"Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 176 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 65, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін, "Пробация туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін айқындайды.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамдарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пробация қызметі әзірлеген әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына (бұдан әрі – жеке бағдарлама) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пробация қызметі қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігімен бірлесіп әзірлеген жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді.

      4. Әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсету сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамдарға қатысты жүзеге асырылады.

      Оларды есепке қою кезінде пробация қызметі:

      1) денсаулық жағдайын анықтай отырып, адамның жеке басын, оның білім деңгейін және жұмыспен қамтылғандығын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын зерделейді, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;

      2) әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін түсіндіреді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жеке бағдарламаның бір данасы:

      1) шартты түрде сотталғанның бақылау ісіне;

      2) бас бостандығын шектеуге сотталған адамның жеке ісіне;

      3) бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жинақтау ісіне;

      4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамға қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамның жинақтау ісіне;

      5) бас бостандығынан айыруға сотталған адамның жеке ісіне;

      6) сотқа дейінгі пробацияға жататын адамның жинақтау ісіне;

      7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру айыппұлға ауыстырылған адамның жинақтау ісіне;

      8) сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімін өтеген адамның жинақтау ісіне қосылады.

      Жеке бағдарламаның екінші данасы пробация қызметінде есепте тұрған адамға қол қойылып беріледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Пробация қызметінде есепте тұрған адам әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тартқан жағдайда – пробация қызметінің қызметкері, ал пенитенциарлық пробацияға жататын адамға қатысты пробация қызметінің қызметкерлері қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тиісті акті жасайды, ол іске қосылады.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 сәуірдегі
№ 176 қаулысына
1-қосымша


  Пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарға
әлеуметтік-құқықтық көмек
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

____________________________________________________________________
(пробация қызметінің атауы)

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы


      Мен,___________________________________________________________

      (пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор)

      қызметкердің тегі, аты-жөні)

      _____________________________________________________________ тұратын (мекенжайы)

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      денсаулық жағдайының, білім деңгейі мен жұмыспен қамтылуының, тұрғылықты жерінің бар-жоғының, сондай-ақ өзге де мәліметтердің (сотқа дейінгі, үкімдік немесе пенитенциарлықтан кейінгі пробацияға жататын адамдар)

      (қажетінің астын сызу)

      нәтижелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасадым,

      ол мынадай әлеуметтік-құқықтық көмектің көрсетілуіне мұқтаж:

      1) медициналық қызмет алуға (қажет болған жағдайда);

      2) құқықтық көмекке (қажет болған жағдайда):

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамның қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеуге;

      әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беруге;

      өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесуге;

      3) білім алуына көмек көрсетуге (қажет болған жағдайда);

      4) кәсіпті меңгеруіне және жұмысқа орналастыруға (қажет болған жағдайда);

      5) арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсететін (жазасын өтеген адамның тұрғын үйі болмаған немесе одан айырылған жағдайда) уақытша тұру ұйымына орналастыруға;

      6) өзге де көмек алуға (қажет болған жағдайда).

      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор) жасады.

      _________________ ________________ _____________________

      (атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      20___ жылғы "___" ______________


      М.О.


      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен таныстым және келісемін ___________________________ ________________

      (адамның тегі және аты-жөні) (қолы)

      20___ жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 сәуірдегі
№ 176 қаулысына
2-қосымша


  Пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарға
әлеуметтік-құқықтық көмек
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

____________________________________________________________________
(мекеменің атауы)

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы

      Біз, төменде қол қоюшылар: __________________________________________
(пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор)

      ________________________________________________________________________________

      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегi қызметкерімен бірлесіп)

      түзеу мекемесінен босағаннан кейін _______________________________________________

      ____________________________________________________________________ тұратын
(мекенжайы)

      _______________________________________________________________________________
(адамның тегі және аты-жөні)

      денсаулық жағдайының, білім деңгейі мен жұмыспен қамтылуының, тұрғылықты жерінің бар-жоғының, сондай-ақ өзге де мәліметтердің (пенитенциарлық пробацияға жататын адамдар) нәтижелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасадық,

      ол мынадай әлеуметтік-құқықтық көмектің көрсетілуіне мұқтаж:

      1) медициналық қызмет алуға (қажет болған жағдайда);

      2) құқықтық көмекке (қажет болған жағдайда):

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамның қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеуге;

      әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беруге;

      өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесуге;

      3) білім алуына көмек көрсетуге (қажет болған жағдайда);

      4) кәсіпті меңгеруіне және жұмысқа орналастыруға (қажет болған жағдайда);

      5) арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсететін (егер жазасын өтеген адамның тұрғын үйі болмаған немесе одан айырылған жағдайда) уақытша тұру ұйымына орналастыруға;

      6) өзге де көмек алуға (қажет болған жағдайда).

      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор) мекеменің сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегi қызметкерімен бірлесіп жасады.

      _____________ ________________ _____________________

      (атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      _____________ ________________ _____________________

      (атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      20___ жылғы "___" ______________


      М.О.

      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен таныстым және келісемін _____________________________________ ________________

      (адамның тегі және аты-жөні) (қолы)


      20___ жылғы "___" _____________