Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2020 № 675 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағына және 55-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын (бұдан әрi – Мемлекеттік шекара) шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекараны қайта шегендеу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен Мемлекеттiк шекараны шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекараны қайта шегендеу жөнiндегi бiрлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасы үкiметтiк делегациясының (бұдан әрi – делегация) құрамы бекiтiлсiн.
2. Делегация:
1) 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2001 жылғы 5 шiлдедегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесi туралы шартқа, 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартқа, 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы туралы шартқа, 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2002 жылғы 9 қыркүйектегi Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттiк шекарасының жекелеген учаскелерi туралы шартқа, 2005 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасы туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын шегендеуді ұйымдастырсын және жүргiзсiн;
2) шегендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Мемлекеттiк шекара сызығы өтуінiң хаттама-сипаттамаларын, Мемлекеттiк шекара сызығы және шекаралық белгiлер бейнеленген келiсiлген масштабтағы карталарды, шекаралық белгiлердiң хаттамаларын, шекаралық белгiлердiң координаталары мен биiктiктерiнiң каталогтарын, шекаралық белгiлер бағаналарының өзара орналасу схемаларын, аралдардың тиесiлiлiк кестелерiн, делегация басшысы не оның орынбасарлары қол қоятын шегендеу комиссияларының жұмысы туралы қорытынды хаттамаларды дайындасын;
3) 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2002 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттамаға сәйкес Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін бірлескен тексеруді және қажет болған жағдайда қайта шегендеуді (жоғалған шекаралық белгілерді қалпына келтіруді және ескіргендерін жөндеуді, қосымша шекаралық белгілер орнатуды) ұйымдастырсын және жүргізсін;
4) қайта шегендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін бірлескен тексеру туралы хаттаманы, Мемлекеттік шекара сызығы өтуінің хаттама-сипаттамасын (тексеру нәтижелері бойынша түзетілген редакцияда), келісілген масштабтағы шегендеу карталарын (жергілікті жердің қазіргі жағдайына сәйкес түзетілген), тексеру нәтижелері бойынша қайта орнатылған немесе жаңадан орнатылған шекаралық белгілердің хаттамаларын, сондай-ақ шекаралық белгілердің координаталары мен биіктіктері каталогына, шекаралық белгiлер бағаналарының өзара орналасу схемаларына және аралдардың тиесілілік кестесіне толықтырулар мен түзетулер дайындасын;
5) шегендеу және қайта шегендеу барысында туындаған және тиісті комиссиялар шеше алмайтын мәселелердi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiкті атқарушы органдары, тиісті ұйымдар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң сұратуы бойынша:
1) делегация құрамында Қазақстан Республикасының шегiнде және одан тыс жерлерде жүзеге асырылатын жұмысқа үшін өз өкiлдерiн жiберсiн (Қазақстан Республикасының шегiнде – iссапар шығыстарын төлей отырып);
2) Мемлекеттік шекараны шегендеу және қайта шегендеу жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдем көрсетсiн және осы жұмыстардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнінде қажеттi шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi делегация мүшелерiне және сарапшыларға 003 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын делимитациялау және демаркациялау" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жасалатын iссапар шығыстарына қаражат бөлу туралы шешiмдер қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен бірлесіп, шекаралық белгілерді орнату және қайта орнату, шекаралық соқпақтарды салу, геодезиялық, гидрографиялық және топографиялық жұмыстар жүргiзу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруды, Мемлекеттiк шекараны шегендеу және қайта шегендеу нәтижелерi бойынша құжаттарды дайындау мен басып шығаруды жүзеге асырсын.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 21.05.2019 № 300 қаулысымен.6. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметi (келiсім бойынша), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi және тиiстi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерi хаттамалық iс-шараларды ұйымдастыруды, делегациялар мүшелерiнiң жеке қауiпсiздiгiн, олардың мүлiктерi мен құжаттамаларына, оның iшiнде кедендiк шекарадан өту кезінде қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етудi, Қазақстан Республикасының аумағында келiссөздер жүргiзу және шегендеу және қайта шегендеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде олардың тіркелуі мен кедергісіз жүрiп-тұруын жүзеге асыру жөнiнде жәрдем көрсетудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында келiссөздер, консультациялар және кездесулер өткiзу кезiнде Мемлекеттік шекараны шегендеу және қайта шегендеу жөніндегі бірлескен комиссиялардың жұмыс iстеуiне жағдай жасауды қамтамасыз етсiн.
7. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 804 қаулысымен бекітілген |
Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қайта шегендеу жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасы үкіметтік делегациясының құрамы
Ескерту. Делегациясының құрамы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 21.05.2019 № 300 қаулысымен.
1. | Аманжолова Зүлфия Алтайқызы | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, жетекші |
2. | Ғиззатов Вячеслав Хаменұлы | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, жетекшінің орынбасары |
3. | Жұмақанов Николай Владимирович | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінің директоры, жетекшінің орынбасары |
4. | Әбділдинов Жақсыбек Кеңесұлы | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Қазгеокарт" филиалының директоры, жетекшінің орынбасары |
5. | Шапкенов Серік Жамбылұлы | - | Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары |
6. | Шүкеев Мұратхан Жүнісәліұлы | - | Жамбыл облысы әкімінің орынбасары |
7. | Байбеков Шалқар Заманбекұлы | - | Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
8. | Қожаниязов Серік Салауатұлы | - | Қызылорда облысы әкімінің орынбасары |
9. | Сәкеев Руслан Кенесарыұлы | - | Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары |
10. | Садыр Ербол Әбілхайырұлы | - | Түркістан облысы әкімінің орынбасары |
11. | Қабденов Мұрат Талапұлы | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы |
12. | Бекмұқашев Қажымұқан Ахматдинұлы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Геодезия және картография басқармасының басшысы |
13. | Сәкенов Нұрлан Рахымжанұлы | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары |
14. | Герасимов Сергей Владимирович | - | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-ғарыштық бағдарламалар орталығы бастығының орынбасары – геоақпараттық қамтамасыз ету басқармасының бастығы |
15. | Ахметқалиев Серік | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Бас штабы жауынгерлік кезекшілік және жауынгерлік қызмет басқармасының аға консультанты (келісу бойынша) |
16. | Кейісов Ризабек Қайырбекұлы | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті мемлекеттік шекара басқармасының атташесі |
17. | Тойбекова Меруерт Лесбекқызы | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің геодезия және картография басқармасының бас сарапшысы |
18. | Шпак Андрей Анатольевич | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті су көлігі басқармасының бас сарапшысы |
19. | Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы | - | Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімі |
20. | Көпбосынов Бахтияр Бейсембайұлы | - | Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі |
21. | Байтөле Болатбек Байқонысұлы | - | Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі |
22. | Өмірбеков Мейірхан Азатұлы | - | Жамбыл облысы Мерке ауданының әкімі |
23. | Қырықбаев Асқар Санатұлы | - | Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
24. | Досаев Қайрат Әскербекұлы | - | Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі |
25. | Батырбаев Дәулет Бахитұлы | - | Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі |
26. | Булавкина Ольга Александровна | - | Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімі |
27. | Байғонысов Қалихан Байғозыұлы | - | Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімі |
28. | Тоқсейітов Нұржан Тілеужанұлы | - | Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімі |
29. | Мұратов Жомарт Хайдарұлы | - | Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі |
30. | Акулов Григорий Иосифович | - | Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімі |
31. | Маханбетов Асан Жақыпбекұлы | - | Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімінің орынбасары |
32. | Жаңбырбаев Абай Данабекұлы | - | Түркістан облысы Келес ауданы әкімінің орынбасары |
33. | Сұлтанханов Сәкен Асылханұлы | - | Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары |
34. | Сейтімбетов Марат Сахидоллаұлы | - | Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары |
35. | Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы | - | Түркістан облысы Шардара ауданы әкімінің орынбасары |
36. | Жолдығұтов Асқар Абдолдаұлы | - | Алматы облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы |
37. | Барсукова Виктория Александровна | - | Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы |
38. | Орақбаев Ғалымжан Жәдігерұлы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы |
39. | Әбдуов Нұрлан Әбрахманұлы | - | Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы |
40. | Молдабай Бердібек Тілеуқабылұлы | - | Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары |
41. | Бижігітов Беркінбек Тастемірұлы | - | Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы |
42. | Пешенов Мұстафа Кеңесбекұлы | - | Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы |
43. | Қараталов Айдос Ермекұлы | - | Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы |
44. | Юсупов Бекнұр | - | Жамбыл облысы Мерке ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы |
45. | Жанаділов Досмұхамбет | - | Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы |
46. | Өтепов Данияр Құттыбайұлы | - | Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы |
47. |
Қойшыбаев | - | Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы |
48. | Тоғызбаев Қайрат Әбенұлы | - | Қызылорда облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы |
49. | Ахметов Нұрлан Әбілдаұлы | - | Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы |
50. | Жанұзақ Ардақ Баспақбайұлы | - | Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы |
51. |
Өтегенов | - | Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы |
52. | Байболов Бабаназар Тұрақұлы | - | Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы |
53. | Омаров Бекмұрат Тәліпұлы | - | Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы |
54. | Меңлібеков Ерлан Меңлібекұлы | - | Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы |
55. | Қарақожаев Нұржан Шәзіндаұлы | - | Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы |
56. | Досжанов Алмас Асанұлы | - | Шығыс Қазақстан облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары |
57. | Дүзмағамбетов Есемұрат Дәулетиярұлы | - | Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының басшысы |
58. | Елтизаров Рахат Тезекбайұлы | - | Маңғыстау облысы жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы |
59. | Сәдуақасов Сәбит Қыдырғалиұлы | - | Алматы облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары |
60. | Тілеген Ерғали Амангелдіұлы | - | Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары |
61. | Дабаров Серік Смайылұлы | - | Түркістан облысы Жетісай ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы |
62. | Бейсеқұл Бауыржан Тұрсынбайұлы | - | Түркістан облысы Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы |
63. | Атақұлов Нұржан Жақсылықұлы | - | Түркістан облысы Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы |
64. | Көкеев Нұржан Қалдарұлы | - | Түркістан облысы Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы |
65. | Исаев Мейрамбек Зұлпыхарұлы | - | Түркістан облысы Шардара ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы |
66. | Мұхаддас Ақылбек Мұхаддасұлы | - | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры |
67. | Байжігіт Ербол Бердібайұлы | - | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры |
68. | Есенбеков Мұрат Тонтайұлы | - | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы филиалының жер кадастры басқармасының басшысы |
69. | Кеңбаев Алмас Әділбайұлы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазгеокарт" филиалы директорының орынбасары – бас инженер |
70. | Әжібеков Берік Темірханұлы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазгеокарт" филиалы техникалық бөлімінің жетекшісі |
71. | Ақзамбекұлы Азамат | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазгеокарт" филиалының мемлекеттік шекараны демаркациялау және делимитациялау қызметінің жетекшісі |
72. | Өтесбаев Алмат Қалауұлы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазгеокарт" филиалы геоақпараттық жүйелер бөлімінің жетекшісі |
73. | Темербаев Естай Сұлтанұлы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазгеокарт" филиалының техникалық бақылау жөніндегі сарапшысы |
74. | Ахметов Рүстем Арманұлы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазгеокарт" филиалының Мемлекеттік шекараны демаркациялау және делимитациялау қызметінің сектор жетекшісі |
75. | Биманов Марлан Райымбекұлы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазгеокарт" филиалының Мемлекеттік шекараны демаркациялау және делимитациялау қызметінің инженер-геодезисі |
76. | Нұрмұхамедов Бақытбек Орынбайұлы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазгеокарт" филиалының Мемлекеттік шекараны демаркациялау және делимитациялау қызметінің инженер-геодезисі |
77. | Жақсыбаев Талғат Жұмағазыұлы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазгеокарт" филиалының Мемлекеттік шекараны демаркациялау және делимитациялау қызметінің инженер-геодезисі |
78. | Мұсаева Халида Тайырқызы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазгеокарт" филиалының Мемлекеттік шекараны демаркациялау және делимитациялау қызметінің инженер-картографы |
79. | Кұдайбергенова Әйгерім Мерғалиқызы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазгеокарт" филиалының Мемлекеттік шекараны демаркациялау және делимитациялау қызметінің инженер-картографы |
80. | Анутова Әлия Амандыққызы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазгеокарт" филиалының Мемлекеттік шекараны демаркациялау және делимитациялау қызметінің инженер-картографы |
81. | Сматаева Айнұр Емкенқызы | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Қазгеокарт" филиалының Мемлекеттік шекараны демаркациялау және делимитациялау қызметінің аудармашысы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 804 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттiк шекарасын демаркациялау жөнiндегi бiрлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкiметтiк делегациясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 қазандағы № 1058 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 қазандағы № 1058 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 342 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 қазандағы № 1058 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 8 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 қазандағы № 1058 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 546 қаулысы.