2016 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормалары»;
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. |
Тірі ірі қара мал |
01.41.10 |
бас |
5 |
».
2. Осы қаулы 2016 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов