Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.08.2019 № 637 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әскери мүліктің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 1039 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери мүлік айналымының жекелеген мәселелері";
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып белгіленсін:".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |