Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 297 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық персоналын даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 389-6-жолмен толықтырылсын:

      "389-6. "Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамы";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 397-жол алып тасталсын;

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин