"Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 209 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 560 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 313-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларында:

      45-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөліммен толықтырылсын:

      "Тиісті аумақта карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу (күшiн жою), Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешім қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу құжаттар ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев