"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 192 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 156-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі:

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілетін "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) органдары, олардың ұйымдары мен АХҚО-ның қатысушылары туралы мәліметтер тізбесі АХҚО-ның актілерінде айқындалады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев