"Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өндеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 749 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өндеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкілетті орган пайдаланылмайтын мүлік тізбесінің жобасынан пайдаланылмайтын мүлікке қажеттілікке арналған өтінімдерді алғаннан кейін пайдаланылмайтын мүлікті бөлу жөніндегі комиссияның отырысында өтінімдерді қарауды ұйымдастырады, оның қорытындысы бойынша:

      Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына берілетін;

      ҚӨК ұйымдарына, мемлекеттік білім беру ұйымдарына, музейлерге, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымына (бұдан әрі – Қорғанысминінің мамандандырылған ұйымы) және жергілікті атқарушы органдарға берілетін;

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын инфрақұрылымдық объектілермен және/немесе мүліктік кешендермен қамтамасыз етуге байланысты, сондай-ақ өндіру, жөндеу, жаңғырту және кәдеге жарату үшін қызметтер көрсеткені үшін ҚӨК ұйымдарына ақы төлеу есебіне берілетін;

      өткізуге, жоюға және қайта өндеуге жататын пайдаланылмайтын мүліктің тізбелері қалыптастырылады.

      Өткізуге жататын пайдаланылмайтын мүлік тізбесі жеке-жеке жабық сауда-саттықта өткізілетін қару-жарақ пен әскери техникаға жататын пайдаланылмайтын мүлік тізбесіне және веб-портал арқылы өткізілуге жататын пайдаланылмайтын өзге мүлік тізбесіне бөлінеді.

      Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған қосымша өтінімдерді қарау пайдаланылмайтын мүлікті бөлу жөніндегі комиссия жұмысының регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Пайдаланылмайтын мүлікті ҚӨК ұйымдарына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын инфрақұрылымдық объектілермен және/немесе мүліктік кешендермен қамтамасыз етуге байланысты қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеу есебіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мүдделерінде өндіру, жөндеу, жаңғырту және кәдеге жарату үшін беруге жол беріледі.";

      150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "150. Оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті кәдеге жарату, құртып жіберу, көму немесе қайта өңдеу арқылы жоюды осы Қағидалардың 150-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде уәкілетті ұйым жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 150-1-тармақпен толықтырылсын:

      "150-1. Осы Қағидалардың 11-1-тармағының шеңберінде ҚӨК ұйымдары берген пайдаланылмайтын мүлікті тиісті рұқсат беру және хабарлама жасау құжаттары болған кезде уәкілетті органның шешімі негізінде кәдеге жарату немесе қайта өңдеу арқылы жоюға жол беріледі.";

      165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "165. Оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті қайта өңдеуді уәкілетті ұйым дербес немесе алынған қайталама шикізатты өткізу шартымен осы мүлікті қайта өңдеу бойынша тиісті технологиялары бар ұйымдар жүзеге асырады. Оқ-дәрілерді кәдеге жаратуды немесе қайта өңдеуді тиісті рұқсат беру құжаттары бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 11-1-тармағының шеңберінде берілген пайдаланылмайтын мүлікті қайта өңдеу немесе кәдеге жарату процесінде алынатын қайталама шикізатты өткізуден түсетін қаражатты қоспағанда, қайталама шикізатты өткізуден түсетін қаражат республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин