысына
2-қосымша

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы Сараптама кеңесінің құрамы

Айбасов
Жандос Нұрдәулетұлы

актер, каскадер, кинорежиссер (келісу бойынша)

Әбдуәлиев
Ақан Жылқышыбайұлы

"Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)

Әлмұратов
Нұрғиса Әлмұратұлы

кинорежиссер, актер, сценарист (келісу бойынша)

Борецкий
Олег Михайлович

кинотанушы, киносыншы (келісу бойынша)

Дүнгенбаева
Салтанат Еркенқызы

сценарист, мультипликатор, драматург, редактор (келісу бойынша)

Елубаев
Смағұл Абатұлы

жазушы, кинодраматург, Қазақстан Жазушылары одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісу бойынша)

Ершова
Марина Владимировна

"Sulpak CINEMA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі (келісу бойынша)

Жолжақсынов
Досхан Қалиұлы

актер, кинорежиссер, Қазақстанның халық әртісі (келісу бойынша)

Жұмағали
Құрманбек

"31 арна" телерадиокомпаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша)

Күрішбаев
Еркебұлан Маратұлы

"Qara production" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы продюсері (келісу бойынша)

Маемиров
Асхат Максимұлы

"Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)

Манабай
Дәмір Қабекұлы

кинорежиссер, сценарист (келісу бойынша)

Мұқышева
Нәзира Рахманқызы

"Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің профессоры

Сатыбалды
Азамат

"Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры

Танысбай
Ләззат Мұратқызы

"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

Төлеутаев
Ерлан Мұқатайұлы

өнертанушы, тарихшы, драматург, композитор (келісу бойынша)