"Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 367 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 шiлдедегi № 512 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.07.2022 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 242-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Эмиссиялардың нақты көлемінің белгіленген нормативтерден асып түсуі құралмен өлшеу жолымен не заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесіне сәйкес есептеу жолымен айқындалады.

      Ластаушы заттың нақты массасын шартты тоннаға ауыстыру оның тоннадағы массасын заттың 1/ШЖБК мәніне тең қауіптілік коэффициентіне (Аi) көбейту жолымен жүзеге асырылады.";

      Ережеге 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 21 маусымдағы
№ 367 қаулысына
қосымша
Ережеге 3-қосымша

Атмосфералық ауаны стационарлық көздердің шығарындыларымен ластаудан, су ресурстарын ластаудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалауды айқындау есептемелері

      1. Атмосфералық ауаны стационарлық көздерден және газды алау етіп жаққаннан болған шығарындылармен і-лік ингредиент бойынша белгіленген нормативтерден тыс ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау жанама әдіспен мынадай формула бойынша айқындалады:

      Uі= Cіс жүз.і Cнормі х 3600/1000000 х Аі х Т х 2,2 АЕК х 10 х К1 х К2,

      мұндағы:

      Uі – стационарлық көздерден және газды алау етіп жағудан атмосфералық ауаны і-ингредиентпен ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау, теңге;

      Cіс жүз.і – мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында анықталған і-лік ластаушы заттың іс жүзіндегі шығарындысы, г/сек;

      Cнормі – і-лік ластаушы зат шығарындысының нормативі, г/сек;

      Аі – салыстырмалы қауіптілік коэффициенті, мына формула бойынша айқындалады:

      Аі – 1/ШЖБШот, мұнда ШЖБШот – атмосфералық ауада ластаушы заттың шекті жол берілетін орташа тәуліктік шоғырлануы;

      Т – мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында жүргізілген соңғы тексеруден бері өткен уақыт ретінде қабылданатын залал келтіру кезеңіндегі жабдықтың жұмыс уақыты (сағатпен);

      АЕК – тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;

      10 – арттыру коэффиценті;

      К1 – экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;

      К2 – экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.

      2. Су ресурстарын белгіленген нормативтерден тыс і-лік ингредиент бойынша ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мына формула бойынша айқындалады:

      Uі = Cіс жүз.і Cнормі х Vіс жүз. х 30 АЕК х Аі х 10 х К1 х К2, мұндағы:

      Uі – і-лік ингредиентпен су ресурстарын ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау (теңге);

      Cіс жүз.і – сарқынды сулардағы і-лік ластаушы заттың нақты шоғырлануы, мг/л;

      Cнормі – і-лік ластаушы зат төгіндісінің нормативі, мг/л;

      Vіс жүз – мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында жүргізілген соңғы тексеруден бері өткен уақыт ретінде қабылданатын кезеңдегі су бүру көлемі, млн. текше м;

      N = 30 – сарқынды суларды су объектілеріне ағызу үшін;

      N = 18 – жинақтауыштарға, жер бедеріне және сүзу алқаптарына сарқынды суларды ағызу үшін;

      АЕК – тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;

      Аі – салыстырмалы қауіптілік коэффициенті, мына формула бойынша айқындалады:

      Аі = 1/ШЖБШ3, мұнда ШЖБШ3 – осы түрдегі су объектісінде ластаушы заттың шекті жол берілетін шоғырлануы;

      10 – арттыру коэффиценті;

      К1 – экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;

      К2 – экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.

      3. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрін белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мына формула бойынша айқындалады:

      Uі = (Fіс жүз.і – Fнормі) х Сқал х 10 Х К) Х К2

      мұндағы:

      Uі – өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрін орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау, теңге;

      Fіс жүз.і – тексерілетін кезеңде өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрін орналастырудың іс жүзіндегі көлемі, тонна;

      Fнормі – тексерілетін кезеңде өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрін орналастырудың нормативтік көлемі, тонна;

      Сқал – өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрінің 1 тоннасын орналастыру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген төлемақы мөлшерлемесі, теңге;

      10 – арттыру коэффициенті;

      К1 – экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;

      К2 – экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.

      4. Радиоактивті қалдықтар болып табылмайтын, шектеулі пайдаланылатын материалдарға жататын және белгіленген нормативтерден тыс өнеркәсіптік қалдықтарды көму орындарында орналастырылуға тиіс, құрамында жасанды және табиғи радионуклидтер санитарлық нормалардан 0,3 кБк/кг-нан асатын, бірақ альфа сәулесін шығаратын радионуклидтер үшін 10 кБк/кг-нан аспайтын радионуклидтер және бета сәулесін шығаратын радионуклидтер үшін 100 кБк/кг-нан аспайтын радионуклидтер бар құрылыс материалдарын, тау-кен өндірісінің атжалдары мен шламдарын, сарқынды сулар мен кеніштер суларын қоршаған ортада орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы қосымшаға сәйкес жасыл индекс бойынша айқындалады.

      5. Егер құралмен өлшеуді жүргізу мүмкін болмаса, онда і-лік ингредиент бойынша атмосфералық ауаны, газды алау етіп жағудан және су ресурстарын ластаудан келетін залалды экономикалық бағалау мына формула бойынша айқындалады:

      Uі =іс жүз.і – Снормі) х N АЕК х Аі х 10 х К1 х К2

      мұндағы:

      Uі – і-лік ингредиент бойынша атмосфералық ауаны және су ресурстарын ластаудан келетін залалды экономикалық бағалау, теңге;

      Сіс жүз.і – і-лік ластаушы заттың қоршаған ортаға залал келтіру кезеңінде іс жүзіндегі шоғырлануы мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында табиғат пайдаланушылардың есептік деректерін, сондай-ақ электрондық құралдардың көрсеткіштерін және т.б. негізге ала отырып есептеу әдісімен айқындалады, тонна;

      Снормі – і-лік ластаушы зат шығарындысының не төгіндісінің нормативі, тонна;

      N = 2,2 – стационарлық көздерден және газды алау етіп жағудан ластаушы заттардың шығарындыларымен қоршаған ортаны белгіленген нормативтерден тыс не экологиялық рұқсатсыз ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау үшін;

      N = 30 – су объектілеріне ластаушы заттардың төгінділерімен қоршаған ортаны белгіленген нормативтерден тыс не экологиялық рұқсатсыз ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау үшін;

      N = 18 – жинақтауыштарға, жер бедеріне және сүзу алқаптарына белгіленген нормативтерден тыс не экологиялық рұқсатсыз ластаушы заттардың төгінділерімен қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау үшін;

      АЕК – тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;

      Аі – салыстырмалы қауіптілік коэффициенті, мына формула бойынша анықталады:

      Аі = 1/ШЖБШ, мұнда ШЖБШ – атмосфералық ауада ластаушы заттың шекті жол берілетін орташа тәуліктік шоғырлануы не су ресурстарында ластаушы заттың шекті жол берілетін шоғырлануы;

      10 – арттыру коэффиценті;

      К1 – экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;

      К2 – экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.