Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 8 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен байқау кеңестері енгізіле отырып, қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарына (бұдан әрі – кәсіпорындар) қайта ұйымдастырылсын.

      3. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      2) денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындардың жарғыларын бекітуге енгізуді;

      2) әділет органдарында кәсіпорындарды мемлекеттік тіркеуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.02.2017 № 71 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.02.2017 № 71; 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев



Қазақстан Республикасы


Үкіметінің


2016 жылғы 18 қаңтардағы


№ 8 қаулысына


қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қарамағындағы қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің байқау кеңесімен "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің байқау кеңесімен "Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

      3.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің байқау кеңесімен "Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің байқау кеңесімен "Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Бурабай" республикалық оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің байқау кеңесімен ""Бурабай" республикалық оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.