"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жыл

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 205 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 248-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      1) тармақшада:

      жиырмасыншы абзац алып тасталсын;

      елу үшінші абзац алып тасталсын;

      алпыс тоғызыншы абзац алып тасталсын;

      сексен бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;";

      бір жүзінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "кабельдік арнаны пайдалануға беру қағидаларын бекіту;";

      бір жүз он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тарату және пайдалану, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау саласында қатысу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;";

      бір жүз жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (бар болса) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру;";

      бір жүз алпыс бесінші абзац алып тасталсын;

      бір жүз жетпіс үшінші абзац алып тасталсын;

      екі жүз қырық жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы екі жүз қырық сегізінші – екі жүз елуінші абзацтармен толықтырылсын:

      "ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекіту;

      ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларын келісу;

      фискалдық деректер операторын тiзбеге (тізбеден) қосу (алып тастау) тәртібін, сондай-ақ фискалдық деректердің әлеуеттi операторына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын келісу;";

      2) тармақшада:

      елу бесінші абзац алып тасталсын;

      алпыс алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "кабельдік арнаны пайдалануға беру қағидаларын әзірлеу;";

      бір жүз алпыс бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы бір жүз алпыс алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин