"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып өзгертілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында кәсіпорынды мемлекеттік қайта тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |