Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.03 № 11-06/73 Бұйрығымен.
Бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
1. "Бағалау қызметi субъектiлерiнiң, бағалау принциптерiмен пайдаланатын бағалау жөніндегі жұмыстарын орындау сапасына қойылатын талаптарды қолдануы жөнiндегi ереженi бекiту туралы" N 2071 болып тiркелген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2002 жылғы 23 қарашадағы N 179 (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде N 2071 болып тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенiнде жарияланған, 2003 ж., N 3, 774-құжат) бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
осы бұйрықпен бекiтiлген, Бағалау қызметi субъектiлерiнiң, бағалау принциптерiмен пайдаланатын бағалау жөнiндегi жұмыстарды орындау сапасына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалауды жүргiзу шарты мыналарды қамтуы тиiс:
1) тапсырушы мен бағалаушының деректемелерi - тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жерi; заңды тұлға үшiн - атауы, орналасқан жерi (пошталық мекен-жайы), банктiк деректемелерi;
2) бағалау объектiсiнiң (объектiлерiнiң) атауы және (немесе) орналасқан жерi, айқындалатын құнның түрi;
3) бағалау түрi;
4) бағалау объектiсiнiң түрi;
5) бағалау жүргiзу мерзiмдерi;
6) көрсетiлетiн қызметтер үшiн ақы төлеудiң шарттары, тәртiбi және мөлшерi;
7) тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi;
8) тапсырушының бағалау объектiсiне меншiк құқығын растайтын құжатының деректемелерi, не тапсырушыға бағалау туралы шарт жасау құқығын беретiн өзге де негiздемелер;
9) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның деректемелерi (лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi, оны берген органды көрсете отырып).
Бағалау жүргiзу шартында өзге де талаптар да болуы мүмкiн.";
7-тармақтың 2) тармақшасында "сақтандырушы," деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр