Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 659-2) тармақшамен толықтырылсын:
"659-2) Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынатын тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |