Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 Қаулысы.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.07.2014 № 791 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.07.2014 № 791 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он

      күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 ақпандағы
№ 74 қаулысымен
бекітілген

Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі)

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.07.2014 № 791 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі – Қағидалар) осы Қағидалардың 7-бөлімінде көрсетілген Үндістан Үкіметі Атом энергиясы департаментінің Сатып алу және материалдық қорлар басқармасымен, сондай-ақ осы Қағидалардың 8-бөлімінде көрсетілген EIectricite de France француз атом электр станциялары операторымен жасалған мәмілелерді қоспағанда, табиғи уран концентратын сатып алу-сату келісімшарттарына сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағаларын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1041 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер, анықтамалар және аббревиатуралар

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер, анықтамалар және аббревиатуралар:

      1) байытылған уран өнімі (БУӨ) – урандағы U-235 изотопының концентрациясы 5 %-ға дейін уран гексафториді нысанындағы сәулелендірілмеген уран (ядролық материалдағы U-235 изотопының жалпы салмағын ядролық материалдағы барлық уран изотоптарының жалпы салмағына бөлу және салмақ пайызын (салмақ %-ы) анықтау үшін 100-ге көбейту арқылы анықталады);

      2) дисконт – сатушы сатып алушыға ұсынатын, табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленетін, Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын мәмілелер кезінде 0 (нөлден) 8 (сегіз) пайызға дейінгі, экспорттық мәмілелер және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жасалатын мәмілелер кезінде 0 (нөлден) 5 (бес) пайызға дейінгі мәнге тең бағадан жеңілдік, пайызбен (%) көрсетіледі;

      3) дифференциал – табиғи уран концентратының бір фунтына АҚШ долларымен немесе уранның бір килограмы үшін теңгемен көрсетілген, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес мәміле бағасын немесе ақпарат көздерінен алынған бағаны салыстырмалы экономикалық жағдайға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері. Дифференциалдың құрамдас бөлшектері құжаттамамен немесе ресми қабылданған ақпарат көздерімен расталуға тиіс.

      Бұл ретте "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының резиденттерімен жүзеге асырған мәмілелер бойынша табиғи уран концентраттарын конверсиялық кәсіпорындарға дейін жеткізумен байланысты шығыстарға қатысты дифференциал "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы ішкі қағидаларына сәйкес расталады. Уранды ҚХР аумағына жеткізуге арналған көлік дифференциалы Қытай ядролық энергетикалық өнеркәсіп корпорациясының (CNEIC) және/немесе табиғи уран концентратын сатып алушының ресми құжатымен расталады;

      4) қысқа мерзімді келісімшарт – келісімшартты, соның ішінде негіздемелік келісімнің қолданылуы шеңберінде жасасқан келісімшартты жасасқан күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын табиғи уран концентратын жеткізу мерзімімен табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшарт. Қысқа мерзімді келісімшарт оферта қабылданған (акцепт) күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірілмей жасалуға тиіс;

      5) мәміле бағасы – осы Қағидаларға сәйкес келісімшартта белгіленген формула бойынша есептелген табиғи уран концентратының фунтын өткізу бағасы. Егер келісімшарт бойынша төлем валютасы АҚШ доллары болып табылмаса, онда мәміле бағасына келісімшартта көрсетілген АҚШ долларын меншік құқығы ауысқан күнгі қолданыстағы бағам бойынша төлем валютасына ауыстырудың коэффициенті қолданылады;

      6) негіздемелік келісім – тараптар жекелеген шарттарды жасасу, тараптардың бірінің өтінімдерді беруі арқылы немесе негіздемелік келісімнің негізінде немесе оны орындау үшін өзгеше нақтыланатын және анықталатын тараптардың міндеттемелік өзара қарым-қатынастарының жалпы талаптарын айқындайтын тараптардың келісімі. Негіздемелік келісімде жеткізу талаптарының бір бөлігі айқындалады, ынтымақтастық қағидаттары белгіленеді, бірақ жекелеген елеулі талаптар (сатып алудың нақты көлемдері, бағалары, мерзімдері және т.б.), яғни тараптардың шарттың кейбір жалпы талаптарын көздейтін мәмілені жүзеге асыру ниеттері анықталмаған. Тараптар негіздемелік келісім күшіне енгеннен кейін және оның қолданылу мерзімі ішінде анықтайтын, тараптардың жекелеген егжей-тегжейлі кейінгі уағдаластықтарын анықтау қажеттілігіне байланысты табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға негіздемелік келісім дербес келісімшарт ретінде қаралмайды. Мұндай қажетті елеулі талаптар жеткізудің (бір немесе бірнеше) көлемдері, тауар бірлігі үшін баға, жеткізу мерзімдері, орны және әрбір нақты жағдайда қосымша құжатқа – жеке шартқа, растаушы келісімшартқа немесе сатып алу туралы хабарламаға (яғни офертаға) және қабылдау туралы хабарламаға (яғни оферта акцептіне) қол қою арқылы келісілетін басқа да талаптар болып табылады. Мұндай құжат бойынша әрбір жекелеген жеткізілім осы Қағидаларға сәйкес дербес жеке келісімшарт ретінде қаралады;

      7) орта мерзімді келісімшарт – келісімшартты жасасқан күннен бастап бір жарым жылдан 3 (үш) жылға дейін табиғи уран концентратын жеткізу мерзімімен табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшарт;

      8) оферта – егер жеткілікті түрде айқындалған болса және ол қабылданған (акцепт) жағдайда ұсыныс жасаған тұлға өзін байланысты деп санайтын ниетін білдірген болса, бір немесе бірнеше нақты тұлғаға жасалған табиғи уран концентратын сатып алу-сату келісімшартын жасасу туралы ұсыныс. Егер онда шарттың маңызды талаптары немесе оларды айқындау тәртібі көрсетілген болса, ұсыныс жеткілікті түрде айқындалған болып табылады. Бұл ретте қысқа мерзімді келісімшарт жасауға негіз болатын офертаны қоспағанда, осы Қағидалардың мақсаттары үшін офертаның қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап қабылданған (акцепт) күніне дейін 6 (алты) айдан аспауға тиіс.

      Қысқа мерзімді келісімшарт бойынша офертаның қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап 2 (екі) айдан аспауға тиіс;

      9) ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған баға – АҚШ долларымен "Ux Соnsulting LLC" (АҚШ) және "Тradе Тесh LLC" (АҚШ) компаниялары жария ететін, U3O8 бір фунты* үшін АҚШ долларымен белгіленген U3O8 бір фунтына* ұзақ мерзімді, орта мерзімді немесе споттық (апталық немесе айлық) бағаның индикаторы;

      10) споттық келісімшарт – келісімшартты жасасқан күннен бастап 6 (алты) айдан бір жарым жылға дейін табиғи уран концентратын жеткізу мерзімімен табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшарт;

      11) табиғи уран концентраттары – техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен "Уран рудасының концентраты. Техникалық талаптар" ҚР СТ 1909 Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық стандартына сәйкес келетін, U3O8 тотығы-шала тотығы, аммоний диуранаты (NH 4)2U2O7, уран пероксиді (UO4xH2O) нысанындағы уран концентраттары және табиғи құрамында U-235 изотопы бар уран оксидтерінен тұратын басқа да концентраттар;

      12) табиғи уран концентратының фунтын уран килограмына аудару коэффициенті – конвертор зауыт белгілейтін, уранның 1 (бір) килограмындағы табиғи уран концентраты фунтының мөлшерін айқындайтын шама;

      13) ұзақ мерзімді келісімшарт – келісімшартты жасасқан күннен бастап 3 (үш) және одан да көп жылға табиғи уран концентратын жеткізу мерзімімен табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшарт;

      14) эскалация коэффициенті – төлем валютасын шығарушы елдің (егер төлем валютасы АҚШ доллары болып табылса, онда АҚШ Коммерция департаменті; егер төлем валютасы еуро болса – Орталық Еуропалық Банк, басқа валюталар үшін – төлем валютасын шығарушы елдің келісімшартта көрсетілген уәкілетті органы) уәкілетті органы жариялаған деректер бойынша төлем валютасының инфляция деңгейін көрсететін және базалық бағаға қолданылатын мән.

      Эскалация коэффициенті жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі –ЖІӨ) сатып алушыға тауардың меншік құқығы ауысатын тоқсанның алдындағы 1 (бір) тоқсанға жарияланатын баға дефляторы индексі және ЖІӨ-нің келісімшартты жасасқан тоқсанда немесе офертаны берген тоқсанда жарияланатын баға дефляторы индексі шамаларының арақатынасы ретінде айқындалады.

      Келісімшарттар бойынша меншік құқығы келісімшарт күшіне енген күннен бастап 5 (бес) жыл өткеннен кейін ауысқан жағдайларда, эскалация коэффициенті сатып алушыға тауардың меншік құқығы ауысатын тоқсанның алдындағы 1 (бір) тоқсанға жарияланатын ЖІӨ-нің баға дефляторы индексі және келісімшарт бойынша жеткізілімдердің1 (бірінші) жылының1 (бірінші) тоқсанына жарияланатын ЖІӨ-нің баға дефляторы индексі шамаларының арақатынасы ретінде айқындалуға тиіс;

      15) СР (ceiling price) – U3O8 бір фунтына АҚШ долларымен көрсетілген, табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген мәміле бағасының жоғарғы шегі**;

      16) FР (floor price) –U3O8 бір фунтына АҚШ долларымен көрсетілген, табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген мәміле бағасының төменгі шегі**.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Қысқа мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасын айқындау тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қысқа мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р = SР х (100 % - D): 100 % - Т, мұнда:

      Р – мәміле бағасы (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*);

      SР (spot price) – оферта берілген немесе келісімшарт жасалған күні табиғи уран концентратына ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған споттық баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*);

      D (discount) – дисконт, %;

      Т (transport and price differential) – табиғи уран концентратын жеткізу шарттарына байланысты трансферттік баға белгілеу туралы заңнамаға сәйкес ескерілетін дифференциал (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*).

      4. Егер табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға жасалған келісімшартта дисконт көзделген болса, онда мәміле бағасын есептеу трейдердің, сауда делдалының немесе агенттің маржасын есепке алмай жүргізіледі.

      5. Егер Р уранның килограмы үшін АҚШ долларымен есептелсе, онда U3O8 фунты үшін АҚШ долларымен* есептелген Р-ға U3O8 фунттарын уран килограмдарына аудару коэффициенті қолданылады, ал мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р = (SР х (100 % - D): 100 % - Т) х С, мұнда:

      С (conversion factor) – U3O8 фунтымен белгіленген, уранның килограмына бөлінген, U3O(conversion factor) фунттарын уран килограмдарына аудару коэффициенті.

      6. Егер төлем валютасы АҚШ доллары болмаса, онда мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р = (SР х (100% - D): 100% - Т) х ЕR, мұнда:

      ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысу күні қолданыста болған және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының11) тармақшасына сәйкес айқындалатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 03.05.2018 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жағдайларды бір уақытта қолданған кезде мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р = (SР х (100 % - D): 100 % - Т) х С х ЕR.

4-тарау. Споттық келісімшарт үшін мәміле бағасын айқындау тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Споттық келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р = SР х (100 % - D): 100 % - Т, мұнда:

      Р (price) – мәміле бағасы, (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*);

      SР (spot price)– меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күні табиғи уран концентратына ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған споттық баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні. Меншік құқығы ауысатын күнге споттық баға индикаторлары ресми түрде танылған ақпарат көздерінде болмаған кезде меншік құқығы ауысатын күн алдындағы күнге жарияланған споттық баға индикаторлары қолданылады (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*);

      D (discount) – дисконт, %;

      Т (transport and price differential) – трансферттік баға белгілеу туралы заңнамаға сәйкес табиғи уран концентратын жеткізу шарттарына байланысты ескерілетін дифференциал (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*).

      9. Егер табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшартта дисконт көзделген болса, онда мәміле бағасын есептеу трейдердің, сауда делдалының немесе агенттің маржасын есепке алмай жүргізіледі.

      10. Егер Р уранның килограмы үшін АҚШ долларымен есептелген жағдайда, онда U3O8 фунты үшін АҚШ долларымен* есептелген Р-ға U3O8фунттарын уран килограмдарына ауыстыру коэффициенті қолданылады, ал мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р = (SР х (100 % - D): 100 % - Т) х С, мұнда:

      С (conversation factor) - U3O8 фунтымен белгіленген, уранның килограмына бөлінген, U3O8 фунттарын уран килограмдарына аудару коэффициенті.

      11. Егер төлем валютасы АҚШ доллары болмаған жағдайда, онда мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р = (SР х (100 % - D): 100 % - Т) х ЕR, мұнда:

      ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысу күні қолданыста болған және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының11) тармақшасына сәйкес айқындалатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 03.05.2018 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген жағдайларды бір уақытта қолданған кезде мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р = (SР х (100 % - D): 100 % - Т) х С х ЕR.

5-тарау. Орта мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасын айқындау тәртібі

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Орта мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р = (1-К) х ВР х (100 %-D1): 100 % х Еsс + К х SР х (100 %-D1): 100 % - Т, бұл ретте:

      егер Р < FР, онда Р = FР

      егер Р > СР, онда Р = СР, бірақ егер СР < (SР – 10 %), онда Р = (SР – 10 %)**, мұнда:

      Р (price) – мәміле бағасы, (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*);

      ВР (base price) – базалық баға – келісімшартты орындаудың бүкіл мерзімінде тұрақты болатын мәміле бағасының құрамдас бөлігі, табиғи уран концентратына оферта беру немесе келісімшарт жасасу күні ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*) споттық және орта мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні. ВР мынаған сәйкес айқындалады:

      BP = (AMTP+ASP): 2, мұнда:

      AMTP = (AMTP 1 + AMTP 2): 2,

      ASP = (ASP 1 + ASP 2): 2,

      AMTP (average mid-term price) - ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған жарияланатын орта мерзімді индикаторлардың орташа арифметикалық мәні (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*). Ресми түрде танылған ақпарат көздерінің біреуі ғана осындай мәнді жариялаған кезде AMTP ретінде жалғыз жарияланатын мән (орташаландырылмай) қолданылады және AMTP мынаған сәйкес айқындалады:

      AMTP = AMTP 1 немесе AMTP 2, қай мәннің жарияланатынына байланысты;

      ASP (average spot price) – ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған жарияланатын споттық индикаторлардың орташа арифметикалық мәні (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*). Ресми түрде танылған ақпарат көздерінің біреуі ғана осындай мәнді жариялаған кезде ASP ретінде жалғыз жарияланатын мән (орташаландырылмай) қолданылады және ASP мынаған сәйкес айқындалады:

      ASP = ASP 1 немесе ASP 2, қай мәнінің жарияланатынына байланысты;

      SР (spot price) – споттық баға – мәміле бағасының ауыспалы құрамдас бөлігі – сатып алушыға меншік құқығының ауысу күні табиғи уран концентратына ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған споттық баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*). Ресми түрде танылған ақпарат көздерінде меншік құқығы ауысатын күнгі споттық баға индикаторлары болмаған кезде меншік құқығы ауысатын күннің алдындағы күні жарияланған споттық баға индикаторлары қолданылады;

      К (коэффициент) - ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған болжамды орта мерзімді бағалардың серпіні мен өзгеру деңгейіне байланысты тәуекелдерді барынша азайту үшін мәміле бағасының формуласымен базалық бағаның және споттық бағаның үлестері айқындалатын коэффициент.

      К мынадай формула бойынша айқындалады:

      К = 0,5 х k, мұнда:

      0,5 – келісімшарт бағасын есептеудің бастапқы кезеңінде базалық баға мен споттық баға үлестерінің теңдігін айқындайтын К коэффициентінің тұрақты бөлігі;

      k – ресми танылған ақпарат көздерінен алынған болжамды бағалар өзгерісінің деңгейін белгілейтін К коэффициентінің ауыспалы бөлігі. Егер k екіден көп болған жағдайда, онда есептеу үшін екіге тең мән алынады. Есептеулерде үтірден кейін екі мағыналы цифры бар мән пайдаланылады;

      k мынадай формула бойынша айқындалады:

      k = РР: ВР, мұнда:

      ВР (base price) - базалық баға – келісімшартты орындаудың бүкіл мерзімінде тұрақты болатын мәміле бағасының құрамдас бөлігі, табиғи уран концентратына оферта беру немесе келісімшарт жасасу күні ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*) споттық және орта мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні.

      РР (price projection) - табиғи уран концентратына ресми танылған ақпарат көздерінен алынған болжамды бағалар индикаторларының орташа арифметикалық мәні. Есептеу үшін табиғи уран концентратына (Міd Рrісе Аnnuаl Міdроіnt), Ux Соnsulting LLC "Urаnіum Маrкеt Оutlооk" және "Uranium Market Price Projections" (Term Ref) есебінде тоқсан сайын және Trade Tech LLC "URANIUM Market Study" есебінде ай сайын және тоқсан сайын жарияланатын баға индикаторларының өзгеру болжамының базалық сценарийінің орташа мәні пайдаланылады. Есептеу үшін оферта берілген және/немесе келісімшарт жасалған күні қолданыстағы, есеп берудің қайсысы соңғысы болғанына байланысты ай сайынғы, сол сияқты тоқсан сайынғы соңғы мәндер қолданылады. РР үшін кезекті жеткізу жүзеге асырылған тоқсан есеп айырысатын кезеңнің басталуы болып табылады. Орта мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімінің соңғы тоқсаны РР үшін есеп айырысу кезеңнің аяқталуы болып табылады (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*). Ресми түрде танылған ақпарат көздерінің біреуі ғана болжамды бағалар индикатоларын жариялаған кезде РР есептеу үшін жалғыз жарияланған мәндер қолданылады.

      D (discount) – дисконт, %;

      Т (transport and price differential) - табиғи уран концентратын жеткізу шарттарына байланысты трансферттік баға белгілеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен ескерілетін дифференциал (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*).

      Егер табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға жасалған келісімшартта дисконт көзделген жағдайда, онда мәміле бағасын есептеу трейдердің, сауда делдалының немесе агенттің маржасын есепке алмай жүргізіледі;

      Esc (escalation) - эскалация коэффициенті.

      14. Егер Р уранның килограмы үшін АҚШ долларымен есептелген жағдайда, онда U3O8 фунты үшін АҚШ долларымен* есептелген Р-ға U3O8 фунттарын уран килограмдарына аудару коэффициенті қолданылады, ал мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р = ((1-К) х ВР х (100 % - D1): 100 % х Еsc + К х SР х (100 % - D2): 100 % - Т) х С, мұнда:

      С (conversion factor) – U3O8 фунтымен белгіленген, уранның килограмына бөлінген, U3O8 фунттарын уран килограмдарына аудару коэффициенті.

      15. Егер төлем валютасы АҚШ доллары болмаған жағдайда, онда мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р = ((1-К) х ВР х (100 % - D1): 100 % х Еsс + К х SР х (100 % - D2): 100 % - Т) х ЕR, мұнда:

      ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысу күні қолданыста болған және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының11) тармақшасына сәйкес айқындалатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 03.05.2018 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген жағдайлар бір уақытта қолданылған кезде мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р = ((1-К) х ВР х (100 % - D1): 100 % х Еsс + К х SР х (100 % - D2): 100 % - Т) х С х ЕR.

6-тарау. Ұзақ мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасын айқындау тәртібі

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Ұзақ мерзімді келісімшарт үшін мәміле бағасы мынадай формулалардың біреуі бойынша есептеледі:

      1) Р = (1 - K) х ВР х (100 % - D1): 100 % х Esc + K х SP х (100 % - D2): 100 % - Т,

      бұл ретте:

      егер Р < FР, онда Р = FР

      егер Р > СP онда Р = CP, бірақ егер CP < (SР – 10 %), онда Р = (SР – 10 %)**, мұнда:

      Р (price) – мәміле бағасы, (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*);

      ВР (base price) – базалық баға – келісімшарттың барлық орындалу мерзімінде тұрақты мәміле бағасының құрамдас бөлігі – оферта берілген немесе келісімшарт бойынша бірінші жеткізу жүзеге асырылған күнінен бастап әрбір бесінші жылы қайта қарауға жататын келісімшартты жасасу күні табиғи уран концентратына ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*) орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні. Осындай әрбір қайта қарау кезінде ВР, келісімшарт бойынша бірінші жеткізу жүзеге асырылған күннен бастап әрбір бесінші жылдың басына келетін күнгі жағдай бойынша ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*) орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәніне сәйкес келтіріледі.

      BP мыналарға сәйкес айқындалады:

      BP = (AMTP+ASP): 2, мұнда:

      AMTP = (AMTP 1 + AMTP 2): 2,

      ALTPP = (ALTP 1 + ALTP 2): 2,

      AMTP (average mid-term price) – ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*), жарияланатын орта мерзімді индикаторлардың орташа арифметикалық мәні. Ресми түрде танылған ақпарат көздерінің біреуі ғана осындай мәнді жариялаған кезде AMTP ретінде жалғыз жарияланатын мән (орташаландырылмай) қолданылады және AMTP мынаған сәйкес айқындалады:

      AMTP = AMTP 1 немесе AMTP 2, қай мәннің жарияланатынына байланысты;

      ALTP (average long-term price) – ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған жарияланатын ұзақ мерзімді индикаторлардың орташа арифметикалық мәні (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*). Ресми түрде танылған ақпарат көздерінің біреуі ғана осындай мәнді жариялаған кезде ALTP ретінде жалғыз жарияланатын мәні (орташаландырылмай) қолданылады және ALTP мынаған сәйкес айқындалады:

      ALTP = ALTP 1 немесе ALTP 2, қай мәннің жарияланатын болып табылатынына байланысты;

      Ресми түрде танылған ақпарат көздерінде келісімшарт бойынша бірінші жеткізуді жүзеге асырудың әрбір бесінші жылының бірінші күні табиғи уран концентратына орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторлары болмаған кезде, келісімшарт бойынша бірінші жеткізуді жүзеге асырудың бесінші жылының бірінші күнінің алдындағы күні жарияланған табиғи уран концентратына орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторлары қолданылады (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*);

      SР (spot price) – споттық баға – бағаның ауыспалы құрамдас бөлігі – сатып алушыға меншік құқығы ауысатын күні табиғи уран концентратына ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған споттық баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*). Ресми түрде танылған ақпарат көздерінде меншік құқығы ауысатын күнгі споттық баға индикаторлары болмаған кезде меншік құқығы ауысатын күннің алдындағы күні жарияланған споттық баға индикаторлары қолданылады.

      К (коэффициент) – ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған болжамды орта мерзімді бағалардың серпіні мен өзгеру деңгейіне байланысты тәуекелдерді барынша азайту үшін мәміле бағасының формуласымен базалық бағаның және споттық бағаның үлестері айқындалатын коэффициент.

      К мынадай формула бойынша айқындалады:

      К = 0,5 х k, мұнда:

      0,5 – келісімшарт бағасын есептеудің бастапқы кезеңінде базалық баға мен споттық баға үлестерінің теңдігін айқындайтын К коэффициентінің тұрақты бөлігі;

      k – ресми танылған ақпарат көздерінен алынған болжамдық бағалар өзгерісінің деңгейін айқындайтын К коэффициентінің ауыспалы бөлігі. Егер k екіден көп болған жағдайда, онда есептеу үшін екіге тең мән алынады. Есептеулерде үтірден кейін екі мағыналы цифры бар мән қолданылады;

      k мынадай формула бойынша айқындалады:

      k = РР: ВР, мұнда:

      ВР (base price) – базалық баға – келісімшарттың барлық орындалу мерзімінде тұрақты мәміле бағасының құрамдас бөлігі – оферта берілген немесе келісімшарт бойынша бірінші жеткізу жүзеге асырылған күннен бастап әрбір бесінші жылы қайта қарауға жататын келісімшартты жасасу күні табиғи уран концентратына ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*) орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні. Осындай әрбір қайта қарау кезінде ВР, келісімшарт бойынша бірінші жеткізу жүзеге асырылған күннен бастап әрбір бесінші жылдың басына келетін күнгі жағдай бойынша ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*) орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторларының орташа арифметикалық мәніне сәйкес келтіріледі.

      Ресми түрде танылған ақпарат көздерінде келісімшарт бойынша бірінші жеткізуді жүзеге асырудың әрбір бесінші жылының бірінші күні табиғи уран концентратына орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторлары болмаған кезде, келісімшарт бойынша бірінші жеткізуді жүзеге асырудың бесінші жылының бірінші күнінің алдындағы күні жарияланған табиғи уран концентратына орта мерзімді және ұзақ мерзімді баға индикаторлары қолданылады (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*);

      РР (price projection) – табиғи уран концентратына ресми танылған ақпарат көздерінен алынған болжамды баға индикаторларының орташа арифметикалық мәні. Есептеу үшін табиғи уран концентратына (Міd Рrісе Аnnuаl Міdроіnt), Ux Соnsulting LLC "Urаnіum Маrкеt Оutlооk" және "Uranium Market Price Projections" (Term Ref) есебінде тоқсан сайын және Trade Tech LLC "URANIUM Market Study" есебінде ай сайын және тоқсан сайын жарияланатын баға индикаторларының өзгеру болжамының базалық сценарийінің орташа мәні пайдаланылады. Есептеу үшін оферта берілген және/немесе келісімшарт жасалған күні қолданыстағы, ол есеп берудің қайсысы соңғысы болғанына байланысты ай сайынғы, сол сияқты тоқсан сайынғы есеп берудің соңғы мәні қолданылады. РР үшін кезекті жеткізу жүзеге асырылған тоқсан есеп айырысатын кезеңінің басталуы болып табылады. Кезекті жеткізу күнінен бастап бесінші жылдығы келетін тоқсан РР үшін есеп айырысу кезеңнің аяқталуы болып табылады (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*). Тек бір ғана ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған болжамды баға индикатоларын жариялаған кезде РР есептеу үшін жалғыз жарияланатын мән қолданылады.

      D (discount) – дисконт, %;

      Т (transport and price differential) – табиғи уран концентратын жеткізу шарттарына байланысты трансферттік баға белгілеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен ескерілетін дифференциал (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*);

      Табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға жасалған келісімшартта дисконт көзделген болса, онда мәміле бағасын есептеу трейдердің, сауда делдалының немесе агенттің маржасын есепке алмай жүргізіледі;

      Еsс (escalation) — эскалация коэффициенті;

      2) P = MP x (100 % - D): 100 % - Т, бұл ретте:

      Р – мәміле бағасы (U3O8 фунты үшін АҚШ долларымен*);

      MP (market price) – нарыққа байланған бағаның ауыспалы құрамдас бөлігіне байланысты баға – ресми танылған ақпарат көздерінен алынған табиғи уран концентратына споттық баға (жеке-жеке), орта мерзімді баға (жеке-жеке), ұзақ мерзімді баға (жеке-жеке) индикаторларының орташа арифметикалық мәні (U3O8 фунты үшін АҚШ долларымен*) немесе меншік құқығы сатып алушыға ауысу күніне қолданылатын солардың ішіндегі кез келген комбинациясы. Меншік құқығының өту күніне баға индикаторлары ресми мойындалған ақпарат көздерінде болмаған кезде меншік құқығының өту күні алдындағы күніне жарияланған баға индикаторы қолданылады (U3O8 фунты үшін АҚШ долларымен*);

      D (discount) – дисконт, %;

      Т (transport and price differential) – табиғи уран концентратын жеткізу шарттарына байланысты трансферттік баға белгілеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен ескерілетін дифференциал (U3O8 фунтына АҚШ долларымен*);

      Табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға жасалған келісімшартта дисконт көзделген болса, онда мәміле бағасын есептеу трейдердің, сауда делдалының немесе агенттің маржасын есепке алмай жүргізіледі.

      18. Егер Р уранның килограмы үшін АҚШ долларымен есептелсе, онда табиғи уран концентраты (U3O8 фунты үшін АҚШ долларымен*) есептелген Р-ға табиғи уран концентраты (U3O8) фунттарын уран килограмдарына ауыстыру коэффициенті қолданылады, ал мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р = ((1-К) х ВР х (100 % - D1): 100 % х Еsс + К х SР х (100 % - D2): 100 % - Т) х С, мұнда:

      С (conversion factor) – U3O8 фунтымен белгіленген, уранның килограмына бөлінген, U3O8 фунттарын уран килограмдарына аудару коэффициенті.

      19. Егер төлем валютасы АҚШ доллары болмаса, онда мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р = ((1-К) х ВР х (100 % - D1): 100 % х Еsс + К х SР х (100 % - D2): 100 % - Т) х ЕR, мұнда:

      ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысу күні қолданыста болған және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының11) тармақшасына сәйкес айқындалатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 03.05.2018 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларды бір уақытта қолданған жағдайда, мәміле бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р = ((1-К) х ВР х (100 % - D1): 100 % х ЕSс + К х SР х (100 % - D2): 100 % - Т) х С х ЕR.

7-тарау. Үндістан Үкіметі Атом энергиясы департаментінің сатып алу және материалдық қорлар басқармасымен жасалған мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағасын айқындау тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қағидалар 7-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 15.07.2015 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Мәмілелер бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      P = SP х (100%-D):100%, мұнда:

      P (price) – уран концентратының бағасы (U3O8 фунтына/АҚШ долларымен);

      SP (spot price) – меншік құқығының сатып алушыға ауысу күнінің алдындағы алты айдағы Trade Tech LLC (Exchange Value) споттық бағасының орташа арифметикалық мәні;

      D (discount) – дисконт, %.

8-тарау. Electricite de France француз атом электр станциялары операторымен жасалған мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағаларын айқындау тәртібі

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қағидалар 8-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1041 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Мәмілелер бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      P = 0.50 x BP x Esc + 0.50 x SP x (100% - D): 100%, мұнда:

      P (price) – уран концентратының бағасы (U3O8 фунтына АҚШ долларымен);

      BP – (base price) – оферта берілген немесе келісімшарт жасалған күнге ресми танылған ақпарат көздерінен (U3O8 фунтына АҚШ долларымен) алынған табиғи уран концентратының орта мерзімді және ұзақ мерзімді индикаторларының орташа арифметикалық мәнінен төмен болмайтын шамаға тең бағаны құрайтын, келісімшартты орындаудың бүкіл мерзімінде тұрақты болатын базалық баға;

      SP (spot price) – меншік құқығының сатып алушыға ауысу күнінің алдындағы алты ай ішіндегі Trade Tech LLC (Exchange Value) және Ux U3O8 Month End Spot price споттық бағаларының орташа арифметикалық мәні;

      D – (discount) – дисконт, %.

      SP жоғарғы шегі Ux Consulting LLC "Uranium Market Outlook" есебінде тоқсан сайын жариялайтын, оферта берілген және/немесе келісімшарт жасалған күнге қолданыста болатын табиғи уран концентраты (High Price Midpoint) бағаларының болжамды индикаторларының мәнінен төмен болмауға тиіс.

      Эскалация коэффициенті (Esc) жылына 2%-дан аспауға тиіс.

      Ескертпе:

      * Қазақстан Республикасында ресми түрде танылған ақпарат көздері – Trade Tech LLC және UX Consulting LLC, табиғи уран концентратына қатысты тек U3O8 уран тотығы-шала тотығына арналған споттық баға индикаторларын жариялайды. Осыған байланысты, U3O8 уран тотығы-шала тотығынан өзгеше табиғи уранның басқа концентраттарына қатысты U3O8 бір фунты үшін АҚШ долларымен ұқсас баға индикаторлары қолданылады.

      ** Егер осы Қағидаларға сәйкес табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген формула бойынша есептелген мәміле бағасы FР-дан төмен болған жағдайда, мәміле бағасы ретінде FР мәні қолданылады.

      Егер осы Қағидаларға сәйкес табиғи уран концентратын (U3O8) сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген формула бойынша есептелген мәміле бағасы СР-нен жоғары болған жағдайда, мәміле бағасы ретінде СР мәні қолданылады. Егер СР меншік құқығы ауысқан күні ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған табиғи уран концентратының споттық бағасы индикаторларының он пайызға азайтылған орташа арифметикалық мәнінен төмен болған жағдайда, меншік құқығы ауысқан күні ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған табиғи уран концентратының споттық бағасы индикаторларының он пайызға азайтылған орташа арифметикалық мәні мәміле бағасы ретінде қолданылады.

      Төменгі және (немесе) жоғарғы шектер мәміле бағасы ретінде, егер осындай шектер табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген жағдайда ғана қолданылады.

      Коэффициенттерді мәміле бағасын айқындау үшін пайдаланған кезде дөңгелектеу қағидалары табиғи уран концентратын сатып алу-сату келісімшарттарында (шарттарда) белгіленеді.

      ***7-бөлімнің талаптары "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы мен Үндістан Үкіметі Атом энергиясы департаментінің Сатып алу және материалдық қорлар басқармасы арасындағы табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға 2015 – 2019 жылдар кезеңіне арналған келісімшарттарға сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағасын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.

      **** 8-бөлімнің талаптары "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы мен EIectricite de France француз атом электр станциялары операторының арасындағы табиғи уран концентратын сатып алу-сатудың 2021 - 2025 жылдар кезеңіне арналған келісімшарттарына сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағаларын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.

      Ескерту. Ескерпеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2015 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2015 № 1041 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

9-тарау. Табиғи уран концентратын ерекше жағдайларда өткізу бағасын айқындау тәртібі

      Ескерту. Қағидалар 9-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Салық салу мақсаттары үшін баға мынадай жағдайларда:

      егер мәміле табиғи уран концентратын түпкілікті тұтынушы өткізген тендер (конкурс) нәтижелері бойынша оферта берілген күнгі нарықтық бағалар деңгейінен төмен емес баға бойынша жасалса;

      егер мәміле БҰҰ жүйесіндегі тәуелсіз халықаралық ұйым – Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (АЭХА) жасалса, баға нарықтық болып танылады.

      24. Табиғи уран концентратын уран өнімін өңдеуші зауытқа өткізген және кейін оны неғұрлым жоғары өңделген (БУӨ) материал (өнім) түрінде сатып алған кезде, егер ол табиғи уран концентраттарын өңдеуші зауытқа өткізу бағасына тең болса, БУӨ құнындағы табиғи уран концентраттарын кері сатып алу бағасы салық салу мақсаттары үшін нарықтық болып танылады.

      Табиғи уран концентраттарын неғұрлым жоғары өңделген уран өнімінің құнымен өткізген кезде, егер ол БУӨ-ні, отын таблеткаларын және жылу бөлгіш құрастырмаларды біртіндеп өткізген кезде өзгеріссіз қалса, баға салық салу мақсаттары үшін нарықтық болып танылады.";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      * Қазақстан Республикасында ресми түрде танылған ақпарат көздері – Trade Tech LLC және UX Consulting LLC табиғи уран концентратына қатысты тек U3O8 тотығы-шала тотығына ғана арналған споттық баға индикаторларын жариялайды. Осыған байланысты U3O8 тотығы-шала тотығынан өзгеше табиғи уранның басқа концентраттарына қатысты U3O8 бір фунты үшін АҚШ долларымен ұқсас баға индикаторлары қолданылады.

      ** Егер осы Қағидаларға сәйкес табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген формула бойынша есептелген мәміле бағасы FР-дан төмен болған жағдайда мәміле бағасы ретінде FР мәні қолданылады.

      Егер осы Қағидаларға сәйкес табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленген формула бойынша есептелген мәміле бағасы СР-дан жоғары болған жағдайда мәміле бағасы ретінде СР мәні қолданылады. Бірақ егер СР меншік құқығы ауысқан күні ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған табиғи уран концентратының споттық бағалары индикаторларының он пайызға азайтылған орташа арифметикалық мәнінен төмен болған жағдайда меншік құқығы ауысқан күні ресми түрде танылған ақпарат көздерінен алынған табиғи уран концентратының споттық бағалары индикаторларының он пайызға азайтылған орташа арифметикалық мәні мәміле бағасы ретінде қолданылады.

      Егер табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшартта төменгі және (немесе) жоғарғы шектер белгіленсе ғана олар мәміле бағасы ретінде қолданылады.

      Мәміле бағасын айқындау үшін формулаларды пайдаланған кезде коэффициенттерді дөңгелектеу қағидалары табиғи уран концентратын сатып алу-сату келісімшарттарында (шарттарда) белгіленеді.

      *** 7-тараудың талаптары "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы мен Үндістан Үкіметі Атом энергиясы департаментінің сатып алу және материалдық қорлар басқармасы арасындағы табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға 2015 – 2019 жылдар кезеңіне арналған келісімшартына және осындай баға формуласы бойынша Үндістан Үкіметі Атом энергиясы департаментінің сатып алу және материалдық қорлар басқармасымен жасасқан басқа да келісімшарттарға сәйкес мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағаларын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.

      **** 8-тараудың талаптары "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы мен Electricite de France француз атом электр станциялары операторының арасындағы табиғи уран концентратын сатып алу-сатудың 2021 – 2025 жылдар кезеңіне арналған келісімшартына және осындай баға формуласы бойынша Electricite de France жасасқан басқа да келісімшарттарға сәйкес мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағаларын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.