"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Астана қаласының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада орналасқан.
АЭА-ның аумағы 631,92 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.";
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) инфрақұрылымдық объектілерді, сондай-ақ осы тармақтың 1) – 26) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттама шегінде салу және пайдалануға беру;";
мынадай мазмұндағы 23), 24) 25) және 26) тармақшалармен толықтырылсын:
"23) әкімшілік және тұрғын үй кешендерінің, жоғарғы және орта оқу орындарының, көпфункционалдық жабық бульвар құрылысы;
24) фармацевтикалық өнімдер өндірісі;
25) медициналық және стоматологиялық құралдар және жабдықтар өндірісі;
26) үйлер мен ғимараттар құрылысы, азаматтық құрылыс және мамандандырылған құрылыс жұмыстары.";
"Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада Астана қаласының аумақтық шекарасының шегінде орналасқан.
"Астана – жаңа қала" АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 7 018,72 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына алаңы 598,1 гектар № 1 индустриялық парк және алаңы 72,41 гектар қалалық жеңіл рельс желісі және алаңы 1,9 гектар жергілікті атқарушы органның аумағы кіреді.";
"Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жоспары осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 шілдедегі № 476 қаулысына 1-қосымша |
|
"Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша |
"Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағының жоспары
"Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағының аумағы S = 631,92 га.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 шілдедегі № 476 қаулысына 2-қосымша |
"Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі
Р/с № | Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2022 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде | 2027 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде | ||
нысаналы индикатор |
шекті | нысаналы индикатор |
шекті | |||
1 | 2 | 3 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде: | млрд. теңге | 5,2 | 3,5 | 40 | 20 |
1.1 | шетелдік инвестициялар көлемі | млрд. теңге | 1,7 | 0,8 | 8 | 4 |
1.2 | отандық инвестициялар көлемі | млрд. теңге | 3,5 | 2,7 | 32 | 16 |
2 | АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі | млрд. теңге | 1,6 | 0,8 | 100 | 40 |
3 | Қатысушылар (компаниялар) саны | бірлік | 12 | 6 | 38 | 15 |
4 | Қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын адамдардың саны | адам | 7 | 3 | 13 | 7 |
5 | АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны | адам | 1000 | 500 | 3000 | 900 |
6 | АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі | % | 15% | 5% | 20% | 10% |
7 | Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі | % | 3,7 | 1 | 4,8 | 2 |
кестенің жалғасы
2032 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде | 2037 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде | 2042 жылға қарай қол жеткізу, оның ішінде | |||
нысаналы индикатор |
шекті | нысаналы индикатор |
шекті | нысаналы индикатор |
шекті |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
100 | 50 | 200 | 20 | 300 | 26 |
20 | 10 | 40 | 20 | 60 | 30 |
80 | 40 | 160 | 80 | 240 | 120 |
150 | 60 | 250 | 100 | 400 | 160 |
62 | 30 | 75 | 35 | 85 | 40 |
35 | 15 | 47 | 25 | 53 | 30 |
4500 | 1100 | 6000 | 1600 | 6000 | 2500 |
25% | 13% | 30% | 18% | 35% | 23% |
6,2 | 3 | 8 | 4 | 10 | 5 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 шілдедегі № 476 қаулысына 3-қосымша |
|
"Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша |
"Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
"Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағы S = 7 018,72 га