Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 және "Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1730 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 141 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2022 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 235-құжат):

      Аэротүсiрілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларында:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсат (бұдан әрі – Рұқсат) алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – Өтінім берушілер) уәкілетті органға өтінім береді.";

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

C. Ахметов