"Жерлерді сақтап қою қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 924 қаулысы

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Осы қаулы 01.01. 2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жерлерді сақтап қою қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жерлерді сақтап қою қағидаларында:

      1) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бүлiнген жерлердi анықтауды белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері), қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті орган және басқа да уәкілетті органдар өздері жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруы тәртібімен жүргізеді немесе ол арнайы далалық зерттеп-қарау нәтижесінде жүргізіледі.";

      2) 6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссияның құрамына жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдардың, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, ауыл шаруашылығының, орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің және басқа да құзыреттi органдар мен ұйымдардың мамандары кiредi.".

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин