Семей медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қазандағы № 666 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қосу және қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Семей медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "СМУ" КеАҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. "СМУ" КеАҚ қызметінің негізгі мәні жоғары білім беру, кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалар қызметі, стационарлары және жалпы дәрігерлік практикасы бар басқа да емдеу мекемелерінің қызметі болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "СМУ" КеАҚ жарғысын бекітуді;

      2) мемлекеттік тіркеу үшін "СМУ" КеАҚ атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және "СМУ" КеАҚ органдары құрылғанға дейін үшінші тұлғалардың алдында олардың мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлауды;

      3) "СМУ" КеАҚ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      4) "СМУ" КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне беруді;

      5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 19 қазандағы
№ 666 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-17-жолмен толықтырылсын:

      "165-17. "Семей медицина университеті" КеАҚ".

      2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-22-жолмен толықтырылсын:

      "227-22. "Семей медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      "1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 9-жол алып тасталсын;

      "2. Қазыналық кәсіпорындар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;

      "4. Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:

      "14. "Семей медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".