Бизнес-әріптестер тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 372 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 697 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.08.2023 № 697 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 25-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бизнес-әріптестер тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 3 маусымдағы
№ 372 қаулысымен
бекітілген

Бизнес-әріптестер тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бизнес-әріптестер тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 25-1-бабының 4-тармағына, "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына, 11-бабы 1-тармағының 3-3) тармақшасына, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заң) 9-бабының 9-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және бизнес-әріптестердің тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алдын ала индекс – кәсіпкерлік субъектісінің адалдығын көрсететін, бір мемлекеттік органның мәліметтерін пайдалана отырып есептелген скоринг индексінің бір бөлігі. Алдын ала индекс ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және салықтық, кедендік құпиялар мен дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Алдын ала индексті есептеу тиісті мемлекеттік органның қорғалған периметрінде жүзеге асырылады;

      2) әлеуетті контрагент – кәсіпкер мәміле жасасуды жоспарлап отырған заңды тұлға не дара кәсіпкер;

      3) бизнес-әріптестер тізілімі – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттандыру объектілерімен интеграцияланған, кәсіпкерлік субъектілері туралы заңмен қорғалатын құпияны құрамайтын мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;

      4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

      5) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде қызметін дербес кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҰКО) – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;

      7) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті (интернетке қол жеткізе алатын жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің талап етілетін ақпараттық қауіпсіздік деңгейін сақтай отырып, өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;

      8) скоринг индекстері ‒ кәсіпкерлік субъектісінің адалдығын талдау кезінде қолданылатын және кәсіпкерлік субъектісімен іскерлік қатынастарға түсуге байланысты тәуекелдерді көрсететін индекстер жиынтығы. Скоринг индекстер бизнес-әріптестер тізілімінің ақпараты негізінде қалыптастырылады;

      9) "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) − "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;

      10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Бизнес-әріптестер тізілімі кәсіпкерлерге әлеуетті контрагенттің адалдығын өз бетінше бағалау мүмкіндігін беруге арналған.

      4. Бизнес-әріптерстер тізілімінің пайдаланушылары жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

      5. Кәсіпкерлік субъектілерінің адалдығын бағалауды бизнес-әріптестер тізілімінде ұсынылған ақпарат негізінде пайдаланушылар дербес жүзеге асырады.

2-тарау. Бизнес-әріптестер тізілімін жасау тәртібі

      6. Бизнес-әріптестер тізілімін Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) жасайды.

      7. Бизнес-әріптестер тізілімін пайдаланушы кәсіпкерлік субъектісі туралы мынадай мәліметтерді алады:

      мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен және ашық дереккөздерден алынған деректерге негізделген кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер қамтылған есеп;

      кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес қалыптастыратын тізілімдерге, тізімдерге, тізбелерге енгізілгені туралы ақпарат.

      8. Бизнес-әріптестер тізілімі жүйесінің ЭҮШ-мен ақпарат алмасуы электрондық хабарламалар арқылы ҰКО берген ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, "сұрау-жауап" режимінде жүзеге асырылады.

      9. Ақпарат алмасуға қатысушылар (бұдан әрі – қатысушылар) ақпараттық жүйелердің жұмысындағы техникалық іркілістер мен технологиялық үзілістерді қоспағанда, өзара іс-қимыл сервисіне тәулік бойы рұқсат береді, ақпараттық жүйелердің жұмысында технологиялық үзіліс жоспарланып отырған қатысушы бұл туралы басқа қатысушыларды жұмыс басталғанға дейін кемінде 36 сағат бұрын хабардар етеді.

      Ақпараттық жүйелердің иелері ‒ мемлекеттік органдар және бизнес-әріптестердің тізілімі ақпараттық жүйесінің иесі − ҰКП ақпарат алмасудың қатысушылары болып табылады.

      10. Ақпарат алмасу кезінде ақпаратты қорғау "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 9-3) тармақшасына және "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      11. Бизнес-әріптестер тізілімін пайдаланушыларға кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін скоринг индекстері қолжетімді:

      салық төлеушінің адалдық индексі – әлеуетті әріптестің шот-фактураны және (немесе) өзге де құжатты жазып беру жөніндегі іс-әрекеттерді сот немесе қылмыстық қудалау органының ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулысымен іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жасалған деп тануы мүмкін мәмілелерді (операцияларды) қолдануы ықтималдығының көрсеткіші;

      қаржылық орнықтылық индексі – контрагенттің қаржылық проблемаларға байланысты өз міндеттемелерін орындай алмау ықтималдығының көрсеткіші;

      төлем тәртібі индексі – кәсіпкердің контрагенттен төлем алуында проблемалар туындауы ықтималдығының көрсеткіші;

      іскерлік бедел индексі – барлық факторлардың жиынтығын біріктіретін жиынтық көрсеткіш.

      12. Бизнес-әріптестер тізілімінде скоринг индекстерін есептеу жөніндегі сервис қамтылған.

      13. Бизнес-әріптестер тізілімінің скоринг индекстері пайдаланушының сұратуы бойынша мемлекеттік органдардан, ашық ақпарат көздерінен алынған ақпарат негізінде есептеледі.

      14. Салықтық, кедендік құпияны құрайтын мәліметтерді және дербес деректер пайдаланылатын скоринг индекстерін есептеу кезінде алдын ала индекстер қолданылады.

      15. Алдын ала индекстерді есептеуді салықтық, кедендік құпия және дербес деректер болып табылатын мәліметтердің иесі ‒ мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      16. Алдын ала индекстер кәсіпкерлік субъектісіне санмен берілген тәуекел мәнін не тәуекелдің белгілі бір санатына жатқыза отырып (жоғары, орташа, төмен), тәуекелдің сандық мәнін беруді білдіреді.

      17. Есептелген алдын ала индекстер скоринг индекстерін есептеу бойынша бизнес-әріптестер тізілімі сервисіне беріледі.

      18. Осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес скоринг индекстерін түпкілікті есептеуді скоринг индекстерін есептеу жөніндегі бизнес-әріптестер тізілімінің сервисі мемлекеттік органдардан, ашық ақпарат көздерінен, басқа да дереккөздерден алынған ақпарат, сондай-ақ алынған алдын ала индекстер мәндерінің негізінде жүзеге асырады.

      19. Алдын ала индекстерді есептеуді салықтық, кедендік құпияның және дербес деректердің иесі болып табылатын мемлекеттік орган ҰКП беретін есептеу алгоритмі негізінде жүзеге асырады.

      20. Скоринг индекстер мен алдын ала индекстерді есептеу алгоритмін ҰКП мемлекеттік органдар ұсынатын кәсіпкерлік субъектілері бойынша иесіздендірілген тест деректерінің талдау мен тестілік іріктелуін модельдеудің негізінде әзірлейді.

      21. Скоринг индекстер мен алдын ала индекстерді есептеу алгоритмін әзірлеу кезінде салықтық, кедендік құпияны және дербес деректерді сақтауды қамтамасыз ету үшін:

      ҰКП мемлекеттік органдарға иесіздендірілген тест деректерін қалыптастыру үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеуге қойылатын талаптарды ұсынады;

      мемлекеттік органдар ұсынылған тест деректеріне қойылатын талаптардың негізінде кәсіпкерлік субъектілері бойынша иесіздендірілген деректердің іріктемесін ұсынады;

      кәсіпкерлік субъектілері бойынша иесіздендірілген тест деректерінің іріктемесін қалыптастыру үшін салық және бюджетке төленетін төлемдер түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган кәсіпкерлердің еркін түрде қалыптастырылған тізімін жасайды және оларға сәйкестендіру нөмірін береді;

      мемлекеттік органдар салық және бюджетке төленетін төлемдер түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган қалыптастырған кәсіпкерлер тізіміне сәйкес кәсіпкерлер бойынша иесіздендірілген деректерді ұсынады;

      ҰКП кәсіпкерлер бойынша алынған иесіздендірілген деректердің негізінде әрбір мемлекеттік орган үшін скоринг және алдын ала индекстерді есептеу алгоритмін әзірлеуді жүзеге асырады.

3-тарау. Бизнес-әріптестер тізілімін жүргізу тәртібі

      22. Бизнес-әріптестер тізілімін жүргізуді "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҰКП жүзеге асырады.

      23. Бизнес-әріптестердің тізілімі пайдаланушыларға кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпарат береді.

      24. Кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпарат мемлекеттік органдармен және өзге де деректерді иеленушілермен өзара ақпараттық іс-қимыл жасасу арқылы қалыптастырылады:

      1) салық және бюджетке төленетін төлемдер түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган соңғы үш жылда тіркелген кәсіпкерлік субъектілері туралы мынадай мәліметтерді ұсынады:

      БСН/ЖСН;

      есепке қойылған күні (мемлекеттік тіркеу);

      тіркеу есебінен шығарылған күні;

      тіркеу есебінен шығару себебі;

      қызметті тоқтата тұрудың басталған және аяқталған күні;

      салық төлеушінің резиденттігі;

      салық органы ‒ салық төлеушінің тіркелген жері;

      қолданылатын салық режимі;

      тәуекел дәрежесін бағалаудың негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін жартыжылдық салықтық тексерулер кестесі туралы деректер;

      салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін ұсынбауы туралы деректер;

      Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын оңалту және банкроттық туралы деректер;

      салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін салық жүктемесінің коэффициенті туралы деректер;

      тәуекел дәрежесіне қарай салық төлеушілерді санаттау нәтижелері туралы деректер;

      салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомасы;

      салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегінің сомасы;

      салық төлеушінің таратылуына (қызметінің тоқтатылуына) байланысты салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш беруі туралы деректер;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы деректер;

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 650-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, құрылымдық бөлімше арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркелуінің болуы (болмауы) туралы деректер (кәсіпкерлік субъектісінің БСН/ЖСН)".

      Осы Қағидалардың 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес салық және бюджетке төленетін төлемдер түсімін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган соңғы үш жылда тіркелген кәсіпкерлік субъектілері туралы мынадай мәліметтерді пайдаланады:

      жарғылық капитал;

      жиынтық капитал;

      жиынтық активтер;

      жиынтық міндеттемелер;

      негізгі құралдар;

      салық төлеуші (салық агенті) түрлері бойынша бөле отырып төлеген (аударған) салықтар мен бюджетке төленетін кедендік төлемдердің сомасы;

      төленген салықтардың жалпы сомасы;

      түзетулер ескерілген жылдық жиынтық кіріс;

      шеккен залалдар ескеріле отырып, салық салынатын кіріс;

      корпоративтік табыс салығы;

      барлық шегерімдер;

      қосылған құн салығы;

      есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін бюджеттен салық төлеушіге қайтару сомасы;

      мүлік салығы;

      көлік салығы;

      персонал саны;

      еңбекақы төлеу қорынан аударымдар (салық түрлері бойынша бөлінген);

      тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің тізімдері:

      әрекет етпейтін салық төлеушілер;

      жалған кәсіпорындар деп танылғандар;

      заңды мекенжайында болмағандар;

      банкрот деп танылғандар;

      әрекет етпейтін деп танылғандар;

      тіркелуі жарамсыз деп танылғандар;

      Салық кодексінің нормаларын бұза отырып, қайта ұйымдастырылғандар;

      салықтық берешегі барлар;

      2) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтерді береді;

      3) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган тіркелген, жұмыс істеп тұрған, таратылған және өзге де кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтерді, оның ішінде:

      сәйкестендіру мәліметтері:

      БСН;

      субъектінің мәртебесі;

      ұйымды тіркеген тіркеуші орган;

      бастапқы тіркелген күні;

      соңғы қайта тіркелген күні (бар болса);

      мемлекеттік тілдегі атауы;

      орыс тіліндегі атауы;

      ағылшын тіліндегі атауы (бар болса);

      мемлекеттік тілдегі қысқартылған атауы (бар болса);

      орыс тіліндегі қысқартылған атауы (бар болса);

      ағылшын тіліндегі қысқартылған атауы (бар болса);

      ұйым нысаны;

      ұйымдық-құқықтық нысаны (бар болса);

      жеке кәсіпкерлік түрі (бар болса);

      заңды тұлғаның сыныптамалық деректері:

      құрылу тәсілі (заңды тұлғалар үшін);

      меншік нысаны;

      коммерциялық ұйым;

      кәсіпкерлік субъектісі (заңды тұлғалар үшін);

      халықаралық ұйым (заңды тұлғалар үшін);

      шетелдік инвесторлар қатысатын (заңды тұлғалар үшін);

      азаматтығы жоқ адамдар қатысатын (заңды тұлғалар үшін);

      қызметі үлгі жарғы бойынша жүзеге асырылады (заңды тұлғалар үшін);

      филиалдары, өкілдіктері туралы мәліметтер;

      тарату туралы мәліметтер;

      қызметті тоқтату негізі;

      тарату түрі;

      тарату туралы шешім шығарылған күн;

      тарату тіркелген күн;

      қайта құру түрі;

      құқықтық мирасқордың БСН;

      жетекші:

      басшының лауазымы туралы мәліметтер (бар болса);

      басшының лауазымы (бар болса);

      тағайындалған күні (бар болса);

      басқарушыны лауазымынан шеттету немесе лауазымға тағайындау күшін жоғалтқан күн (бар болса);

      тұрақты тұратын елі;

      азаматтық елі;

      азаматтық тиесілігі;

      ЖСН (бар болса);

      тегі;

      аты;

      әкесінің аты;

      қызмет түрлері:

      негізгі қызмет түрі;

      ЭҚЖЖ коды;

      қызмет түрінің мемлекеттік тілдегі атауы;

      қызмет түрінің орыс тіліндегі атауы;

      орналасқан жеріні? мекенжайы:

      мекенжайдың тіркеу коды (бар болса);

      пошта индексі;

      әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші (бұдан әрі – ӘАОЖ) бойынша код);

      геоним коды (бар болса);

      облыс атауы мемлекеттік тілде;

      облыс атауы орыс тілінде;

      аудан атауы мемлекеттік тілде;

      аудан атауы орыс тілінде;

      ауылдық округі атауы мемлекеттік тілдегі;

      ауылдық округі атауы орыс тіліндегі;

      елді мекен атауы мемлекеттік тілде;

      елді мекен атауы орыс тілінде;

      көше атауы мемлекеттік тілде;

      көше атауы орыс тілінде;

      құрылыс түрі (бар болса);

      құрылыс нөмірі;

      блок нөмірі (бар болса);

      корпус нөмірі (бар болса);

      үй-жай түрі (бар болса);

      үй-жай нөмірі;

      кеңсе нөмірі;

      құрылтайшы заңды тұлғалар туралы мәліметтер:

      БСН (бар болса);

      инкорпорация елі;

      инкорпорация еліндегі тіркеу нөмірі (бейрезиденттер үшін);

      тіркелген (қайта тіркелген) күні;

      мемлекеттік тілдегі толық атауы;

      орыс тіліндегі толық атауы;

      құрылтайшы жеке тұлғалар туралы мәліметтер:

      тұрақты тұратын елі;

      азаматтық тиесілігі;

      азаматтық елі;

      ЖСН (бар болса);

      инкорпорация еліндегі салық нөмірі (бейрезиденттер үшін);

      тегі;

      аты;

      әкесінің аты;

      қатысушылардың, құрылтайшылардың жалпы саны;

      оның ішінде жеке тұлғалар;

      оның ішінде заңды тұлғалар;

      филиалдың немесе өкілдіктін бас ұйымы туралы мәліметтер:

      БСН (бар болса);

      инкорпорация елі;

      инкорпорация еліндегі тіркеу нөмірі (бейрезиденттер үшін);

      тіркелген (қайта тіркелген) күні;

      мемлекеттік тілдегі толық атауы;

      орыс тіліндегі толық атауы;

      қызмет түрі (бейрезиденттер үшін);

      4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектілері туралы мынадай деректерді ұсынады:

      БСН/ЖСН;

      ӘАОЖ бойынша код;

      ЭҚЖЖ экономикалық қызмет түрі;

      экономикалық қызмет түрінің атауы;

      қайталама ЭҚЖЖ (ол болған кезде/тікелей код және оның атауы);

      жұмыскерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің өлшемділік жіктеуіші бойынша коды (бұдан әрі – ӨЖК);

      ӨЖК атауы;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілері мекенжайларының бірыңғай тізілімін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік субъектілеріне тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан жері туралы мәліметтерді береді;

      6) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілік депозитарийінен кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтерді береді:

      салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН) және БСН/ЖСН;

      мемлекеттік тіркелген күні;

      базалық көрсеткіштер;

      бейін;

      ерекше деректер;

      атқарушы орган;

      үлестес тұлғалар;

      лицензиялар;

      директорлар кеңесі;

      құрылтайшылар туралы деректер;

      жария мүдделі ұйымдар үшін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген нысандар бойынша қаржылық есептілік;

      ұсынылған есеп бойынша кәсіпорынның қаржылық талдауы (Қаржылық есептілік депозитарийіне қосылған ақпарат негізінде орындалған қаржылық-шаруашылық қызметтің экспресс-талдауы);

      аудиторлық есептер;

      басқару органдарының шешімдері;

      құрылтай құжаттары;

      акциялар туралы ақпарат;

      7) құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектілеріне (құрылтайшы/басшы) қатысты адамдарды іздестіру туралы мәліметтер береді;

      дербес деректерді берместен, мынадай:

      кәсіпкерлік субъектілерін тексеру туралы;

      кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер бойынша есептелген алдын ала индекстер беріледі.

      Осы Қағидалардың 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес алдын ала индекстерді есептеу кезінде құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган соңғы үш жылдағы мәліметтерді пайдаланады;

      8) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық істер бойынша мәліметтерді береді:

      инстанция;

      өңір;

      сот;

      өндіріс түрі;

      істің нөмірі;

      сот актісінің күні;

      сот актісінің түрі;

      сот актісінің мәтіні;

      9) көлік құралдары және оларға иелік ету туралы мәліметтерді қалыптастыру жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектілерінің БСН/ЖСН сұрату бойынша автокөлік иелерінің тіркелген көлік құралдары жөніндегі мәліметтерді ұсынады;

      10) табиғи монополиялар субъектілері (бұдан әрі – ТМС) бизнес-әріптестердің тізілімін қалыптастыру үшін ҰКП-ға жіберетін мәліметтерді ай сайын өзектілендіре отырып, заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің коммуналдық қызметтері бойынша төлемдерді бір айдан астам мерзімге төлемеу фактілері туралы мәліметтерді ұсынады.

      ТМС деректерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей ұсынады, ал ҰКП ұсынылған деректерді бизнес-әріптестер тізіліміне орналастырады;

      11) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мынадай мәліметтерді ұсынады:

      құқық иеленушінің ЖСН;

      құқық иеленушінің (компанияның) БСН;

      құқық иеленушінің (компанияның) толық атауы;

      тұрғын/тұрғын емес қордың белгісі;

      объект пайдалануға берілген жыл;

      объектінің кадастрлық нөмірі;

      бастапқы объектінің кадастрлық нөмірі;

      жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;

      жер учаскесінің ауданы;

      құрылыс ауданы;

      жылжымайтын мүлік түрі;

      қабаттылық;

      пайдалы ауданы;

      объектінің салық салынатын құны (бар болса);

      ауыртпалықтардың бар-жоғы туралы мәліметтер;

      шектеулердің бар-жоғы туралы мәліметтер;

      объектінің орналасқан жері;

      облыс;

      аудан/қала;

      объектінің мекенжайы (елді мекен, көше, үй, пәтер);

      объектінің нысаналы мақсаты;

      тіркелген ауыртпалықтар туралы мәліметтер:

      ауыртпалық түрі;

      ауыртпалықтың мазмұны;

      мүдделі тұлға;

      ортақ меншік нысаны, үлесі;

      мәміле сомасы (құны);

      негізгі міндеттемелердің мөлшері (кепіл сомасы);

      ауыртпалық салу мерзімі;

      ауыртпалықты тіркеу күні, уақыты;

      ауыртпалықтың туындау негізі:

      құжат түрі;

      құжаттың нөмірі мен күні;

      12) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою саласындағы уәкілетті орган бизнес-әріптестер тізілімінде жариялау үшін контрагентпен үлестес заңды тұлғалардың, жеке тұлғасы жақын туысы (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, ұлы, қызы), жегжаты (жұбайының (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылатын, некеде тұрған, сондай-ақ контрагенттің иесі не басшысы болып табылатын жеке тұлғасы бар дара кәсіпкерлердің тізбесі туралы мәліметтерді бизнес-әріптестер тізіліміне береді. Бұл ретте заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің үлестестігі туралы мәліметтер берілмейді;

      13) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган мынадай мәліметтерді ұсынады:

      заңды тұлғаның тіркелген көлік заңнамасын бұзуының саны туралы ақпарат;

      халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі мен карточкасының болуы туралы ақпарат;

      халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат беру карточкаларының саны туралы ақпарат (заңды тұлғаның халықаралық тасымалдарға жіберілген автокөлік құралдарының санын айқындайды).

      25. Тәуекелдерді болжаудың өзектілігін сақтау мен дәлдігін арттыру үшін ҰКП ауық-ауық, жылына кемінде бір рет скоринг және алдын ала индекстерді есептеу алгоритмдерін нақтылауды жүзеге асырады.

      26. Скоринг және алдын ала индекстерді есептеу алгоритмдерін нақтылау осы Қағидалардың 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      27. Мемлекеттік органдар скоринг және алдын ала индекстерді есептеу алгоритмін нақтылау үшін сұрау салуды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ҰКП-ға осы Қағидалардың 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес тестілік іріктеуді ұсынады.

4-тарау. Бизнес-әріптестер тізілімін пайдалану тәртібі

      28. Кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпарат пайдаланушыларға тізілімнің порталында мәліметтерді көрсету нысанында, сондай-ақ ЭЦҚ-мен куәландырылған, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік және өзге де заңнамасына қайшы келмейтін қызметті жүзеге асыруға арналған электрондық құжат түрінде ұсынылады.

      29. Мәліметтерді ұсыну ақпарат көзінде мәліметтерді қалыптастыру және ұсыну жылдамдығы ескеріле отырып, онлайн режимде жүзеге асырылады.

      30. Бизнес-әріптестер тізілімінде қамтылған кәсіпкерлік субъектілерінің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Бизнес-әріптестер тізілімінің порталында пайдаланушыларды тіркеу, кәсіпкерлік субъектілерін іздеу, кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты сұрату, пайдаланушыларға кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты ұсыну жүзеге асырылады.

      32. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға қатысты мәліметтерді сұрату бизнес-әріптестер тізілімінде оның кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі расталған жағдайда жүзеге асырылады.

      Кәсіпкерлік субъектілерін іздеу мынадай белгілер бойынша жүзеге асырылады:

      БСН немесе ЖСН;

      заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны;

      дара кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және (немесе) атауы.

      33. Бизнес-әріптестер тізілімін пайдаланушы кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпарат сұратуды жүзеге асырады.

      34. МО БКЖ, ЭҮШ және басқа қатысушылардың ақпараттық жүйелері үздіксіз жұмыс істеген жағдайда бизнес-әріптестер тізілімі ақпараттық жүйесінен пайдаланушыға есепті қалыптастыру уақыты 1 (бір) сағаттан аспайды.

      35. Бизнес-әріптестер тізілімін мынадай жағдайларда:

      кәсіпкерлік субъектілерінің адалдығын, сондай-ақ әлеуетті контрагентпен ынтымақтастыққа байланысты тәуекелдерді өз бетінше бағалау үшін пайдаланушылар;

      мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелер өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат шегінде пайдаланады.

      36. Бизнес-әріптестер тізілімі пайдаланушының кәсіпкерлік субъектісін әрбір тексеру фактісін тіркеуді жүзеге асырады, пайдаланушыға тексеру фактісі туралы тексеру күні мен уақыты көрсетілген, алынған ақпарат қамтылған, скоринг индекстерінің мәндері көрсетілген есепті электрондық түрде алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне сұрау салудың күні мен уақытын көрсете отырып, ол туралы ақпаратты сұратқан пайдаланушылар туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

      37. Әлеуетті контрагентті тексеру үшін мемлекеттік тіркеу, жүзеге асырылатын қызмет түрлері, мемлекеттік органдар тізілімдерінде бар/жоғы, төленген салықтар мен салық берешегінің сомалары туралы мәліметтер, қолда бар лицензиялар, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат, салық төлеушінің адалдық индексінің мәні кәсіпкерлерге бизнес-әріптестер тізілімінің порталында тегін беріледі.