Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 69-70, 636-құжат, 2015 ж., № 36, 248-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында:
"2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері" деген бөлімде 1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерде:
14-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалмаған.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу фактісін сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорға лауазымды тұлғалардың сұрау салуы жолымен расталады;".
2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |