"Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 738 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 861 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 861 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2009 ж., № 27-28, 245-бап) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидаларында:

      2-тармақтың 8) тармақшасының он төртінші абзацындағы "сатып алуын қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ функцияларын не жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті осы Үлгілік қағидаларда, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен ақылы негізде жүзеге асырылатын сатып алуы;" деген сөздер "сатып алуын;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "исламдық қаржыландыру өнімдерін* тартуды/орналастыруды қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ функцияларын не жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті осы Үлгілік қағидаларда, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен ақылы негізде жүзеге асырылатын сатып алуы.

      Ескертпе:

      *Осы Үлгілік қағидалардың мақсаттары үшін исламдық қаржыландыру өнімдері деп исламдық қаржыландыруды жүзеге асыратын ұйымдардан, оның ішінде халықаралық ұйымдардан тартылған ақша, бағалы қағаздар, сондай-ақ не Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында исламдық банктерде/исламдық лизинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын лизингтік компанияларда орналастырылған меншікті ақша, бағалы қағаздар түсініледі.

      Ақша қаражатын, бағалы қағаздарды тарту және орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес исламдық қаржыландыру принциптері сақтала отырып жүзеге асырылады;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин