Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және "Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 704 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 176-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің 46-бабына, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 191-бабына, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-17-бабына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-8-бабына, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-8-бабына сәйкес әзірленді.";

      2) "Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 196-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 39-бабына, "Халықтық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 184-бабына, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-1-бабына, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабына сәйкес әзірленді.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин