23.05.2016

Шарап материалын, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен қайта таңбалаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 653-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін 2015 жылғы 23 мамырдан бастап енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау мүмкіндігімен,
2017 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде шарап материалын, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен қайта таңбалау жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2041 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 497-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2041 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1473 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 123-құжат).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов


Дата вступления в силу:  23.05.2016
Дата изменения акта:  23.05.2016
Дата принятия акта:  23.05.2016
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 04.06.2016 ж., № 106 (28834); "Казахстанская правда" от 04.06.2016 г., № 106 (28232); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 31, 180-құжат. Басуға қол қойылған күні 19.06.2016 ж.;
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  43761
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  300
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  005012000000 / 005004005000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ / ИЗМ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz