"Астана медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 648 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 5-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 16 қазандағы
№ 650 қаулысына
қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына
5-қосымша

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі