"Павлодар МХЗ жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар белгілеу және "Павлодар МХЗ жаңғырту" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 381 қаулысы

      2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1403 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 724-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) арнаулы ғылыми білім құралдарымен қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамалар мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысаны болып белгіленсін.».
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысына өзгерістерді бекітуге ұсынуды;
      2) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов