Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.2) "Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 67, 462-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сараптамалық қорытынды алу үшін сараптамалық кеңестерге және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының, оның ішінде аталған жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберу;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) заң жобасының тұжырымдамасын және заң жобасының алдын ала мәтінін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тұжырымдаманың осы Қағидалардың 4 және 15-тармақтарына сәйкестігі туралы алдын ала қорытынды алу үшін жіберу;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) сараптамалық қорытынды алу үшін сараптамалық кеңестерге және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының, оның ішінде аталған жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберу;";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Заң жобасының дайындалған тұжырымдамасы және заң жобасының алдын ала мәтіні Комиссия мүшелеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу үшін, сондай-ақ тұжырымдама жобасы бойынша алдын ала қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберіледі.
Заң жобасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Комиссияның барлық мүшелеріне, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Комиссия мүшелері мен мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі басшылығының тапсырмасымен түскен шұғыл мәселелерді қоспағанда, заң жобасының тұжырымдамасы Комиссия мүшелеріне келіп түскен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде өз ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынады, ал кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы реттеушілік әсерге талдау жасау қажеттігі немесе қажет еместігі туралы қорытындыны ұсынады.".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 668 қаулысына |
|
1-қосымша | |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына 10-қосымша |
"________________________________________________________" Заң жобасын қарау барысында бастама жасалған түзетулер бойынша мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымы
1. Түзетулердің сипаттамалық бөлігі _____________________________________
_____________________________________________________________________.
Бұл бөлікте түзетулердің негізділігіне, орындылығына және қажеттігіне баға беріледі.
Түзетулерді бағалау кезінде мыналар ескеріледі:
1) түзетулер қолданыстағы заңнамада реттелген құқықтық қатынастарды реттемеуге тиіс;
2) түзетулер құқықтың негіз қалаушы қағидаттарына қайшы келмеуге тиіс;
3) түзетулер заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес келуге тиіс.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің түзетулеріне ұсыныстар мен ескертулер туралы мәліметтер:________________________________________________.
3. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе бюджеттен мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер:
_______________________________________________________________.
Түзетулер бойынша мемлекеттік органдардың келісілген позициясында мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе бюджеттен мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер қамтылуы тиіс. Егер түзетулер мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғаюы немесе кіріс бөлігінің қысқаруы себебінен қолдау таппаған жағдайда, Республикалық бюджет комиссиясының мұндай шығындар қолдау таппаған отырысының нөмірі мен күні көрсетіледі.
Мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту бөлігінде қаржылық-экономикалық есептер бар болса, әзірлеуші оны түзетулер бойынша келісілген позицияға қоса береді.
4. Үкімет құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкімет құрылымына кірмейтін орталық мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер (бар болған жағдайда):_________________________________________________________
_____________________________________________________________________.