Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 15 мамырдағы № 269 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қозғалыс дабылының, бөгеуінің, байланысының және оны ақпараттандырудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 шілдедегі № 769 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 45, 414-құжат).
2. "Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның кауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 794 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 47, 427-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қозғалыс дабылының, бөгеуінің, байланысының және оны ақпараттандырудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" 2010 жылғы 31 шілдедегі № 769 және "Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" 2010 жылғы 4 тамыздағы № 794 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1643 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 12, 226-құжат).