"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) жетекшілік ететін уәкілетті орган болып;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорын жарғысын бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. "Ұлттық аккредиттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) таратылсын.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті серіктестіктің кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпорынның балансына берсін.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
7. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 439 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Нұр-Сұлтан қ." деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-83 жол алып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне" деген бөлімде:
"Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне" деген кіші бөлім алып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикаы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Ұлттық аккредиттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деген жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны".
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 439 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Аккредиттеу жөніндегі органды белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1338 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 773 қаулысы.
2. "Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидаларын және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1770 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 28-тармағы.