Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 4, 50-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қоғам жанынан осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес құрамда Сараптама кеңесі (бұдан әрі – Сараптама кеңесі) құрылсын.";
5-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы Сараптама кеңесінің құрамы";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы сараптама кеңесі туралы ереженің тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы Сараптама кеңесі туралы ереже";
"1. Осы Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы жанындағы Сараптама кеңесі туралы ереже Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Сараптама кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.";
көрсетілген қаулыға 2-қосымшамен бекітілген Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы сараптама кеңесінің құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Абзалбек Ғабит – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
Мұхамеджанұлы Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі (келісу бойынша);
Мухимов Абзал – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
Сансызбаевич Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі (келісу бойынша).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |