Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 5 қарашадағы N 1398 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 8 шілде N 733. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысымен.

      "Өнiм" ашық акционерлік қоғамы тартқан, мемлекет кепілдік берген қарыз шеңберінде "Джон Дир" мақта жинау комбайндарын сатып алуға республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтарып алу мақсатында:
      1. "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ) кейiннен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне беру үшiн Алматы қалалық сотының 2001 жылғы 15 қаңтардағы шешiмiнiң негiзiнде "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ-тың пайдасына өндiрiп алынған саны 100 (жүз) бiрлiк "Джон Дир" мақта жинау комбайндарын "Өнiм" ашық акционерлiк қоғамының берешегiн өтеу есебiне қабылдау ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ осы өкiмнiң 1-тармағында көрсетiлген iс-шараларды жүргiзгеннен кейiн заңнамада белгіленген тәртiппен "Джон Дир" мақта жинау комбайндарын мемлекеттiк меншiкке қабылдауды, сақтауды және сатуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.

       Премьер-Министр