Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 641 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 2 қазандағы
№ 641 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 865 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 497-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік материалдық резервтен броннан шығару тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды, сондай-ақ материалдық құндылықтарды жөнелтуді ұйымдастыру шығыстары мен жеткізу кезіндегі іссапар шығыстарын өтеу мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броннан шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде жүзеге асырылады.".

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      18 және 18-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасының тауар нысанында ресми гуманитарлық көмек көрсетуі үшін ұсынылған тауарлардың құнын, оларды тасымалдау бойынша көліктік ұйымдардың шығыстарын, сондай-ақ материалдық құндылықтарды жөнелтумен және жеткізумен байланысты шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде төтенше резервтен жүзеге асырылады.

      18-1. Қазақстан Республикасының тауар нысанында ресми гуманитарлық көмек көрсетуі үшін ұсынылған тауарларды тасымалдау бойынша көлік ұйымдарының шығыстарын, сондай-ақ материалдық құндылықтарды жөнелтумен және жеткізумен байланысты шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуі туралы шешім қабылдаған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Броннан шығару тәртібімен шығарылған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары үшін шығындарды, сондай-ақ материалдық құндылықтарды жөнелтуді ұйымдастыру шығыстары мен жеткізу кезіндегі іссапар шығыстарын өтеу мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броннан шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде жүзеге асырылады.

      Көлік ұйымдарының мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тасымалдау шығыстарын өтеу мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броннан шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.".

      3. "Ізгiлiк көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 42-43, 367-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ізгiлiк көмек көрсету қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Тауар нысанындағы ізгілік көмекті тасымалдау бойынша көлік ұйымдары шығыстарының, сондай-ақ материалдық құндылықтарды жөнелтумен және жеткізумен байланысты шығыстардың құнын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Резервтерді пайдалану қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.".