Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 141 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 18 наурыздағы
№ 141 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысы.

      2. "Аэротүсірілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы 126 қаулысы.

      3. "Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 596 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 және "Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыру ережесiн, Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесiн, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ереженi бекiту туралы" 2003 жылғы 23 маусымдағы № 593 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1730 қаулысы.

      5. "Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 596 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 150 қаулысы.

      6. "Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 185 қаулысы.

      7. "Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 596 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 600 қаулысы.