"Өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудағы сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 5 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 18 нормативтік қаулысы.

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоқ болған заңды тұлғалар мен жоқ болған борышкерді, сонымен қатар өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудағы сот практикасы туралы";

      2) 1-тармақта:

      "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 39, 53-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      ""Банкроттық туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) 7, 9, 9-1-тарауларында" деген сөздер ""Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V Заңының (бұдан әрі - Заң) 7, 8 және 9-тарауларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 2-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңның 1-бабы 15) тармақшасына сәйкес жоқ болған борышкер – тұрақты жұмыс істейтін органның, сондай-ақ борышкер оларсыз өз қызметiн жүзеге асыра алмайтын қатысушылары мен лауазымды адамдарының тұрғылықты жерiн немесе тіркелген жерiн немесе орналасқан жерін алты ай iшiнде анықтау мүмкiн болмаған борышкер.";

      үшінші абзацтағы "тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз)" деген сөздер "тиісті лицензиясыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 3-тармақтағы бірінші абзацтың бірінші сөйлемі, алтыншы абзац алып тасталсын;

      5) 4-тармақта:

      "16", "94-95" деген цифрлар тиісінше "19", "57, 118" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "94-бабымен" деген сөздер "44, 47-баптарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Салық органдары АК-нің 49-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша соттарға заңды тұлғаны тарату туралы талаптар қоюға құқылы.

      Тиісті лицензиясыз қызметін жүзеге асыруына байланысты заңды тұлғаны тарату туралы талапты қою құқығына лицензиар ие болады.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңның 133-бабының 1-тармағына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорынды Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды жергілікті атқарушы органдар құрады.

      Республикалық заңды тұлғаны, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімімен тиісті саланың уәкілетті органы таратады. Коммуналдық заңды тұлғаны жергілікті атқарушы орган немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімімен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округі әкімінің аппараты таратады.

      Мемлекеттік мекеменің өзі құрылтайшы болған жұмыс істемейтін басқа мемлекеттік мекемені тарату туралы талабы қанағаттандырылуға жатпайды, өйткені осындай заңды тұлғаны тарату рәсімін АК-нің 50-бабына сәйкес сот емес, тарату туралы шешім қабылдаған орган жүзеге асырады.";

      екінші, үшінші абзацтар тиісінше жетінші және сегізінші абзацтар деп есептелсін;

      6) 5-тармақта:

      "өзін-өзі" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "кері қайтаруы" деген сөздерден кейін ", сонымен қатар корпорациялық табыс салығы туралы (жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерімдер туралы) декларацияны немесе оңайлатылған декларацияны заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң табыс етпеуі" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 6-тармақтағы "тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті" деген сөздер "заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәландыратын құжаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 9-тармақта:

      "АІЖК-нің" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "30", "22, 23, 24, 26" деген цифрлар тиісінше "31", "44, 45, 46, 47" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "3-бабының 4-тармағымен" деген сөздер "5-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(кемінде 150 айлық есептік көрсеткіш)" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 10-тармақтағы "Азаматтық кодекстің", "АК" деген сөздер "АК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 14-тармақ алып тасталсын;

      11) 15-тармақтағы екінші, үшінші, төртінші абзацтар алып тасталсын;

      12) 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Уәкілетті орган жоқ болған борышкерді таратуды банкроттық рәсімді қозғамастан Заңның 118-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.";

      13) 20-тармақтағы "конкурстық басқарушының, уәкілетті органның немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      14) 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Уәкілетті органға тарату рәсімін жүргізу міндеті жүктелген кезде оған Заңда көзделген әкімшінің құқықтары мен міндеттері ауысады. Банкротта активтер, сонымен қатар Заңның 7-бабында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп тануға жататын мәмілелер болмаған жағдайда, уәкілетті орган кредит берушілер жиналысына келісу үшін қорытынды есепті және тарату балансын бір ай мерзімде ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган кредит берушілер жиналысымен келіскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде қорытынды есеп пен тарату балансын бекіту үшін сотқа ұсынуға міндетті, сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкроттың банктік шоттарын жабуға және мемлекеттік кіріс органына салық төлеуші куәлігін және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті (егер ол бар болса) тапсыруға міндетті.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Ж. Асанов
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы
Г. Әлмағамбетова