Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 511 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.
2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын үйлестіру, сондай-ақ жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттің реттеушілік саясатын қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) өз қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын, оның ішінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін талдау мен қорыту және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу;";
15-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 10-3), 27-1), 40-1) және 55-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"10-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлейтін орталық мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысын үйлестіру;
10-2) заң жобасы бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру;
10-3) ратификациялауға жататын Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру;";
"27-1) заң жобасы бойынша заң жобасының жан-жақты пысықталуы фактісін айқындау мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша реттеу нысанасын ашуды қамтитын және ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы бойынша қорытынды беру;";
"40-1) "Е-заңнама" ақпараттық жүйесін жүргізу;";
"55-1) Ашық НҚА интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;";
22) тармақша алып тасталсын;
58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"58) эталондық заңнамалық актiлердi және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, ақпараттық және анықтамалық-әдiстемелiк материалдарды, оның iшiнде құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесiн пайдалана отырып шарт негiзiнде беру;";
107-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"107-6) өз құзыреті шегінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау рәсімдерін жүргізуді үйлестіру;";
140-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"140-1) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанушылық және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайтын тәртіппен жүргізуді қамтамасыз ету.".
3. "Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 17-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын, заң жобалары тұжырымдамаларын, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу, орналастыру, жария талқылау, келісу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы – азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасындағы олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын өзгерістер туралы хабардар ету және оларды түсіндіру, сондай-ақ қабылданған заңды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар тізбесі;
2) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы (бұдан әрі – ашық НҚА интернет-порталы) – "электрондық үкімет" веб-порталының жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және өзге ақпаратты "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орналастыруды қамтамасыз ететін құрамдасы;
3) ашық НҚА интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ұсынатын, баптауларды және ашық НҚА интернет-порталында орналастырылатын контентті басқаруға арналған қосымша;
4) "Е-заңнама" ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау (мониторинг) жүргізуге, сондай-ақ норма шығарудың жекелеген процестерін автоматтандыруға арналған бірыңғай құқықтық жүйе;
5) заң жобасының тұжырымдамасы – Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдаған, Үкіметтің бастамасы бойынша заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесін, оны қабылдау мақсаттарын және Үкімет айқындайтын өзге де ережелерді қамтитын құжат;
6) заң жобасы тұжырымдамасының жобасы (бұдан әрі – тұжырымдама жобасы) – жария талқылау қорытындысы бойынша осы Қағидаларға сәйкес пысықталған, мемлекеттік органның нақты саладағы мемлекеттік реттеу проблемаларын шешу жөніндегі пайымын қамтитын консультативтік құжат;
7) нысаналы топ – құқықтары мен мүдделері ұсынылып отырған реттеумен (нормативтік құқықтық актінің жобасымен) қозғалатын тұлға, тұлғалар тобы;
8) пилоттық жоба – мемлекеттік орган енгізілетін реттеу нәтижесін анықтау мақсатында жүргізетін рәсім;
9) реттеу субъектілері – нормативтік құқықтық актілердің күші қолданылатын тұлғалар;
10) реттеушілік жүктеме – Қазақстан Республикасының заңнамасында орындалуы міндетті талаптардың белгіленуіне байланысты уақыт пен адами ресурстар шығындарын қоса алғанда, реттеу субъектілерінің қаржылық ауыртпалығы;
11) реттеушілік саясат – нормативтік құқықтық актілер арқылы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу;
12) реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі – консультативтік құжат) – нақты саладағы мемлекеттік реттеуге жүргізілген құқықтық мониторингтің нәтижелері мен оның қазіргі проблемаларын жария талқылау тәсілдерін қамтитын белгіленген нысандағы құжат;
13) заң жобасына түсіндірме жазба – заң жобасы туралы жалпы мәліметтер алуға мүмкіндік беретін және жұртшылықтың болашақ реттеушілік саясат туралы хабардар болу деңгейін арттыруға ықпал ететін нысанда жазылған, заң жобасының мақсаттары, міндеттері мен негізгі ережелері егжей-тегжейлі сипатталған, заң жобасын қабылдау қажеттігінің негіздемесін қамтитын, заң жобасына қоса берілетін міндетті құжат;
14) "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітілген "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Үкімет айқындайтын заңды тұлға.
3. Қағидалар жобаланатын реттеуден болатын салдарды болжау рәсімдерін, заң жобаларын жария талқылау рәсімдерін және реттеушілік саясаттың басқа да рәсімдерін қоса алғанда, көзделген рәсімдерді дәйекті сақтау арқылы реттеушілік саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге және Үкіметтің заң шығару бастамасын іске асырудың бірыңғай тетіктерін қалыптастыруға бағытталған.
4. Үкіметтің заң шығару жұмысын орталық атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар олармен келісу бойынша жүзеге асырады және ол мыналарды:
1) консультативтік құжатты әзірлеуді, оны мүдделі органдармен, ұйымдармен және нысаналы топтармен талқылауды, осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен орналастыруды және жария талқылауды;
2) тұжырымдама жобасын әзірлеуді;
3) егер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін тұжырымдама жобасының реттеушілік әсеріне талдау жүргізу қажеттігі көзделген болса, оны жүргізуді;
4) заң жобасы тұжырымдамасының жобасын жария талқылау үшін ашық НҚА интернет-порталында орналастыруды, осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мүшелерінің ұстанымдарын алуды, қоғамдық кеңестердің, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің (бұдан әрі – сараптамалық кеңестер), Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ҰКП) қорытындыларын алуды;
5) заң жобасы тұжырымдамасының жобасын және заң жобасының алдын ала мәтінін Комиссия отырысына шығару мүмкіндігі туралы алдын ала қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Әділет министрлігі) жолдауды;
6) заң жобасы тұжырымдамасының жобасын Комиссия отырысында қарауды;
7) Комиссия заң жобасының тұжырымдамасын мақұлдаған жағдайда заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құруды;
8) егер заңның тиісті жобасында оларды қабылдау көзделсе, заң жобасын, оның ішінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді, заң жобасына ілеспе материалдарды келісуге енгізу үшін қажетті актілерді әзірлеуді;
9) осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен ақпараттық сүйемелдеу бағдарламасын және заң жобасы бойынша түсіндіруді Әділет министрлігіне және бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) саласындағы уәкілетті органға келісуге жіберуді;
10) егер Кәсіпкерлік кодексте кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін заң жобасының реттеушілік әсеріне талдау жүргізу қажеттігі көзделген болса, оны жүргізуді;
11) осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен заң жобасын жария талқылау үшін, ғылыми сараптамалардың (лингвистикалық сараптаманы қоспағанда), қоғамдық кеңестердің, сараптамалық кеңестердің қорытындыларын алу үшін ашық НҚА интернет-порталына орналастыруды;
12) мемлекеттік органның бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын адамның шешімі бойынша заң жобасы бойынша жария тыңдаулар өткізуді;
13) заң жобасын Заңға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне (бұдан әрі – Үкімет Регламенті) сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісуді;
14) заң жобасына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді;
15) заң жобасын ашық НҚА интернет-порталына орналастыруды;
16) заң жобасын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесіне (бұдан әрі – Премьер-Министр Кеңсесі) енгізуді және оны Үкімет Регламентіне сәйкес қарауды;
17) Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелеріне (бұдан әрі – Заң жобаларын Қазақстан Республикасының Президентімен келісу ережелері) сәйкес заң жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) келісуді;
18) заң жобасына қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді (қажет болса);
19) заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне (бұдан әрі – Парламент Мәжілісі) енгізуді;
20) заң жобасын Парламент палаталарында (бұдан әрі – Парламент) қарау кезінде оны ұсынуды және сүйемелдеуді;
21) қабылданған заңның іске асырылуын Үкімет Регламентіне сәйкес оның ішінде, егер тиісті заң жобасында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау көзделсе, оларды уақтылы бекіту арқылы қамтамасыз етуді;
22) қабылданған заң бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен Әділет министрлігіне және БАҚ саласындағы уәкілетті органға келісуге жолдауды;
23) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекiтiлген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен заңның тиімділігін және консультативтік құжатта көрсетілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалауды қоса алғанда, нормативтік құқықтық актінің құқықтық мониторингін жүзеге асыруды қамтиды.
5. Консультативтік құжатты және заң жобасы тұжырымдамасының жобасын әзірлеу бойынша талаптар республикалық бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң жобаларына және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларына қолданылмайды.
2-тарау. Консультативтік құжатты әзірлеу
6. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ олармен келісу бойынша өзге де мемлекеттік органдар консультативтік құжатты әзірлеуші органдар болып табылады.
Өзге органдар, ұйымдар мен азаматтар мемлекеттік реттеудің қазіргі проблемаларын шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы, олар әзірлеуші органдардың қарауына беріледі және консультативтік құжатта көрсетіледі.
Қажет болса, консультативтік құжатты дайындауға ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдар, ғылымның тиісті салаларының ғалымдары, білімнің әртүрлі салаларының мамандары тартылуы мүмкін.
7. Консультативтік құжатты әзірлеу алдында зерттеулер, әлеуметтік сауалнамалар жүргізілуі, халықаралық және өзге де ұйымдардың ұсынымдары алынуы мүмкін. Зерттеулер барысында алынған есептік материалдар консультативтік құжатқа міндетті қосымшалар болып табылады.
8. Консультативтік құжатты әзірлеу Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жыл сайынғы жолдауының ережелері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, Үкімет шешімдері, нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг нәтижелері, заңнаманың тиімділігін талдау, қоғамдық өмірдің тиісті салалары мен аяларында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасы, қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдар, БАҚ-та қамтылған ақпарат ескеріліп жүзеге асырылады.
9. Консультативтік құжатты әзірлеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады және мыналарды:
1) құқықтық реттеудің тиісті саласындағы қолданыстағы заңнамаға және практикаға талдау жүргізуді, қолданыстағы құқықтық тетіктер тиімділігінің жеткіліксіз болуының проблемалары мен себептерін айқындауды (олар болған кезде), оның ішінде ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін актілердің көп болуын анықтауды;
2) экономикалық, әлеуметтанушылық, статистикалық және өзге де қажетті ақпаратты зерделеуді, қорытуды және талдауды;
3) ұсынылатын шешімдерді қабылдаудың әлеуметтік, қаржы-экономикалық, экологиялық, құқықтық және өзге де салдарын (оң/теріс) зерттеуді және болжауды жүзеге асыруды, оның ішінде ықтимал әлеуметтік тәуекелдерді, сондай-ақ осындай шешімдерге байланысты белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастарды дамыту үрдістері мен нұсқаларын талдауды;
4) халықаралық тәжірибені зерделеуді және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізуді;
5) алдағы бес жыл ішінде заң жобасының қабылдануына байланысты қоғамдық қатынастардың реттелетін саласында қол жеткізілетін (нысаналы) индикаторларды, күтілетін нәтижелерді айқындауды қамтиды.
Заңнамалық актіні қабылдау қажеттігі туралы куәландыратын дәлелдердің баяндалуы нақты болуға, келеңсіз құбылыстар мен процестердің қолданыстағы тиімділігі жеткіліксіз заңнамамен байланысын егжей-тегжейлі белгілеуге тиіс. Болған жағдайлардың қысқаша фабуласы, қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіле отырып, құқық қолдану практикасынан дәлел ретінде мысалдар келтіру қажет.
Ұсынылатын шешімдерді қабылдаудың әлеуметтік салдарын болжау кезінде олардың жалпы қоғамның дамуына да, оның жекелеген әлеуметтік топтарына да, тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыруға ықпалы: халықтың білім деңгейіне және жұмыспен қамтылуына, қоғамның әлеуметтік құрылымына, денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігіне, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, азаматтық қоғам институттарын дамытуға әсеріне талдау жүргізіледі, әлеуметтік сипаттағы ықтимал тәуекелдер және басқа да салдары бағаланады.
Ұсынылатын шешімдерді қабылдаудың қаржы-экономикалық салдарын болжау кезінде оны қабылдауға байланысты:
1) гранттық қаржыландыру мен қарыздарды тартуды қоса алғанда, республикалық және жергілікті бюджеттердің тікелей және жанама кірістері мен шығыстары;
2) құқық қолданушылардың және заңнамалық акт нормаларын іске асырудың өзге де субъектілерінің кірістері мен шығыстары;
3) өзге де шығыстар мен кірістер, сондай-ақ өзге де экономикалық тиімділік (бәсекелестікті дамытуға ықпалы, кредиттік ресурстардың қолжетімділігі, жаңа жұмыс орындарын құру және басқа да салдар) бағаланады.
Ұсынылатын шешімдерді қабылдаудың экологиялық салдарын болжау кезінде заңнамалық актіні қабылдау нәтижесінде қоршаған ортаға әсер етудің бағыты, сипаты мен дәрежесі бағаланады.
Құқықтық салдарды болжау шеңберінде ұсынылатын шешімдердің белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің қолданыстағы тетігіне, оның ішінде құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, нақтылауға, құқықтық олқылықтарды жоюға, ақаулы, тиімсіз және декларативтік нормаларды алып тастауға болжамды әсері бағаланады.
Консультативтік құжатқа онда көрсетілген мәліметтердің негізділігі мен анықтығын көрсететін тиісті материалдар міндетті түрде қоса берілуге тиіс.
10. Әзірлеуші орган нысаналы топтарды айқындауды қолданыстағы құқықтық тетіктердің жеткіліксіз тиімділігін талдау нәтижелері мен құқықтық реттеудің тиісті саласында ұсынылатын шешімдерді қабылдау салдарын негізге ала отырып жүзеге асырады.
11. Әзірлеуші орган консультативтік құжатты жариялау және талқылау рәсімдерін қамтамасыз етуге тиіс.
Жариялау және жария талқылау басталғанға дейін консультативтік құжат Әділет министрлігіне жолданады, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органның белгіленген рәсімдерді сақтағаны туралы, атап айтқанда:
1) белгіленген нысанға сәйкес консультативтік құжаттың барлық міндетті жолдарын толтырудың толықтығы бойынша;
2) жария талқылау үшін нысаналы топтарды іріктеудің толықтығы, оларды хабардар ету тәсілі, жария талқылаулар өткізу тәсілі (тәсілдері) бойынша қорытынды береді.
Қажет болса, Әділет министрлігі хабардар ету тәсілінің және жария талқылаулар жүргізу тәсілінің (тәсілдерінің) толықтығы бойынша тиісті қорытынды алу үшін консультативтік құжатты БАҚ саласындағы уәкілетті органға жолдай алады.
Мемлекеттік орган консультативтік құжатты Әділет министрлігінің ескертулерін ескере отырып пысықтауға немесе Комиссия отырысында мұндай ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың маңызсыздығын негіздеуге тиіс.
12. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттар оларды ҰКП және сараптамалық кеңес қарағанға дейін кемінде күнтізбелік 2 (екі) күн қалғанда интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, БАҚ-та міндетті түрде жариялануға (таратылуға) тиіс.
13. Мемлекеттік орган осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында көзделген шарттар орындалғаннан кейін консультативтік құжатты ашық НҚА интернет-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.
Консультативтік құжатты жұртшылықпен талқылау оны жария талқылау үшін ашық НҚА интернет-порталына орналастыруды, сондай-ақ жария тыңдаулар мен пікірсайыстарды қамтиды.
Реттеу жоспарланатын қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты талқылауларды жоғарыда көрсетілген тәсілдердің біреуін немесе бірнешеуін пайдалана отырып жүргізуге болады.
Жария тыңдауларды, пікірталастарды өткізу кезектілігін әзірлеуші орган өзі айқындайды.
14. Әзірлеуші органдардың қызметкерлері консультативтік құжатты, тұжырымдама жобасын, тұжырымдаманы, заң жобасын орналастыруды АЖО арқылы жүргізеді. Әзірлеуші органдардың қызметкерлеріне АЖО-ға қолжетімділікті әзірлеуші мемлекеттік органдардың өтінімдері негізінде оператор ұсынады.
Консультативтік құжатты ашық НҚА интернет-порталында талқылау мерзімін әзірлеуші мемлекеттік органдар өздері айқындайды, бірақ мұндай мерзім 15 (он бес) жұмыс күнінен аз болмауға тиіс.
Орналастырылған консультативтік құжатқа 100 (жүз) астам пікір түскен жағдайда, консультативтік құжатты ашық НҚА интернет-порталына орналастыру мерзімі автоматты түрде 10 (он) жұмыс күніне ұзартылады.
15. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжат ҰКП мен және сараптамалық кеңестермен міндетті түрде талқылануға тиіс.
Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын консультативтік құжат "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, қоғамдық кеңестермен міндетті түрде талқылануға тиіс.
16. Әзірлеуші органдар сараптамалық қорытындыларды, ұсынымдарды алу үшін, оның ішінде оларды мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, ҰКП-ға, сараптамалық кеңестерге, қоғамдық кеңестерге, ЗҚАИ-ға консультативтік құжатты ашық НҚА интернет-порталына орналастыру туралы хабарлама жолдайды.
Сараптамалық қорытындылар ҰКП немесе сараптамалық кеңес мүшесінің жазбаша ұстанымын білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтік құқықтық актінің жобасына ол қабылданғанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде міндетті қосымшалар болып табылады.
Консультативтік құжат бойынша сараптамалық қорытындыларды, қорытындыларды, ұсынымдарды ұсыну үшін белгіленетін мерзім оны ашық НҚА интернет-порталына орналастыру туралы хабарлама ҰКП-ға, сараптамалық кеңес мүшелеріне, қоғамдық кеңеске, ЗҚАИ-ға келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.
17. ҰКП, сараптамалық кеңестер, қоғамдық кеңестер, ЗҚАИ консультативтік құжатқа өздерінің сараптамалық қорытындыларын, қорытындыларын, ұсынымдарын ашық НҚА интернет-порталына мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.
Қоғамдық кеңестердің сараптамалық қорытындылары, қорытындылары, ұсынымдары ұсынымдық сипатта болады және тұжырымдама жобасына, заң жобасының тұжырымдамасына, заң жобасына ол қабылданғанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде оған міндетті қосымшалар болып табылады.
Қоғамдық кеңестердің сараптамалық қорытындылары, қорытындылары, ұсынымдары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда консультативтік құжат ескертулерсіз келісілді деп есептеледі.
Әзірлеуші орган сараптамалық қорытындылармен, қорытындымен, ұсынымдармен келіспеген жағдайда 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей келіспеу себептеріне негіздеме жасайды және оны ашық НҚА порталына орналастырады.
3-тарау. Жария талқылаулар өткізу
18. Әзірлеуші консультативтік құжатта айқындалған нысаналы топтарды олардың ашық НҚА интернет-порталында жария талқылауларға, жария тыңдауларға және (немесе) пікірталастарға қатысу мүмкіндіктері туралы мынадай мәліметтерді:
1) мемлекеттік органның, жария тыңдауларды ұйымдастырушының атауын;
2) жария тыңдаулар үшін өткізілетін орны мен уақытын да көрсете отырып, талқылауларды өткізу күнін, тәсілін (пікірталастар/жария тыңдаулар);
3) консультативтік құжатта баяндалған проблеманың (проблемалардың) қысқаша сипатын;
4) талқылауларды ұйымдастырушы мемлекеттік органның ұйымдастыруға жауапты тұлғаларының байланыс ақпаратын (мекенжайлары, электрондық пошталары, телефондары);
5) консультативтік құжат орналастырылған ашық НҚА интернет-порталына, оған түсіндірме беру мүмкіндігін көрсете отырып, сілтемені ашып хабардар етуге тиіс.
Әзірлеуші жария тыңдаулар өткізгенге дейін 20 (жиырма) жұмыс күні қалғанда ашық НҚА интернет-порталын, әзірлеушінің сайтын қоса алғанда, БАҚ-та осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер көрсетілген хабарландыруды орналастыруға тиіс.
Нысаналы топтар алдағы жария талқылаулар өткізілетіні туралы мынадай бір немесе бірнеше тәсіл арқылы хабардар етіледі:
1) шақыруларды нақты субъектілер – нысаналы топ өкілдеріне пошта байланысымен, қолма-қол немесе электрондық пошта арқылы мекенжайға тарату;
2) талқылауды ұйымдастырушы мемлекеттік органның интернет-ресурсында хабарландыру жариялау;
3) БАҚ-та хабарландыру жариялау;
4) нысаналы топтар өкілдерінің абоненттік ұялы байланыс нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама нысанындағы sms-хабарлама;
5) консультативтік құжатта көрсетілген өзге де тәсілдер.
Алда жария тыңдаулар және (немесе) пікірталастар өткізу туралы қоғамдық және сараптамалық кеңестердің мүшелері, ҰКП, ЗҚАИ да хабардар етіледі.
19. Ашық НҚА интернет-порталында жария талқылау мынадай:
1) "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушылардан қысқаша негіздемелері бар ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырмай қабылдау;
2) балағат сөздерді, тіл тигізетін сөздерді, жарнаманы, сондай-ақ консультативтік құжатқа, тұжырымдаманың жобасына немесе заң жобасына қатысы жоқ өзге де ақпаратты пайдалануға жол бермеу;
3) консультативтік құжат, тұжырымдаманың жобасы немесе заң жобасы бойынша ескертулер және (немесе) ұсыныстар жіберілген кезде жобаның нақты құрылымдық элементін (бөлім, бап, тармақ, тармақша) көрсету шарттары сақтала отырып жүзеге асырылады.
Ақпаратты пайдаланушылардың жобаларды жария талқылау үшін әзірлеуші мемлекеттік орган белгілеген мерзім аяқталғаннан кейін түскен ескертулері және (немесе) ұсыныстары қаралмайды.
Әзірлеушілер ақпаратты пайдаланушылардың ескертулері мен ұсыныстарын олар ашық НҚА интернет-порталында пікір түрінде жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды. Ақпаратты пайдаланушының ескертулерін және (немесе) ұсыныстарын қабылдау не қабылдамау туралы әзірлеушінің шешімі уәжді, нақты, жалпы негіздемелерсіз, декларативті сипаттағы ережелерсіз болуға және түскен пікірдің астында жариялануға тиіс.
20. Оператор "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтыруды жүзеге асыру шеңберінде осы Қағидаларда белгіленген орналастырылған жобаларды жария талқылау шарттарының сақталуын мониторингтеуді жүзеге асырады.
Оператор 1 (бір) жұмыс күні ішінде ақпаратты пайдаланушылар ескертулерінің және (немесе) ұсыныстарының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және оларды жариялау туралы шешім қабылдайды немесе негіздемелерді көрсете отырып, жариялаудан бас тартады.
21. Жария тыңдаулар осы тыңдауларға қатысуға ниет білдірушілер сиятындай үй-жайда не қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы онлайн-трансляцияларды қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік тілде және орыс тілінде ашық форматта өткізіледі.
Мемлекеттік орган БАҚ тартуды және өткізілетін жария тыңдаулардың, оның ішінде әлеуметтік желілер алаңдарында жария етілуін қамтамасыз етеді.
Қажетті үй-жаймен қамтамасыз ету үшін үй-жайда өткізілетін жария тыңдауларға қатысқысы келетін адамдар кемінде 7 (жеті) жұмыс күні қалғанда "электрондық үкімет" веб-порталында немесе әзірлеушінің (талқылауларды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелуі қажет.
Қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып өткізілетін жария тыңдауларға қатысқысы келетін адамдар кемінде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда "электрондық үкімет" веб-порталында немесе әзірлеушінің (талқылауларды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелуі қажет.
Үй-жайда өткізілетін жария тыңдауларға тіркелген адамдар жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде кіргізіледі.
Қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып өткізілетін жария тыңдауларға тіркелген барлық адам жіберіледі.
Жария тыңдауларда азаматтар жеке баяндама жасай алады, оның ұзақтығын ұйымдастырушы айқындайды.
Ниет білдірушілер баяндама жасау үшін талқылаулар өткізілгенге дейін кемінде 7 (жеті) жұмыс күні қалғанда "электрондық үкімет" веб-порталында немесе әзірлеушінің (талқылауды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркеліп, өз баяндамасының тезистерін ұсынуы қажет.
Баяндамада консультативтік құжатта көрсетілген проблемалардың шешімі және (немесе) ескертулер бойынша дәлелді ұсыныстар және (немесе) проблемалардың әзірлеуші ұсынатын шешімі бойынша ұсыныстар берілуі қажет.
Жария талқылаудың өзінде әзірлеушінің өкілдері консультативтік құжатты қысқаша таныстырады, келіп түскен қабылданған және қабылданбаған ескертулер мен ұсыныстар туралы баяндайды. Қабылданбағандар бойынша әзірлеушінің ұстанымы келтіріледі.
Жария тыңдаулар өткізу процесінде түскен ұсыныстар мен ескертулер хаттамаға енгізіледі және олар бойынша мемлекеттік органның ұстанымы қалыптастырылады. Талқылаулар өткізілетін жерде ұстаным қалыптастыру мүмкін болмаған кезде мұндай ұстаным жария талқылаулар өткізілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қалыптастырылады және мемлекеттік органның интернет-ресурсы мен ашық НҚА интернет-порталында орналастырылады.
Мүдделі тұлғалардың баяндама жасауының қорытындылары бойынша түскен ұсыныстар мен ескертулер де жария тыңдаулар хаттамасына енгізіледі.
22. Пікірталастар онлайн-трансляцияларды қамтамасыз ете отырып және БАҚ-ты тарта отырып, мемлекеттік тілде және орыс тілінде ашық форматта өткізіледі.
Пікірталастар нақты саладағы мемлекеттік реттеу проблемаларын шешу бойынша әртүрлі ұстанымдарды білдіретін кемінде 2 (екі) қатысушының қатысуымен өткізіледі.
Әзірлеуші орган пікірталастар өткізілгенге дейін 20 (жиырма) жұмыс күні қалғанда ашық НҚА интернет-порталында және мемлекеттік органның ресми сайтында хабарландыру жариялайды.
Пікірталастарға қатысу үшін ашық НҚА интернет-порталында өтінім қалдыру қажет.
Пікірталастар өткізілгенге дейін 10 (он) жұмыс күні қалғанда оларға қатысу жөнінде өтінімдер қабылдау тоқтатылады.
Пікірталастарды өткізудің ұзақтығын, форматын және басқа да ерекшеліктерін ұйымдастырушылар айқындайды және консультативтік құжаттың толық талқылануын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте сөз сөйлеуге берілетін уақыт арқылы пікірталасқа қандай да бір қатысушыға басымдық берілмеуге тиіс.
Пікірталасқа қатысушыларды іріктеуді ұйымдастырушы өтінім берген тұлғалар арасынан жүзеге асырады. Өтінім берген тұлғалардың келісуі бойынша ұйымдастырушы қатысушыларды консультативтік құжатта көрсетілген проблемаларды шешу бойынша олар ұсынған тезистер негізінде топтастыруға тиіс.
Пікірталастар өткізілгенге дейін 5 (бес) күн қалғанда ұйымдастырушылар пікірталастарға жіберілген қатысушылардың тізімін жариялайды.
23. Жария талқылаулардың (ашық НҚА интернет-порталындағы жария талқылаулардың, жария тыңдаулардың, пікірталастардың) қорытындылары бойынша әзірлеуші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп дайындайды. Есеп кейіннен заң жобасы тұжырымдамасы жобасына, заң жобасының тұжырымдамасына және заң жобасына оларды қараудың барлық сатысында міндетті қосымша болып табылады.
Есеп ашық НҚА интернет-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
4-тарау. Тұжырымдама жобасын әзірлеу және заң жобасының тұжырымдамасын мақұлдау
24. Консультативтік құжатты жария талқылау қорытындылары бойынша әзірлеуші заңнамалық өзгерістердің қажеттігі немесе қажет еместігі туралы шешім қабылдайды.
Заңнамалық акт қабылдау қажеттігі туралы шешім қабылданған жағдайда консультативтік құжат негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұжырымдама жобасы қалыптастырылады.
Заңнамалық акт қабылдау қажеттігін айғақтайтын дәлелдердің баяндалуы нақты болуға, келеңсіз құбылыстар мен процестердің қолданыстағы тиімділігі жеткіліксіз заңнамамен байланысын егжей-тегжейлі белгілеуге тиіс. Болған жағдайлардың қысқаша фабуласын, тұжырымдар мен ұсыныстарды көрсете отырып, құқық қолдану практикасынан дәлел ретінде мысалдар келтіру қажет.
25. Тұжырымдама жобасына реттегіш құралды немесе кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды көздейтін ережелер енгізілген жағдайда, әзірлеуші кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұжырымдама жобасының реттеушілік әсеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.
26. Тұжырымдама жобасы қоса берілетін барлық материалдармен және заң жобасының алдын ала мәтінімен бірге оны Комиссия мүшелерінің қарауы үшін ашық НҚА интернет-порталында орналастырылады.
Өзге мүдделі тұлғалар да тұжырымдама жобасы бойынша пікірлерін ашық НҚА интернет-порталында қалдыра алады.
27. Әділет министрлігін қоса алғанда, Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмаларымен түскен шұғыл тапсырмаларды қоспағанда, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тұжырымдаманың жобасын қарайды және әзірлеушіге ашық НҚА интернет-порталы арқылы ресми ескертулер береді.
28. Әділет министрлігі тұжырымдама жобасын қараудан басқа, оның осы Қағидалардың 11-тармағының ережелеріне сәйкестігін бағалайды. Тұжырымдама жобасы көрсетілген тармақтың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда әзірлеуші оны пысықтауды қамтамасыз етуге немесе Комиссия отырысында мұндай ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың маңызсыздығын негіздеуге тиіс.
Жария талқылаулардың (ашық НҚА интернет-порталындағы жария талқылаулардың, жария тыңдаулардың) қорытындылары бойынша әзірлеуші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп дайындайды. Есеп кейіннен тұжырымдаманың жобасына, заң жобасының тұжырымдамасына және заң жобасына оларды қараудың барлық сатыларында міндетті қосымша болып табылады.
Есеп ашық НҚА интернет-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
29. Комиссия мүшелерінің қандай да бір ескертулері және (немесе) ұсыныстары болмаса, мемлекеттік орган тұжырымдама жобасын Комиссия отырысында қарауды ұйымдастыру үшін Әділет министрлігіне жолдайды.
Комиссия мүшелерінде ескертулер және (немесе) ұсыныстар болса, әзірлеуші мұндай ескертулердің барынша алып тасталуын қамтамасыз ету мақсатында оларды бір ай мерзім ішінде пысықтайды.
Алып тасталмаған ескертулер бойынша келіспеушіліктер хаттамасы жасалады, әзірлеушілер оны енгізген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оған ескертулер берген Комиссия мүшелері қол қоюға тиіс.
30. Пысықтау қорытындылары бойынша пысықталған тұжырымдама жобасы келіспеушіліктер хаттамаларымен бірге қайтадан ашық НҚА интернет-порталында орналастырылады, бұл туралы әзірлеуші 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелерін хабардар етеді.
Осыдан кейін Әділет министрлігін қоса алғанда, Комиссия мүшелері 10 (он) жұмыс күні ішінде пысықталған тұжырымдама жобасын қарайды және өздері бұрын берген ескертулер немесе Комиссияның басқа мүшелерімен пысықталғаннан кейін пайда болған жаңа ережелер бөлігінде ғана ескертулер бере алады.
Комиссия мүшелерінің ұстанымдары қайтадан ашық НҚА интернет-порталында көрсетіледі.
31. Әзірлеуші Комиссия мүшелерінің ескертулерімен келісуі, тұжырымдама жобасын пысықтауы және осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес қайтадан қарауға енгізуі не келіспеушіліктердің қосымша хаттамаларын жасауы және тұжырымдама жобасын Комиссия отырысында қарауды ұйымдастыру үшін оны келіспеушіліктер хаттамаларымен қоса Әділет министрлігіне енгізуі мүмкін.
Әділет министрлігі тұжырымдама жобасын, ал келіспеушіліктер хаттамалары болған жағдайда, осындай хаттамалармен бірге Комиссия мүшелерінің қарауына шығарады.
Комиссия отырысында қарау үшін ескертулерсіз және (немесе) ұсыныстарсыз келіп түскен тұжырымдама жобасы қысқаша таныстырылымнан кейін дауысқа салынады.
Комиссия отырысы барысында ескертулер және (немесе) ұсыныстар дауыс беруге қабылданбайды.
Келіспеушіліктер хаттамаларымен бірге келіп түскен тұжырымдама жобасы бойынша дауыс беру келіспеушіліктер хаттамаларына енгізілген әрбір ескерту бойынша жүзеге асырылады. Тұжырымдама жобасы осындай түрде алынбаған ескертулер болмаған жағдайда ғана мақұлдануы мүмкін.
32. Комиссия:
1) қолданыстағы заңнамада жеткілікті түрде реттелген қоғамдық қатынастарды регламенттеуді көздейтін;
2) құқықтың негізгі қағидаттарына (адам құқықтарының басымдығы, заңдылық, тең құқықтылық, әділеттілік және т. б.) қайшы келетін;
3) реттеу нысанасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағына сәйкес келмейтін;
4) реттеушілік әсерге талдау жүргізу қажеттігі Кәсіпкерлік кодексте көзделген жағдайларда ол жүргізілмеген тұжырымдама жобаларын мақұлдай алмайды.
33. Комиссия отырысында мақұлданғаннан кейін тұжырымдама жобасы тұжырымдамаға айналады және әзірлеушінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуға жатады.
34. Заң жобасының тұжырымдамасы консультативтік құжатпен бірге бұдан әрі заң жобасына міндетті қосымшалар болып табылады.
5-тарау. Заң жобасын әзірлеу
35. Заң жобаларын әзірлеу олардың тұжырымдамалары негізінде және оларға қатаң сәйкестікте ғана жүзеге асырылады.
Заң жобасына Мемлекет басшысының елдегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы арнайы және жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ғана тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Өзге жағдайларда, егер заң жобасын әзірлеу процесінде заң жобасының тұжырымдамасына өзгерістер енгізу қажеттігі туындаса, мұндай мәселе әзірлеуші мемлекеттік органның өтініші бойынша Комиссияның отырысына шығарылады.
Комиссия көпшілік дауыспен мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) егер өзгерістер тұжырымдамалық сипатта болса, консультативтік құжатты осы Қағидаларда белгіленген рәсімдерді жүргізе отырып әзірлеуге жіберу;
2) егер өзгерістер құқықтық қатынастарды реттеу бойынша әзірленген тәсілдерді айтарлықтай өзгертпесе, сондай-ақ бұрын қаралмаған проблемалық мәселелерді шешуге бағытталмаса, заң жобасының тұжырымдамасына өзгерістерді осы Қағидаларда белгіленген консультативтік құжатты әзірлеу жөніндегі рәсімдерді жүргізбей мақұлдау.
36. Заң жобасын дайындау үшін әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен жұмыс тобы құрылады немесе тиісті бөлімшелерге тапсырма беріледі.
37. Жұмыс тобына нысаналы топтар өкілдерінің, заң жобасын дайындауға жауапты әзірлеушінің заң бөлімшесі қызметкерлерінің, заң жобасын іске асыру үшін қабылданатын заңға тәуелді актілердің жобаларын әзірлеу құзыретіне кіретін мемлекеттік органдар өкілдерінің және ЗҚАИ қызметкерлерінің қатысуы міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларын әзірлеуге ҰКП және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуы міндетті.
38. Заң жобаларын дайындауға ілімнің түрлі салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен өзге де ұйымдар, ғылыми қызметкерлер, коммерциялық емес және өзге де ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
Парламент депутаттары заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.
Әзірлеуші заң жобаларын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын, мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүргізген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін және басқа да материалдарды пайдалануға құқылы.
39. Жұмыс тобының сандық құрамын, отырыстарының жиілігін және жұмыс форматын әзірлеуші айқындайды.
Жұмыс тобының отырыстары қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық байланыс құралдары арқылы (онлайн режимде, бейнеконференцбайланыс және т.б. арқылы) ұйымдастырылуы мүмкін.
40. Заң жобасының мәтінімен бірге заң жобасын іске асыру үшін қабылданатын заңға тәуелді актілердің жобаларын әзірлеу жүргізіледі және тізбесі осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген ілеспе материалдар қалыптастырылады.
Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда бұл мемлекеттік орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын әзірлеуші органға ұсынады.
Бұл ретте заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу құзыретіне жататын мемлекеттік органдар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын тиісті сұрау салуды алған күннен бастап бір ай ішінде беруге тиіс.
Заң жобаларын уақтылы енгізу мақсатында әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберген кезде олардан өздері реттейтін қоғамдық құқықтық қатынастар саласында заңға тәуелді жаңа нормативтік құқықтық актіні әзірлеудің не заңға тәуелді қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізудің орындылығы туралы мәліметтерді (ақпаратты) міндетті түрде сұратуға тиіс.
Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу талап етілмесе, құзыретіне заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің осындай жобаларын әзірлеу жататын мемлекеттік органдар 5 (бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші органнан келіп түскен сұрау салуға тиісті жауап жіберуге тиіс.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары болмаған жағдайда заң жобаларында оларға сілтеме нормаларға жол берілмейді.
Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобасына қаржы-экономикалық есеп-қисаптар дайындалады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобасына түсіндірме жазбада заңның қолданысқа енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелері қамтылуға тиіс.
41. Әзірлеуші республикалық бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң жобасын және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қоспағанда, заң жобасы бойынша ғылыми құқықтық, экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да сараптамалар жүргізуге жіберілуін қамтамасыз етеді.
Бұл ғылыми сараптамалардың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
42. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобасына қатысты Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері реттеуші мемлекеттік органдардың жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарында орналастырылады.
43. Іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге алып келуі ықтимал заң жобасына Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында айқындалатын тәртіппен міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары міндетті сипатта болады.
44. Іске асырылуы республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуға немесе шығыстарын ұлғайтуға алып келетін заң жобасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысын алу талап етіледі.
45. Жұмыс тобының жұмысы аяқталғаннан кейін заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған салыстырма кестемен (заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны талқылауға арналған түсіндірме жазбамен бірге осы Қағидаларда регламенттелген тәртіппен ашық НҚА интернет-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында жария талқылау үшін орналастырылады.
Түсіндірме жазбаға әзірленген заң жобасының мәні мен мазмұнын көрнекі және түсінікті түрде көрсететін таныстырылымдар, схемалар қоса беріледі.
Заң жобалары бойынша ашық НҚА интернет-порталында талқылау және жария тыңдаулар тиісті заң жобасы ашық НҚА интернет-порталында жарияланғаннан кейін және осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес өткізіледі.
Әзірлеуші нысаналы топтардың өкілдерін, қоғамдық кеңестің, сараптамалық кеңестердің мүшелерін, ҰКП мен ЗҚАИ заң жобасының ашық НҚА интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабардар етеді және ұсынымдар, ескертулер, ұсыныстар немесе (сараптамалық) қорытындылар беруге шақырады.
Осы талаптар заң жобасы кейіннен әр орналастырылған және оны мүдделі мемлекеттік органдармен келіскен кезде қолданылады.
46. Әзірлеуші әлеуметтік маңызы бар заң жобасы әзірленген күннен бастап өзінің интернет-ресурсында (веб-сайтында) мемлекеттік және орыс тілдерінде баспасөз релизін орналастырады және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жария тыңдаулар өткізілуі мүмкін.
Әлеуметтік маңызы бар заң жобасы деп адамның және тұтастай алғанда қоғамның құқықтары мен мүдделерін тікелей немесе жанама түрде қозғайтын заң жобасын түсінген жөн.
47. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобалары оларды ҰКП және сараптамалық кеңес қарағанға дейін интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, БАҚ міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.
Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын, ҰКП-ның және сараптамалық кеңестердің сараптамалық қорытындыларын, ЗҚАИ қорытындыларын ұсыну үшін әзірлеушілер белгілейтін мерзім оларға хабарлама келіп түскен кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кем болмайды.
Қоғамдық кеңес, сараптамалық кеңестер, ҰКП және ЗҚАИ заң жобасына өз ұсынымдарын, қорытындыларын (сараптамалық) мемлекеттік және орыс тілдерінде ашық НҚА интернет-порталында орналастырады.
Қоғамдық кеңестің ұсынымдары, ҰКП-ның, сараптамалық кеңестің сараптамалық қорытындылары, ЗҚАИ қорытындылары ұсынымдық сипатта болады және заң жобасы қабылданғанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен кейіннен әрбір келісу кезінде оған міндетті қосымшалар болып табылады.
Әзірлеуші белгілеген мерзімде қоғамдық кеңес ұсынымдар, ҰКП және сараптамалық кеңестің мүшелері сараптамалық қорытындылар ұсынбаған жағдайда, заң жобасы ескертулерсіз келісілді деп есептеледі.
Әзірлеуші ұсынымдармен, қорытындымен (сараптамалық) келіскен жағдайда заң жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Ұсынымдармен, қорытындылармен (сараптамалық) келіспеген жағдайда, әзірлеуші орган келіспеу себептерінің негіздемесі бар ұстанымды қалыптастырады. Әзірлеуші он жұмыс күні ішінде ашық НҚА интернет-порталына қоғамдық кеңеске, ҰКП, ЗҚАИ, сараптамалық кеңеске тиісті хатты орналастырады
48. Заң жобасын жария талқылаулардың (ашық НҚА интернет-порталындағы жария талқылаулардың, жария тыңдаулардың) қорытындылары бойынша әзірлеуші осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп дайындайды. Кейіннен есеп заң жобасын қараудың барлық сатысында оған міндетті қосымша болып табылады.
Есеп ашық НҚА интернет-порталында орналастырылуға жатады.
49. Заң жобасын әзірлеу кезінде әзірлеуші заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын міндетті түрде әзірлейді.
Заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасында дайындалып жатқан, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын негізгі өзгерістерді кеңінен жария ету болып табылады.
Заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасында реттеу субъектілерінің енгізілетін немесе өзгертілетін құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, өзге де жаңалықтарды (шектеулі форматта жаңалықтардың сыналуын), ұсынылатын бастамалардың нормативтік-құқықтық, қаржы-экономикалық, инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін хабарлауды және түсіндіруді, ұсынылатын бастамаларды іске асыруға тартылған тұлғалардың ақпараттық-әдістемелік сүйемелденуін және олардың үйлестірілген жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іс-шаралардың толық тізбесі көзделуге тиіс.
Осы Қағидаларға 5-қосымшада көзделген азаматтарды хабардар ету жөніндегі іс-шаралар тізбесі ақпараттық сүйемелдеу мен түсіндірудің үлгілік бағдарламасы болып табылады. Ақпараттық сүйемелдеу мен түсіндірудің үлгілік бағдарламасының талаптары онда айқындалған индикаторларға сәйкес толық көлемде іске асырылуға тиіс, бұл ретте мемлекеттік органдар өздерінің ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларында міндетті іс-шаралармен қатар азаматтарды хабардар ету жөніндегі қосымша іс-шараларды қарастыра алады.
50. Талқылау қорытындысы бойынша пысықталған заң жобасын әзірлеуші заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын және келісуші мемлекеттік органдардың тізімімен қоса Әділет министрлігіне және БАҚ саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Әділет министрлігі заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын және келісуші мемлекеттік органдардың тізімін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келіседі (немесе келісуден бас тартады).
БАҚ саласындағы уәкілетті орган заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келіседі (немесе келісуден бас тартады).
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдармен келісілген заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын әзірлеуші органның бірінші басшысы бекітеді.
Заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын іске асыру туралы есеп Әділет министрлігіне және БАҚ саласындағы уәкілетті органға ұсынылады. Әділет министрлігі ұсынылған ақпаратты талдап қорытындылайды және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Премьер-Министр Кеңсесіне жібереді.
51. Заң жобасы бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы бекітілгеннен кейін дайындалған заң жобасы ілеспе құжаттармен бірге мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберіледі.
Ілеспе құжаттар деп мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған мынадай құжаттар түсініледі:
1) заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасы;
2) Үкімет қаулысының жобасына Үкімет Регламентінің талаптарына сәйкес дайындалған түсіндірме жазба;
3) заң жобасының мақсаттарын, міндеттерін және негізгі ережелерін егжей-тегжейлі сипаттайтын, жобаны қабылдау қажеттігін негіздейтін заң жобасына түсіндірме жазбаның жобасы;
4) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен бірге баптардың қолданыстағы және ұсынылып отырған редакцияларының салыстырма кестесі қоса беріледі.
Бұл ретте негіздемелерде Комиссия отырысында мақұлданған тұжырымдаманың нақты тармағына немесе ережесіне міндетті түрде сілтеме жасалады;
5) консультативтік құжат және заң жобасының мақұлданған тұжырымдамасы;
6) заң жобасын БАҚ-та, оның ішінде интернет желісінде талқылау және оларды пысықтау кезінде қоғамдық пікірді ескеру нәтижелері туралы анықтама.
Анықтамаға ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы және консультативтік құжат пен заң жобасын жария талқылау қорытындылары бойынша есептер қоса беріледі;
7) егер заң жобасын іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерінің қысқаруына немесе шығыстарының ұлғаюына, халықаралық көздерден гранттарды, қарыздарды тартуға немесе демеушілікке әкеп соқса, қаржы-экономикалық есеп-қисаптар;
8) заң жобасында реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми (құқықтық, экономикалық, лингвистикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да) сараптамалардың нәтижелері бойынша қорытындылар.
Ғылыми сараптаманың қорытындысымен келіспеген жағдайда, заң жобасын әзірлеуші тиісті қорытындымен келіспеу себептерінің сараптамалық, уәкілетті ұйымға жіберілген жазбаша дәлелді негіздемелерін қоса беруге тиіс;
9) консультативтік құжаттың жобалары және заң жобалары бойынша ЗҚАИ қорытындылары;
10) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заң жобасына ҰКП және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі;
11) егер заң жобасы азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болса, "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, оған заң жобасын қоғамдық кеңестермен талқылау ұсынымдары қоса беріледі;
12) республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заң жобаларына қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесі;
13) тиісті заңнамалық актінің қабылдануына байланысты өзгертілуге немесе күші жойылды деп танылуға тиіс заңнамалық актілердің тізбесі;
14) егер заң жобасының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт қабылдау қажет болса, оны іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары;
15) реттегіш құралды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін заң жобасына кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерге талдау жүргізу қажеттігі Кәсіпкерлік кодексте көзделген жағдайларда реттеушілік әсерді талдау нәтижелері қоса беріледі.
52. Заң жобасы келісуге жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар заң жобасы бойынша өз ескертулерін және (немесе) ұсыныстарын дайындауға немесе заң жобасын әзірлеген әзірлеуші органға олардың жоқтығы туралы хабарлауға тиіс.
Мемлекеттік органның, ұйымның заң жобасы бойынша ескертулері кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды қамтуға, негізделген және түпкілікті болуға тиіс.
Үкіметтің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасын келісу кезінде Әділет министрлігі заң жобасы бойынша заң жобасын жан-жақты пысықтау фактісінің белгіленуін және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша реттеу нысанасын ашуды қамтитын қорытынды береді.
Заң жобасы он жұмыс күні ішінде қаралады.
Кодекстердің жобалары: бастапқы түскен кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, екінші түскен кезде – егер Үкімет Регламентінде өзгеше белгіленбесе, 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.
53. Алынған ескертулер және (немесе) ұсыныстар бойынша заң жобасы пысықталады. Қабылданбаған ескертулер және (немесе) ұсыныстар бойынша әзірлеуші дәлелді негіздеме ұсынады.
Заң жобасына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар жұмыс тобымен бірге талқылануға тиіс.
Заң жобасын қайтадан келіскен кезде келісуші мемлекеттік органдар заң жобасының жаңа және (немесе) пысықталған ережелері бойынша ғана ескертулер және (немесе) ұсыныстар бере алады.
54. Заң жобасы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілгеннен кейін және ол Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілгенге дейін заң жобасы ашық НҚА интернет-порталында орналастырылады және ол бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу қамтамасыз етіледі.
55. Заң жобасын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу тәртібі Үкімет Регламентінде белгіленеді.
6-тарау. Пилоттық жоба
56. Пилоттық жоба заң жобасында ұсынылып отырған норманы сынау және оның тиімділік деңгейін айқындау мақсатында жүргізіледі.
57. Егер заң жобасында ұсынылып отырған құқық нормасы алдын ала сынауды талап ететін болса, онда бұл құқық нормасы өзі қамтылатын заңмен, оның қолданылуының белгілі бір мерзімдерімен шектеледі.
Сыналатын норма қолданылатын кезеңде уәкілетті орган сыналатын норманың тиімділігін бағалауды жүргізеді, оның барысында оң және теріс салдары, осындай реттеуді қолдануға әсер еткен әлеуметтік және өзге де факторлар, пилоттық жобаны жүргізуге байланысты жұмсалған шығыстар мен алынған кірістер айқындалады.
58. Сыналатын құқық нормасын қолдану практикасын талдауда мыналар:
1) сыналатын норманың қолданылу саласын айқындау;
2) сұрау салулар жіберу, сауалнама жүргізу, пікірлер жинау және т. б. арқылы құқық қолдану практикасында сыналатын норманың тиімділік деңгейін айқындау;
3) сыналатын норма қолданысқа енгізілгеннен кейінгі оң және теріс салдарын талдау;
4) сыналатын норма бойынша азаматтардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштерін талдау;
5) сыналатын норманы қолдану практикасына қатысты прокурорлық қадағалау актілерін талдау;
6) өтініштердің жиілігі мен қабылданған шешімдерді ескере отырып, сот актілерін талдау;
7) БАҚ-та және жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникация желілеріндегі интернет-ресурстарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде қамтылған ақпаратты талдау;
8) сыналатын норманың құқық қолдану практикасы бойынша статистикалық деректерді жинау және т. б. қамтылады.
59. Талдау қорытындылары бойынша әзірлеуші сыналанатын норманың тиімділік деңгейі туралы есеп жасайды, оған тиісті талдау жүргізу барысында жиналған барлық қажетті материалдар қоса беріледі.
Егер сыналанатын норма азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, есеп ҰКП-мен және (немесе) қоғамдық кеңестермен де келісіледі.
60. Талдау нәтижесі теріс болған кезде сыналатын норма пилоттық жоба шеңберінде ол қабылданған мерзім өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.
Талдаудың оң нәтижесі болған кезде әзірлеуші орган сыналатын норманы қабылдау туралы заң жобасын әзірлейді, оған міндетті түрде сыналанған норманың тиімділік деңгейі туралы есеп қоса беріледі.
7-тарау. Заң жобаларын әзірлеудің оңайлатылған тәртібі
61. Оңайлатылған тәртіппен әзірленетін заң жобаларына консультативтік құжатты және тұжырымдама жобасын әзірлеу жөніндегі талаптар қолданылмайды.
Заң жобаларын дайындаудың оңайлатылған тәртібі конституциялық емес, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заң нормаларына қатысты қолданылады.
62. Заң жобаларын әзірлеудің оңайлатылған тәртібі мыналарды:
1) заң жобасын дайындауды;
2) заң жобасын ашық НҚА интернет-порталында орналастыруды және осы Қағидаларға сәйкес заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісуді;
3) заң жобаларына лингвистикалық сараптама жүргізуді;
4) заң жобасын Үкіметке енгізуді және оны Үкімет Регламентіне сәйкес қарауды;
5) заң жобаларын Қазақстан Республикасының Президентімен заң жобаларын келісу қағидаларына сәйкес Президент Әкімшілігімен келісуді;
6) заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді;
7) заң жобаларын Парламент палаталарында қарау кезінде оларды ұсынуды және сүйемелдеуді қамтиды.
63. Конституциялық емес, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдардың нормаларына қатысты оңайлатылған тәртіппен әзірленетін заң жобасында Конституциялық Кеңестің шешімін іске асыруға бағытталған нормалар ғана қамтылуға тиіс.
8-тарау. Қабылданған заңды сүйемелдеу
64. Парламент заңды қабылдағаннан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей әзірлеуші орган қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын бекітеді, ол Әділет министрлігімен және БАҚ саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісіледі.
Қабылданған заң бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы реттеудің жаңа (өзгертілген) тәсілдерін енгізудің нақты мерзімдерін, реттеу субъектілерінің жаңа (өзгертілген) құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, нысаналы топтар, экономика және қоғам үшін күтілетін салдар, өзге де жаңалықтар (жаңалықтардың шектеулі форматта сыналуы), қабылданған тәсілдердің нормативтік-құқықтық, қаржы-экономикалық, инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі туралы хабардар етуді және түсіндіруді, қабылданған заңнамалық өзгерістерді іске асыруға тартылған тұлғаларды ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді және олардың үйлестірілген жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іс-шаралардың толық тізбесін көздеуге тиіс.
Осы Қағидаларға 9-қосымшада көзделген азаматтарды хабардар ету жөніндегі іс-шаралар тізбесі ақпараттық сүйемелдеу мен түсіндірудің үлгілік бағдарламасы болып табылады. Ақпараттық сүйемелдеу мен түсіндірудің үлгілік бағдарламасының талаптары онда айқындалған индикаторларға сәйкес толық көлемде іске асырылуға тиіс, бұл ретте мемлекеттік органдар өздерінің ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларында міндетті іс-шаралармен қатар азаматтарды хабардар ету жөніндегі қосымша іс-шараларды қарастыра алады.
65. Қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын іске асыру туралы есеп Әділет министрлігіне және БАҚ саласындағы уәкілетті органға ұсынылады. Әділет министрлігі ұсынылған ақпаратты талдап қорытындылайды және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Премьер-Министр Кеңсесіне жібереді.
66. Қабылданған заңның тиімділігін бағалауды қамтамасыз ету мақсатында әзірлеуші жыл сайын, заң қабылданғаннан кейін келесі бес жыл ішінде Әділет министрлігіне консультативтік құжатта көрсетілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу деңгейі туралы есеп беріп отырады.
Қабылданған заңның тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекiтiлген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актінің құқықтық мониторингі шеңберінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 1-қосымша |
"_____________________________________________" бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты
1. Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеу негіздері:
Бұл бөлім Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жыл сайынғы жолдауының ережелері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, Үкімет шешімдері, нормативтік құқықтық актінің құқықтық мониторингі және нормативтік құқықтық актілердің тиімділігін талдау нәтижелері, қоғамдық өмірдің тиісті салалары мен аяларында Қазақстан Республикасының заңнамасын, қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдарды, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпаратты қолдану практикасы ескеріле отырып толтырылады.
2. Шешу үшін заңнамалық реттеу талап етілетін проблеманы сипаттау:
Бұл бөлімде қолданыстағы заңнамалық реттеу шеңберіндегі құқық қолдану практикасын қоса алғанда, мемлекеттік реттеу саласындағы қазіргі проблемалардың қысқаша сипаттамасы келтіріледі. Проблемалардың толық сипаттамасы осы нысанның 9-бөлімінің "Ағымдағы жағдай" деген бағанында келтіріледі.
Проблеманы сипаттау кезінде әзірлеуші орган проблеманың негізгі себептерін және сипатталған проблеманың деңгейі мен маңыздылығын көрсететін нақты талдамалық ақпаратты ұсынады.
Проблемаларды сипаттау кезінде зерттеу, әлеуметтік сауалнамалар, халықаралық және өзге ұйымдардың алынған ұсыныстары және басқалар қолданылуы мүмкін. Бөлім осы Қағидалардың ережелері ескеріле отырып толтырылады.
Әзірлеуші сілтеме жасайтын барлық материалдар реттеушілік саясаттың консультативтік құжатына қосымша болып табылады.
Р/с | Проблемалық мәселе | Туындаған проблеманың негізгі себептері | Сипатталған проблеманың деңгейі мен маңыздылығын көрсететін талдамалық ақпарат |
1. | |||
2. |
3. Сипатталған проблеманы шешудің ұсынылған жолдары:
Бұл бөлімде әзірлеуші ұсынылып отырған шешімнің оң және теріс салдарын, оның ішінде реттеу субъектілері, бенефициарлар, мемлекет және басқа топтар үшін пайдалар мен шығындарды (материалдықтан да басқа), сондай-ақ шешімді қабылдауға байланысты туындайтын мүмкіндіктер мен тәуекелдерді сипаттай отырып, проблемаларды шешудің өз пайымын келтіреді. Бөлім осы Қағидалардың 16-тармағы 2) және 3) тармақшаларының және 17 – 23-тармақтарының ережелері ескеріле отырып толтырылады.
4. Проблеманы шешудің қарастырылған балама жолдары (егер ықтимал баламаларға талдау жүргізілсе):
Бұл бөлім, егер әзірлеуші орын алып отырған проблемаларды шешудің түрлі балама жолдарын, оның ішінде нысаналы топтардың, ұйымдардың ұсыныстары негізінде талдау жүргізсе, толтырылады. Бөлім осы нысанның 3-бөліміне ұқсас толтырылады.
5. Жария талқылауға арналған нысаналы топтар:
Бөлімде проблемалардың әзірлеуші ұсынып отырған шешімдері әсер ететін болжамды реттеудің нысаналы топтарының толық тізбесі көрсетіледі. Бұл ретте әр топқа тікелей немесе жанама әсерінің сипаты сипатталады. Сондай-ақ нысаналы топтардың қазіргі өкілдері олармен консультациялар өткізу үшін көрсетіледі.
6. Нысаналы топтарды хабардар ету тәсілдері:
Бөлімде осы Қағидаларда көзделген алдағы жария талқылаулар туралы нысаналы топтарды хабардар ету тәсілдері сипатталады. Хабардар ету тәсілдерін әзірлеуші өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, барлық мүдделі субъектілерге ақпаратты неғұрлым тиімді жеткізуді қамтамасыз ететіндей етіп таңдауға тиіс.
7. Жария талқылау тәсілі:
Реттеу жоспарланып отырған қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты талқылаулар осы Қағидаларда белгіленген бір немесе бірнеше тәсіл пайдаланыла отырып жүргізілуі мүмкін.
Оларды жүргізудің реттілігін әзірлеуші өзі айқындайды.
8. Ағымдағы жағдайды, халықаралық тәжірибені және реттеудің ұсынылатын тетіктерін талдау:
Р/с | Ағымдағы жағдай | Халықаралық тәжірибе | Ұсынылатын реттеу |
1. | |||
2. |
Бөлім осы Қағидалардың 6 – 17-тармақтарының ережелері ескеріле отырып толтырылады. Проблемалардың әрбір бағыты бойынша жеке жол толтырылады. Егер бір бағыттың ішінде бірнеше дербес блок болса, онда әрбір блок жеке жолға жазылады.
Ұсынылып отырған реттеу тетіктері бойынша ықтимал салдарды есептеу осы нысанның 9-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
9. Проблеманы өлшеу индикаторлары және күтілетін нәтижелер:
Бұл бөлімде проблемалардың ауқымын, сондай-ақ қажетті шаралар қабылданғаннан кейін, оның ішінде заңнамалық ресімдеу бойынша реттеудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін нақты, басым цифрлық индикаторлар қамтылуға тиіс.
Бұл бөлімде әзірлеуші орган алдағы бес жыл бойынша күтілетін нәтижелерді көрсетуге тиіс. Бұл ретте енгізілген реттеудің тиімділігін кейіннен бағалау мақсатында мұндай нәтижелер негізінен сандық есеппен басым берілуге тиіс.
Р/с № | Ағымдағы көрсеткіштер | 1 жылда қол жеткізілетін нәтижелер (заң қабылданғаннан кейін) | 2 жылда қол жеткізілетін нәтижелер (заң қабылданғаннан кейін) | 3 жылда қол жеткізілетін нәтижелер (заң қабылданғаннан кейін) | 4 жылда қол жеткізілетін нәтижелер (заң қабылданған нан кейін) | 5 жылда қол жеткізілетін нәтижелер (заң қабылданғаннан кейін) |
1. | ||||||
2. |
Бөлім осы Қағидалардың 9-тармағының ережелері ескеріле отырып толтырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 2-қосымша |
"______________________________" бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын жария талқылаулардың қорытындылары жөніндегі есеп
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының жарияланған күні _______
Жария талқылауларды өткізілетін күн (күндер):
Ашық НҚА порталында жария талқылаулар ______
Көпшілік тыңдаулар ______
Пікірсайыс_____
Жария талқылаулар аяқталатын күн (күндер):
Ашық НҚА порталында жария талқылаулар ______
Көпшілік тыңдаулар ______
Пікірсайыс_____
Жария талқылаулар өткізу нысаны (нысандары) _______
Ашық НҚА порталында жария талқылаулар ______
Көпшілік тыңдаулар ______
Пікірсайыс_____
Барлық түскен ескертулер мен ұсыныстар _____
Оның ішінде, қабылданды ____
Қабылданған жоқ (қабылданбау негіздері) _____
Келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар кестесі
Р/с | Автор | Ұсыныс / ескерту | МО ұстанымы | Ескертпе |
1. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына түскен ескертулер және (немесе) ұсыныстар | ||||
1.1. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, жария талқылау процесінде (ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына) түскендер | ||||
1. | ||||
2. | ||||
1.2. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, пікірсайыстарда немесе жария тыңдауларда тікелей түскендер | ||||
1. | ||||
2. | ||||
2. Қоғамдық кеңес мүшелерінен түскендер | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. Сараптамалық кеңес мүшелерінен түскендер | ||||
1. | ||||
2. | ||||
4. ҰКП-дан түскендер | ||||
1. | ||||
2. | ||||
5. Аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардан түскендер | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
6. Заңнама және құқықтық ақпарат институтынан келіп түскендер | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. |
Бұл ретте әзірлеуші орган есепте жария талқылау шеңберінде жүргізілген басқа да жұмыстарды сипаттауы мүмкін.
* Есептің 1.1, 2-5-бөлімдерін қалыптастыру автоматты түрде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.
1.2-бөлімді әзірлеуші қалыптастырады және осы есепке енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 3-қосымша |
"________________________________________________" заңының жобасы тұжырымдамасының жобасы
1. Заң жобасының атауы.
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі
3. Жария талқылау нәтижелері
Р/с | Ұсынылған шешім | Қоғамның (нысаналы топтардың) көзқарасы |
1. | ||
2. |
4. Заң жобасының қабылдау мақсаттары.
5. Заң жобасын реттеу нысанасы.
6. Заң жобасының құрылымы мен мазмұны.
7. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар.
8. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары.
9. Басқа заңнамалық актілерді әзірленетін заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 4-қосымша |
"______________________________" заңының жобасы тұжырымдамасының жобасын жария талқылаудың қорытындылары жөніндегі есеп
Заң жобасы тұжырымдамасы жобасының ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланған күні _______
Жария талқылаулар өткізілетін күн (күндер) ______
Жария талқылаулар аяқталатын күн (күндер) ______
Барлық түскен ескертулер мен ұсыныстар _____
Оның ішінде, қабылданды ____
Қабылданған жоқ (қабылданбау негіздері) _____
Келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар кестесі
Р/с № | ВАК мүшесі | Ұсыныс / ескерту | МО ұстанымы | Ескертпе |
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
7. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына түскен ескертулер және (немесе) ұсыныстар | ||||
7.1. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, жария талқылау процесінде (ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында) түскендер | ||||
Р/с № | Авторы | Ұсыныс / ескерту | МО ұстанымы | Ескертпе |
1. | ||||
2. |
Бұл ретте әзірлеуші орган есепте жария талқылау шеңберінде жүргізілген басқа да жұмыстарды сипаттауы мүмкін.
* Есептің 1.1, 2-5-бөлімдерін қалыптастыру автоматты түрде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.
1.2-бөлімді әзірлеуші қалыптастырады және осы есепке енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің | |
заң шығару жұмысының қағидаларына | |
5-қосымша |
Заң жобасын ақпараттық сүйемелдеудің және түсіндірудің үлгі бағдарламасы
Р/с | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Мерзімі | Нысаналы индикатор | Жауаптылар | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ұйымдастыру жұмысы | ||||||||||
1. | Заңды әзірлеушілер, баспасөз қызметі және өзге де құрылымдық бөлімшелер арасында үздіксіз және тиімді жұмысты қамтамасыз ету | ішкі бұйрық/қағидалар/алгоритм | әзірлеуші орган | |||||||
2. | Қызмет саласын көрсете отырып, әзірлеушілердің Т.А.Ә. мен байланыстары көрсетілген тізімді дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу (әсіресе, бұл ведомствоаралық заң жобаларына қатысты) | заң жобасын әзірлеуге жауапты лауазымды тұлғалардың тізімі | ашық НҚА порталында жарияланған күнге дейін 5 жұмыс күні қалғанда | әзірлеуші орган | ||||||
3. | Спикерлер тізімін (Т.А.Ә., байланыстары, қызмет саласы, қолайлы тіл көрсетіле отырып) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу. Спикерлер тізімі әзірлеушілерден, жұмыс тобының мүшелерінен, осы саладағы сарапшылардан, қоғам белсенділерінен тұруы тиіс | спикерлер тізімі | ашық НҚА порталында жарияланған күнге дейін 5 жұмыс күні қалғанда | 1 тізімнен кем емес | әзірлеуші орган | |||||
3. | Әлеуетті тәуекелдер (ұйымдастырушылық, заңдық, әлеуметтік) бойынша ақпаратты дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | тәуекелдерді талдау | ашық НҚА порталында жарияланған күнге дейін 5 жұмыс күні қалғанда | кемінде 1 талдамалық жазба | әзірлеуші орган | |||||
4. | Жиі қойылатын сұрақтарды талдауды және оларға жауаптарды БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу және әзірлеуші органның сайтына орналастыру | ақпаратты жариялау | НҚА ашық талқылауының бүкіл мерзімі ішінде (бірінші аптаның қорытындысы бойынша, екінші аптаның қорытындысы бойынша, үшінші аптаның қорытындысы бойынша, төртінші аптаның қорытындысы бойынша) | кемінде 2 ақпараттық-анықтамалық материал | әзірлеуші орган | |||||
5. | Ақпараттық өріске тұрақты мониторинг жүргізу | мониторингтік қызмет | НҚА ашық талқылаудың бүкіл мерзімі ішінде | ақпараттық-анықтамалық материалдар | әзірлеуші орган | |||||
6. | Заң жобасының негізгі аспектілерін ілгерілету және түсіндіру бойынша медиа-өнімдерді (ақпараттық кесте, теле-кесте, бейнероликтер және т. б.) қажеттігіне қарай дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | ақпараттық кесте және бейнероликтер | ашық НҚА порталында жарияланған күнге дейін 5 жұмыс күні қалғанда | мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 2 медиа-өнім |
әзірлеуші орган | |||||
Ақпараттық жұмыс | ||||||||||
1. | Заң жобасы бойынша браузерлерде іздестіру үшін түйін сөздер тізбесін әзірлеу және мемлекеттік органдар сайттарының шоғырландырылған жүйесін үйлестірушіге беру | түйін сөздер тізбесі | ашық НҚА порталында жарияланған күнге дейін 5 жұмыс күні қалғанда | 1 тізбеден кем емес | әзірлеуші орган | |||||
2. | НҚА жобасын әзірлеуші органның өз ресурстарында түсіндірме жазбаны, НҚА жобасына байланысты заңға тәуелді актілердің тізбесін, қызмет саласын көрсете отырып, әзірлеушілердің Т.А.Ә. және байланыстарын орналастыру | әзірлеуші органның өз ресурстарында жариялау | Ашық НҚА порталында жарияланғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде | сайт бойынша және Google, Yandex, Mail, Explorer іздеу жүйелерінде іздеу мүмкіндігі бар бір сілтемемен кемінде 5 құжат | әзірлеуші орган | |||||
3. | Әзірлеуші органдардың бірінші басшыларының жеке парақшаларында және әлеуметтік желілерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде үлгілік хабарлама орналастыру | хабарламаны әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда жариялау | ашық НҚА порталында жарияланғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде | әлеуметтік желілердің кемінде 2 түрін қамту | әзірлеуші орган | |||||
4. | Түсіндірме жазбаны, заң жобасын, заңға тәуелді актілер тізбесін, баспасөз конференциясын өткізудің орындылығы туралы шешім қабылдау үшін тәуекелдерді талдауды дайындау және Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне жіберу | ақпараттық-анықтамалық материалдар | ашық НҚА порталында жарияланғаннан кейін 10-шы күні | ақпараттық-анықтамалық материалдар |
әзірлеуші орган, | |||||
5. | Медиа-өнімдерді (ақпараттық кестені, бейнероликтерді) дайындау және өз ресурстарында, бірінші басшылардың әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшаларда орналастыру | ақпараттық кесте мен бейнероликтерді жариялау | ашық НҚА порталында жарияланғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде | кемінде 3 ресурста кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган | |||||
6. | Заң жобасын сараптамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру | сарапшыларды тарту | ашық НҚА порталында жарияланғаннан кейін | кемінде 3 ресурста кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган | |||||
7. | Әлеуметтік желілердегі онлайн-алаңдарда заң жобасының тақырыбын талқылау | әлеуметтік желілердегі онлайн-алаңдар | ашық НҚА порталында жарияланғаннан кейін | кемінде 2 талқылау | әзірлеуші орган | |||||
8. | БАҚ-та мақалалардың қазақ және орыс тілдерінде шығуын ұйымдастыру | интернет-порталдардағы және баспа басылымдарындағы мақалалар | талқылау барысы бойынша ақпаратты жаңарта отырып, талқылаудың бүкіл кезеңі | интернет-ресурстарда кемінде 2 мақала және баспа басылымдарында мақала |
әзірлеуші орган, | |||||
9. | Әзірлеуші орган берген ақпараттық кестелер мен бейнероликтерді БАҚ-та және әлеуметтік желілерде орналастыру (қажет болған кезде) | БАҚ-та және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар | талқылау барысы бойынша ақпаратты жаңарта отырып, талқылаудың бүкіл кезеңі | әлеуметтік желілерде кемінде 5 мың пайдаланушыны қамтитын кемінде 2 жарияланым |
әзірлеуші орган, | |||||
10. | Орталық коммуникациялар қызметінің заң жобасын түсіндіру жөніндегі брифингтерін ақпараттық сүйемелдеу | мемлекеттік БАҚ-тың жаңалықтар блоктарындағы сюжеттер | брифинг өткізілгеннен кейін | кемінде 2 сюжет |
әзірлеуші орган, | |||||
11. | Республикалық және өңірлік телеарналардың бағдарламаларында заң жобасы бойынша сұхбаттарды талқылауды және шығаруды ұйымдастыру (қажеттілігіне қарай) | ток-шоу, интерактивтік және ақпараттық талдамалық бағдарламалар | заң жобасын талқылаудың бүкіл кезеңі | кемінде 3 бағдарлама |
әзірлеуші орган, | |||||
12. | Заң жобасын түсіндіру жөніндегі ақпараттық және талдамалық материалдардың интернет-ресурстарда шығуы | материалдардың интернет-ресурстарда шығуы | заң жобасын талқылаудың бүкіл кезеңі | кемінде 5 материал | әзірлеуші орган |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына салыстырмалы кесте
Р/с № | Құрылымдық бөлігі | Қолданыстағы редакция | Ұсынылатын редакция |
Негіздеме |
1. | ||||
2. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 7-қосымша |
"________________________________________________" заңының жобасын талқылау бойынша түсіндірме жазба
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы;
тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкімет басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, заң жобасын қабылдау үшін негіздер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері;
заң жобасының мақсаттары, міндеттері және негізгі ережелері;
жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар;
күтілетін нәтижелердің мерзімі;
жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда – Республикалық бюджет комиссиясының шешімі;
егер заң жобасы кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заңның қолданысқа енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелері.
* Талқылау үшін заң жобасына түсіндірме жазба заң жобасының барлық негізгі ережелері туралы жалпы мәліметтер алуға және жұртшылықтың болашақ реттеушілік саясат туралы хабардар болуына ықпал етуге мүмкіндік беретін барынша қысқа, нақты және қарапайым нысанда жазылуы тиіс.
Мағыналық жүктемесі жоқ декларативтік сипаттағы ережелерді енгізуге, қабылдануы күрделі сөздер мен сөз тіркестерін, метафораларды қолдануға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 8-қосымша |
"________________________________________________" заңының жобасын жария талқылаулардың қорытындылары бойынша есеп
Заң жобасының ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланған күні _______
Барлық түскен ескертулер мен ұсыныстар _____
Оның ішінде, қабылданды ____
Қабылданған жоқ (қабылданбау негіздері) _____
Жария талқылаулар өткізілген күні (күндері) (өткізілсе) ______
Келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар кестесі
Р/с | Автор | Ұсыныс / ескерту | МО ұстанымы | Ескертпе |
1. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына келіп түскен ескертулер және (немесе) ұсыныстар | ||||
1.1. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, жария талқылау процесінде (ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына) түскендер | ||||
1. | ||||
2. | ||||
1.2. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, жария тыңдауларда тікелей түскендер | ||||
1. | ||||
2. | ||||
2. Қоғамдық кеңес мүшелерінен түскендер | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. Сараптамалық кеңесінің мүшелерінен түскендер | ||||
1. | ||||
2. | ||||
4. ҰКП-дан түскендер | ||||
1. | ||||
2. | ||||
5. Аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардан түскендер | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
6. Заңнама және құқықтық ақпарат институтынан түскендер | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. |
Бұл ретте әзірлеуші орган есепте жария талқылау шеңберінде жүргізілген басқа да жұмыстарды сипаттауы мүмкін.
* Есептің 1.1, 2-5-бөлімдерін қалыптастыру автоматты түрде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.
1.2-бөлімді әзірлеуші орган қалыптастырады және осы есепке енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 9-қосымша |
Қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеудің үлгі бағдарламасы
РР/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Мерзімі | Нысаналы индикатор | Жауаптылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
---|---|---|---|---|---|
Ұйымдастыру жұмысы | |||||
1. | Заңды әзірлеушілер, баспасөз қызметі және өзге де құрылымдық бөлімшелер арасында үздіксіз және тиімді жұмысты қамтамасыз ету | ішкі бұйрық/қаулы/алгоритм | әзірлеуші орган | ||
2. | Күшіне енетін күнін көрсете отырып, қабылданған заңды, түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, мерзімі ұзартылған нормалардың тізбесін дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | құжаттар топтамасы | ресми жарияланғаннан кейін 3 күн ішінде | әзірлеуші орган | |
3. | Қызмет саласын көрсете отырып, әзірлеушілердің байланыстары бар Т.А.Ә. тізімін (әсіресе, бұл ведомствоаралық заң жобаларына қатысты) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | заңды әзірлеуге жауапты лауазымды тұлғалардың тізімі | ресми жарияланғаннан кейін 3 күн ішінде | әзірлеуші орган | |
4. | Спикерлер тізімін (Т.А.Ә., байланыстар, қызмет саласы, қолайлы тіл көрсетіле отырып) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу. Спикерлер тізімі әзірлеушілерден, нысаналы топтан, осы саладағы сарапшылардан, қоғам белсенділерінен тұруы тиіс | спикерлер тізімі | ресми жарияланғаннан кейін 3 күн ішінде | әзірлеуші орган | |
5. | Заңды іске асыруға байланысты ықтимал тәуекелдерді (ұйымдастырушылық, заңдық, әлеуметтік) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | тәуекелдерді талдау | ресми жарияланғаннан кейін 3 күн ішінде | кемінде 1 талдамалық жазба | әзірлеуші орган |
6. | Ақпараттық өріске тұрақты мониторинг жүргізу | мониторингтік қызмет | ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 1 ай ішінде | ақпараттық-анықтамалық материалдар | әзірлеуші орган |
| Заң жобасының негізгі аспектілерін ілгерілету және түсіндіру бойынша медиа-өнімдерді (ақпараттық кестені, телекестелерді, бейнероликтерді және т. б.) дайындау және қажеттігіне қарай БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | медиа-өнімдер | ресми жарияланғаннан кейін 3 күн ішінде | мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 2 ақпараттық кесте және 1 бейнеролик (қажет болған жағдайда) | АҚДМ әзірлеуші орган (келісу бойынша) |
Ақпараттық жұмыс | |||||
1. | Заң бойынша браузерлерде іздестіру үшін түйін сөздер тізбесін әзірлеу және мемлекеттік органдар сайттарының шоғырландырылған жүйесін үйлестірушіге беру | түйін сөздер тізбесі | ресми жарияланғаннан кейін 3 күн ішінде | кемінде 1 тізбе | әзірлеуші орган |
2. | Заңды әзірлеуші органның өз ресурстарында түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, күшіне енгізілетін күнін көрсете отырып, мерзімі ұзартылған нормалардың тізбесін орналастыру | әзірлеуші органның өз ресурстарында жариялау | ресми жарияланғаннан кейін 3 күн ішінде | сайт бойынша және Google, Yandex, Mail, Explorer іздеу жүйелерінде іздеу мүмкіндігімен бір сілтеменің барлық тізімі | әзірлеуші орган |
3. |
Әзірлеуші органның бірінші басшыларының жеке парақшаларында және әлеуметтік желілерде үлгілік хабарламаны мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру Мысалы: "Бүгіннен бастап "........ туралы" Заң күшіне енеді. Бұл Заң ... бағытталған. | ведомстволардың бірінші басшыларының әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында хабарлама жариялау | ашық НҚА порталында жарияланғаннан кейін 3 күн ішінде | бірінші басшылардың әлеуметтік желілерінің кемінде 2 түрін қамту | әзірлеуші орган |
4. | Қол қойылған Заңды, түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, тәуекелдерді талдауды, ақпараттық өрісті талдауды, Баспасөз конференциясын өткізудің орындылығы туралы шешім қабылдау үшін кейінге қалдырылғандардың тізбесін дайындау және Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне жіберу | Орталық коммуникациялар қызметінің атына құжаттар топтамасымен хат | қажет болған кезде | баспасөз-конференциясы |
әзірлеуші орган |
5. | Әзірленген ақпараттық кестелер мен бейнероликтерді бірінші басшылардың әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларына орналастыру | ақпараттық кесте мен бейнероликтерді жариялау | ашық НҚА порталында жарияланғаннан кейін 3 күн ішінде | кемінде 2 ресурста кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган |
6. | БАҚ-та және интернет-ресурстарда қазақ және орыс тілдерінде мақалалардың шығуын ұйымдастыру | БАҚ-тағы және интернет-порталдардағы мақалалар | ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 1 ай ішінде | қазақ және орыс тілдерінде кемінде 2 мақала |
әзірлеуші орган, |
7. | Әзірлеуші орган берген БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ақпараттық кесте мен бейнероликтерді орналастыруды ұйымдастыру (қажет болған жағдайда) | БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар | ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 1 ай ішінде | кемінде 5 мың пайдаланушыны қамти отырып, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган |
8. | Орталық коммуникациялар қызметінің заң жобасын түсіндіру жөніндегі брифингтерін ақпараттық сүйемелдеу | мемлекеттік БАҚ жаңалықтар блоктарындағы сюжеттер | брифинг өткізілгеннен кейін | кемінде 2 сюжет |
әзірлеуші орган, |
9. | Республикалық және өңірлік телеарналардың бағдарламаларында заң жобасы бойынша сұхбаттарды талқылауды және шығаруды ұйымдастыру (қажеттілігіне қарай) | ақпараттық-талдамалық бағдарламалар | заң жобасын талқылаудың бүкіл кезеңі | кемінде 3 бағдарлама |
әзірлеуші орган, |
10. | Заң жобасын сараптамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру | сарапшыларды тарту | ашық НҚА порталында жарияланғаннан кейін | баспа басылымдарында кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган |
11. | Қабылданған заңды республикалық және өңірлік телеарналарда талқылау және түсіндіру жөніндегі мамандандырылған бағдарламалардың шығуын қамтамасыз ету (қажет болған жағдайда) | ақпараттық-талдамалық бағдарламалар | заң жобасын талқылаудың бүкіл кезеңі | кемінде 3 бағдарлама | АҚДМ |