"Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және "Мәліметтерді таратылу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 шiлдедегi № 488 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 641 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 679 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері);

      2) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері – кәсіпкерлік субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің ортақ мүдделерін білдіру және қорғау мақсатында құратын қауымдастықтар (одақтар);

      3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;

      4) қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шара – Қазақстан Республикасынан шыққан импортқа қатысты үшінші тарап енгізетін және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын шара;

      5) мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;

      6) сауда шарасы – арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шаралары;

      7) тергеп-тексеру – Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды енгізу алдында тергеп-тексеру жүргізетін үшінші тараптың құзыретті органы жүзеге асыратын рәсім;

      8) тергеп-тексеру материалдары – тергеп-тексеру шеңберінде қабылданатын шешімдер туралы хабарламалар, өндірушінің немесе өндірушілердің өтініші, үшінші тараптың құзыретті органының сауалнамасы (сұрау салулары), тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған баяндама және тергеп-тексерулер шеңберінде сұратылатын және (немесе) ұсынылатын басқа да ақпарат;

      9) уәкілетті орган – сауда қызметі саласында сауда саясатын қалыптастыратын және басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) үшінші тараптың құзыретті органы – Қазақстан Республикасынан шыққан тауарларға қатысты сауда шаралары мен қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды енгізу алдында тергеп-тексеруді жүргізетін шет мемлекеттің, шет мемлекеттер одағының мемлекеттік органы.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібі";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексеру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, оның ішінде:

      1) мемлекеттік органдарды үшінші тараптың құзыретті органдарының Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты тергеп-тексеруді жүргізуді бастағаны туралы хабардар етеді;

      2) үшінші тараптың құзыретті органынан тергеп-тексеру материалдарын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тергеп-тексеру материалдарын мемлекеттік органдарға жібереді;

      3) мемлекеттік органдар, кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері, квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынған ақпаратын ескере отырып, сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды енгізудің Қазақстан Республикасы экономикасының (отандық өндіріс) жай-күйіне ықтимал әсеріне талдау жүргізеді;

      4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан тарапының түпкілікті шоғырландырылған ұстанымын (түсініктемелерін, дәлелдерін) және үшінші тараптың құзыретті органдарының сауалнамасына жауаптарды қалыптастырады;

      5) Қазақстан Республикасының түпкілікті ұстанымын тұжырымдау үшін уәкілетті орган қалыптастырған шоғырландырылған ұстаным бойынша мемлекеттік органдардың қағидаттық келіспеушіліктері болған жағдайда тергеп-тексеру материалдарын Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қарауына шығарады;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен үшінші тараптың құзыретті органына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы ресми, оның ішінде құпия сипаттағы ұсыныстар, аргументтер, ұстанымдар мен (немесе) сұрау салулар жібереді;

      7) тергеп-тексеру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен консультациялар мен кеңестер өткізеді;

      8) үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тексеру сапарында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын ұйымдастырады;

      9) үшінші тараптың құзыретті органымен жүргізілетін тергеп-тексеру шеңберінде консультацияларға, кездесулерге, келіссөздерге және жария тыңдауларға қатысады;

      10) жүргізілетін тергеп-тексеру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен, шет мемлекеттердің өкілдерімен, шет мемлекеттер одақтарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде:

      1) тергеп-тексеру жүргізу мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау мақсатында мемлекеттік орган басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі жауапты лауазымды тұлғаны айқындайды;

      2) уәкілетті органнан келіп түскен тергеп-тексеру материалдарын қарайды, егер сұрау салуда өзге мерзім көрсетілмесе, оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сұратылып отырған ақпаратты, қалыптастырылған ұстанымды, сауалнамаға жауаптарды, статистикалық деректерді және үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексеру бойынша қазақстандық ұстанымды қалыптастыру және Қазақстан Республикасының (отандық өндірістің) экономика саласының жай-күйіне сауда шарасын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараны енгізудің ықтимал әсеріне талдау жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты, оның ішінде құпия (таратылуы шектелген) ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;

      3) қажет болған жағдайда уәкілетті органның сұрау салуы бойынша үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексерулерге, тергеп-тексеру мәселелері бойынша тыңдауларға, консультацияларға, кеңестерге, тексеру сапарларына қатысады;

      4) өз құзыреті аясында уәкілетті органның сұрау салуы бойынша үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексеруге жататын мәселелер бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Уәкілетті орган қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолданар алдында тергеп-тексеру шеңберінде мемлекеттік органдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен, кәсіпкерлік субъектілерінен және олардың бірлестіктерінен қосымша ақпарат сұратады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин