Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 15.05.2018 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қозғалыс дабылының, бөгеуінің, байланысының және оны ақпараттандырудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 шілдедегі № 769 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 45, 414-құжат) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулы 2014 жылғы 2 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.";
2) "Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 794 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 47, 427-құжат) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулы 2014 жылғы 2 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.";
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |