"Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті лицензиясыз жүзеге асыру кезінде тапқан табысты алу жөніндегі заңнаманы соттардың қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 4 және "Іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 25 қарашадағы № 11 Нормативтік қаулысы

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті лицензиясыз жүзеге асыру кезінде тапқан табысты алу жөніндегі заңнаманы соттардың қолдануы туралы" 2004 жылғы 18 маусымдағы № 4:

      бүкіл мәтін бойынша "Кодекстің" деген сөз "ӘҚБтК-тің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңының (бұдан әрі — Заң) 28-бабының 1-тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағының 1)-ден бастап 26) тармақшаларында көзделген салалардағы жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттер (операциялар) лицензиялауға жататынына соттар назар аударсын.

      Жүзеге асыру үшін тұлғаның белгіленген тәртіппен лицензияны алуға міндетті болатын қызмет түрінің және кіші түрінің толық тізбесі Заңға 1-ҚОСЫМШАДА көзделген.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тұлғалар қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін Заңның 3-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабында (бұдан әрі — ӘҚБтК) көзделген әкімшілік жауаптылықта немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214-бабында көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.";

      3-тармақтағы "45, 50" деген сандар "41, 45" деген сандармен ауыстырылсын;

      4-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақта:

      бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лицензия беруші Заңның 30-бабына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей беретініне соттар назар аударсын. Лицензия алушының арызға тіркеп беретін құжаттарының тізбесі Заңның 29-бабында көрсетілген және кеңейтіп түсіндіруге жатпайды.

      Егер арыз берушіге лицензия белгіленген мерзімде берілмесе немесе Заңның 32-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша лицензия беруден бас тарту жөнінде уәжді жауап берілмесе, онда оның көрсетілген мерзім өткеннен кейін тапқан табысы лицензиясыз қызметтен алынған табыс ретінде қарастырыла алмайды. Мұндай табыс тәркіленуге жатпайды.";

      үшінші абзацтағы "шағын кәсіпкерлік субъектілерінің" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:

      бірінші абзацтағы "635" деген сандар "803" деген сандармен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "2000 жылғы 30 қарашадағы № 109-ІІ" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) "Іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолданудың кейбір басқа да мәселелері туралы" 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы";

      кіріспедегі "заңнаманың кейбір нормаларын" деген сөздер "істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші абзацтағы "785-бабының 1, 2" деген сөздер "785-бабының бірінші және екінші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "786-бабы 1-бөлігінің 1), 3), 4), 5), 7) тармақшаларымен және 2-бөлігімен" деген сөздер "786-бабы бірінші бөлігінің 1), 3), 4), 5), 7) тармақшаларында және екінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "заңды тұлғаның заңды өкілін" деген сөздер "заңды тұлғаның өкілін, лауазымды адамды, сондай-ақ көлік құралдарын, кемені және құқық бұзушылық жасаудың басқа да құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "786-бабы 1-бөлігінің 8) тармақшамен" деген сөздер "786-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, белгілі бір уақыт ішінде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыруды" деген сөздер "Жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, белгілі бір уақыт ішінде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан қысқаша мерзімге шектеуді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін сезікті адамның құқыққа қарсы іс-әрекеттерінің жолын кесу" деген сөздер "құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе іс жүргізуді қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "заттар," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарлар," деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақта:

      бірінші абзацтағы "құжаттар не заттар" деген сөздер "құжаттар мен заттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарлар," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацтағы "құжаттар мен заттарды," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарлар," деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақта:

      үшінші абзацтағы "Көлiк құралын," деген сөздерден кейін "кемені, оның ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      алтыншы абзацтағы "Көлік құралын" деген сөздерден кейін "кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақтағы "ӘҚБтК-нің 797-бабының 1-бөлігінде" және "осы баптың 2-бөлігінде" деген сөздер тиісінше "ӘҚБтК-нің 797-бабының бірінші бөлігінде" және "осы баптың екінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақтағы "798-801" деген сандар "798, 799, 800 және 801" деген сандармен ауыстырылсын;

      13, 15, 17 және 20-тармақтар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ.МӘМИ

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Қ.ШАУХАРОВ