"Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 234 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы№ 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 17, 199-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):

      6-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысу күні қолданыста болған және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының11) тармақшасына сәйкес айқындалатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.";

      11-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысу күні қолданыста болған және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының11) тармақшасына сәйкес айқындалатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.";

      15-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысу күні қолданыста болған және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының11) тармақшасына сәйкес айқындалатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.";

      19-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысу күні қолданыста болған және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының11) тармақшасына сәйкес айқындалатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев