Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 455-ІІ Заңы

      Астанада 2001 жылғы 5 шілдеде жасалған Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шарт бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстанның
Қазақстан-Түрiкменстан мемлекеттiк шекарасын
делимитациялау және оны демаркациялау процесi туралы
ШАРТ

      Бұдан әрi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан,
      өздерiнiң мемлекетаралық қарым-қатынастарын достық және тату көршiлiк рухында, құрмет тұту, өзара түсiнiстiк, сондай-ақ егемендi теңдiк, аумақтық тұтастық, қазiргi шекараларының мызғымастығы, әдiлеттілік, ішкі істеріне араласпау қағидаттары негізінде құруға ұмтылыстарын қуаттай отырып,
      халықаралық құқық нормаларына, ең әуелi, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы
Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына өздерiнiң адалдықтарын атап көрсете отырып, және Еуропадағы қауiпсiздік пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйым шеңберiнде қабылданған мiндеттемелерiн ұстана отырып,
      1993 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы Достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық туралы шартқа, 1999 жылғы 9 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы мен
Түрiкменстан арасындағы Мемлекеттiк шекараны делимитациялау туралы  меморандумға сәйкес,
      бiр-бiрiне аумақтық сұрақтардың жоқ екендігiн растай отырып,
      қол сұғылмаушылығын және мызғымастығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының өтуiн нақтылау және заңды түрде ресiмдеу қажеттiлiгiн назарға ала отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы мемлекеттік шекара барлық уақытта екi туысқан халықтардың мемлекеттерi арасындағы бейбiтшiлiк пен келiсiм шекарасы болатындығын атап көрсете отырып,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Қазақстан-Түрiкменстан мемлекеттік шекара сызығы (бұдан әрi - мемлекеттiк шекара) бұрынғы Қазақ КСР және Түрiкмен КСР әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң негiзiнде өтетiндiгін анықтады.

2-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстанның арасындағы мемлекеттiк шекара сызығы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстанның арасындағы мемлекеттiк шекара сызығы өтуiнiң сипаттамасына толық сәйкес өтедi деп уағдаласты (1-қосымша).

3-бап

      Мемлекеттік шекара сызығы осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын масштабы 1:100 000 карта парақтарына түсiрiлдi (2-қосымша).

4-бап

      Жергiлiктi жердiң кез келген табиғи өзгерiстерi, егер Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өзгеше уағдаласпаса, мемлекеттiк шекара сызығының өтуiн өзгертуге әкелiп соқпайды.

5-бап

      Каспий теңiзiндегi шекара Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы жеке шартпен белгiленетiн болады.

6-бап

      Қазақстан Республикасының, Түрiкменстанның және Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесi осы мемлекеттер арасындағы жеке халықаралық шартпен белгiленетін болады.

7-бап

      Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар Қазақстан-Түрiкменстан мемлекеттiк шекарасын демаркациялау процесiне кiрiсуге уағдаласты.

8-бап

      Осы шарттың ережелерiн түсiндіруге және қолдануға қатысты кез келген мәселелер келiссөздер және консультациялар арқылы реттелетiн болады.

9-бап

      Осы Шарт мерзiмсiз болып табылады және күшi жойылмайды.
      Осы Шарт бекiтiлуге жатады және бекiту грамоталарын алмасқан күннен бастап күшiне енедi.

      Астана қаласында 2001 жылғы 5 шiлдеде әрқайсысы қазақ, түрiкмен және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Шарттың ережелерiн түсiндіру мақсаты үшiн орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылатын болады.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШIН         ТҮРIКМЕНСТАН ҮШІН

Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан   
арасындағы Қазақстан-Түрiкменстан     
мемлекеттiк шекарасын делимитациялау    
және оны демаркациялау туралы шартқа    
1-қосымша                     

Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы мемлекеттiк шекара сызығы өтуiнiң
сипаттамасы

      Қазақстан-Түрiкменстан мемлекеттiк шекарасының бастапқы нүктесi (бұдан әрi - мемлекеттiк шекара сызығы) Қазақстан Республикасының, Түрiкменстанның және Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесi болып табылады. Бұл нүкте Қазақстан Республикасының, Түрiкменстанның және Өзбекстан Республикасының арасындағы жеке халықаралық шартпенен белгiленетiн болады.
      Бастапқы нүктеден бастап мемлекеттiк шекара сызығы N 1 шекаралық нүктеге дейiн батыс бағытта түзу сызық бойынша өтеді. 
      N 1 шекаралық нүкте X=4 576 660, Y=10 416 000 координаттары бар K-40-100 карта парағында бейнеленген (жергiлiктi жердiң 1974 жылғы жәй-күйi, 1984 жылғы басылым) және минус 30.7 белгісi бар топырақтық қадабелгiден солтүстiкке қарай 8.97 км қашықтықта, 13.2 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-шығысқа қарай 10.40 км қашықтықта орналасқан.
      N 1 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 2 шекаралық нүктеге дейiн батыс бағытта түзу сызық бойынша өтеді. N 1 және N 2 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 10.46 км құрайды.
      Х=4 577 605, Y=10 405 608 координаттары бар N 2 шекаралық нүкте 209.9 белгiсi бар топырақ қадабелгiден шығысқа қарай 8.12 км қашықтықта, 13.2 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 9.31 км қашықтықта мемлекеттiк шекара сызығының далалық жолмен қиылысында орналасқан.
      N 2 шекаралық нүктеден бастап мемлекеттiк шекара сызығы N 3 шекаралық нүктеге дейiн жалпы алғанда оңтүстiк-батыс бағытта далалық жол бойынша өтеді. N 2 және N 3 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 8.20 км құрайды.
      Х=4 572 405, Y=10 400 410 координаттары бар N 3 шекаралық нүкте 209.9 белгiсi бар топырақтық қадабелгiден оңтүстiк-шығысқа қарай 4.69 км қашықтықта, 37.2 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 8.24 км қашықтықта, 13.2 белгісi бар геодезиялық пункттен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 9.30 км қашықтықта мемлекеттiк шекара сызығының далалық жолмен қиылысында орналасқан.
      N 3 шекаралық нүктеден бастап мемлекеттiк шекара сызығы N 4 шекаралық нүктеге дейiн 177.6 белгiсi бар биiктiк арқылы жалпы алғанда батыс-солтүстiк-батыс бағытта өтеді. N 3 және N 4 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 3.40 км құрайды.
      Х=4 573 114, Y=10 397 090 координаттары бар N 4 шекаралық нүкте 209.9 белгiсi бар топырақтық қадабелгiден оңтүстiкке қарай 3.17 км қашықтықта, 34.6 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-шығысқа қарай 9.73 км қашықтықта, 37.2 белгiсi бар  геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 9.32 км қашықтықта Қапланқыр шыңы жарының жоғарғы бөлiгiнде орналасқан.
      N 4 шекаралық нүктеден бастап мемлекеттiк шекара сызығы Қапланқыр шыңы жарының жоғарғы бөлiгiмен жалпы алғанда батыс бағытта өтедi, сосын К-40-99 карта парағына (жергіліктi жердің 1974 жылғы жәй-күйi, 1984 жылғы басылым) өтедi және әрi қарай К-40-87 карта парағына (жергiлiкті жердiң 1990 жылғы жай-күйi, 1991 жылғы басылым) көшiп, жалпы алғанда солтүстiк-батыс бағытта N 5 шекаралық нүктеге дейiн өтедi. N 4 және N 5 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 81.00 км құрайды.
      Х=4 579 890, Ү=10 364 150 координаттары бар N 5 шекаралық нүкте 239.3 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 3.82 км қашықтықта, 192.5 белгiсi бар топырақтық қадабелгiден солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 0.62 км қашықтықта, 241.7 белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 6.20 км қашықтықта Қапланқыр шыңы жарының жоғарғы бөлiгiнiң далалық жолмен қиылысында орналасқан.
      N 5 шекаралық нүктеден бастап мемлекеттiк шекара сызығы 11.00 км-де далалық жолды кесiп өтiп, жалпы алғанда солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта далалық жол бойынша өтеді, 17.50 км-де далалық жолды қия отырып, 264.9 белгiсi бар топырақтық қадабелгi арқылы өтедi, 220.3 белгiсi бар нүктеде далалық жолды кесiп өтiп, 242.6 белгiсi бар нүкте мен Денелi құдығы арқылы өтедi, 213.4 белгiсi бар нүкте арқылы К-40-75 карта парағына (жергiлiктi жердiң 1963 жылғы жай-күйi, 1972 жылғы басылым) көшедi. Әрi қарай мемлекеттiк шекара сызығы 50.30 км-де далалық жолды кесiп өтіп, жалпы алғанда солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта далалық жол бойымен 214.0 белгiсi бар нүктеде далалық жолды қия отырып Қырықсегiз құдығы арқылы өтедi, 58.30 км-де далалық жолды кесіп өтіп К-40-74 карта парағына (жергiлiктi жердiң 1960 жылғы жай-күйi, 1972 жылғы басылым) көшедi. Әрi қарай мемлекеттiк шекара сызығы 184.0 белгiсi бар нүкте мен Қошаджы құдығы арқылы жалпы алғанда солтүстік-солтүстiк-батыс бағытта далалық жол бойынша өтеді, сосын 193.8 белгiсi бар Кошкуи Сев. геодезиялық пунктi арқылы далалық жол бойынша солтүстiк-батыс бағытта өтедi, 82.50 км-де далалық жолды кесiп өтiп, К-40-62 карта парағына (жергiлiктi жердiң 1979 жылғы жәй-күйi, 1985 жылғы басылым) көшедi. Әрi қарай мемлекеттік шекара сызығы N 6 шекаралық нүктеге дейiн Ораққазған-Құрлық құдығы арқылы далалық жол бойынша жалпы алғанда солтүстiк-батыс бағытта өтедi. N 5 және N 6 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 92.50 км құрайды.
      X=4 656 000, Y=10 319 430 координаттары бар N 6 шекаралық нүкте 199.7 бeлгіci бар Үшқұдық геодезиялық пунктiнен оңтүстiк-шығысқа қарай 6.22 км қашықтықта, 178.4 белгiсi бар Шығыс Үшқұдық геодезиялық пунктiнен оңтүстік-батысқа қарай 6.62 км қашықтықта және 201.4 белгiсi бар топырақтық қадабелгіден шығысқа қарай 9.31 км. қашықтықта орналасқан.
      N 6 шекаралық нүктеден бастап мемлекеттiк шекара сызығы N 7 шекаралық нүктеге дейiн солтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша өтеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 5.15 км құрайды.
      Х=4 660 080, Y=10 316 190 координаттары бар N 7 шекаралық нүкте 201.4 бeлгici бар топырақтық қадабелгiден шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 6.72 км қашықтықта, 199.7 белгiсi бар Үшқұдық геодезиялық пунктiнен шығысқа қарай 1.66 км қашықтықта, 178.4 белгiсi бар Шығыс Үшқұдық геодезиялық пунктiнен батысқа қарай 7.20 км қашықтықта, Көпқұдық құдықтарында орналасқан.
      N 7 шекаралық нүктеден бастап мемлекеттiк шекара сызығы 11.00 км-де, 19.46 км-де және 25.26 км-де далалық жолдарды кесiп өтіп, солтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойымен өтіп, К-40-61 карта парағына (жергіліктi жердiң 1981 жылғы жай-күйi, 1985 жылғы басылым) көшедi, әрi қарай 35.55 км-де және 44.38 км-де далалық жолдарды қия отырып, солтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша өтеді де К-40-49 карта парағына (жергiлiктi жердiң 1989 жылғы жай-күйi, 1994 жылғы басылым) көшеді, әрi қарай N 8 шекаралық нүктеге дейiн 50.81 км-де далалық жолды кесiп өтiп, солтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша өтедi. N 7 және N 8 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзақтығы 58.75 км құрайды.
      N 8 шекаралық нүкте 109.2 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 2.64 км қашықтықта, 110.9 белгiсі бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 2.97 км қашықтықта 131.0 белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 3.41 км қашықтықта Басқарасай құдығында орналасқан.
      N 8 шекаралық нүктеден бастап мемлекеттiк шекара сызығы 0.97 км-де, 4.40 км-де және 14.55 км-де далалық жолдарды кесiп өтiп, батыс бағытта түзу сызық бойынша өтедi де К-39-60 карта парағына (жергілiкті жердiң 1988 жылғы жай-күйi, 1989 жылғы басылым) көшедi, әрi қарай 18.79 км-де және 26.50 км-де далалық жолдарды кесiп өтiп, батыс бағытта түзу сызық бойынша өтедi де К-39-72 карта парағына (жергілiктi жердiң 1988 жылғы жай-күйi, 1992 жылғы басылым) көшедi, әрi қарай 28.10 км-де, 31.01 км-де және 33.72 км-де далалық жолдарды кесiп өтiп, батыс бағытта түзу сызық бойынша өтеді де Шағылдышор ойпаты арқылы N 9 шекаралық нүктеге дейiн 46.58 км-де және 52.09 км-де далалық жолдарды кесiп өтеді. N 8 және N 9 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 54.17 км құрайды.
      N 9 шекаралық нүкте 44.7 белгiсi бар топырақтық қадабелгiден батысқа қарай 6.96 км қашықтықта, 168.1 белгiсi бар Қарынжарық төбесiндегi геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 8.33 км қашықтықта, 133.0 белгiсi бар Қырыққұлаш геодезиялық пунктiнен оңтүстік-оңтүстiк-шығысқа қарай 1.81 км қашықтықта Қарынжарық құмындағы Қырыққұлаш құдығында орналасқан.
      N 9 шекаралық нүктеден бастап мемлекеттiк шекара сызығы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша өтеді және К-39-71 карта парағына (жергiлiктi жердің 1988 жылғы жәй-күйi, 1989 жылғы басылым) көшедi. Әрi қарай мемлекеттік шекара сызығы 10.14 км-де, 16.67 км-де, 16.95 км-де, 19.90 км-де, 28.04 км-де, 33.74 км-де, 35.04 км-де, 35.92 км-де, 40.82 км-де, 45.44 км-де және 47.80 км-де далалық және сүрлеу жолдарды кесiп өтiп, батыс-оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша өтеді де К-39-70 карта парағына (жергiлiктi жердiң 1988 жылғы жай-күйi, 1989 жылғы басылым) көшедi, әрi қарай N 10 шекаралық нүктеге дейiн 51.20 км-де далалық жолды кесiп өтіп, батыс-оңтүстік-батыс бағытта түзу сызық бойынша өтеді. N 9 және N 10 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 52.17 км құрайды.
      X=4 667 154, Ү=9 664 078 координаттары бар N 10 шекаралық нүкте 128.6 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 8.41 км қашықтықта, 160.7 белгісi бар Қарақабақ геодезиялық пунктiнен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 7.81 км қашықтықта, 139.9 белгiсi бар геодезиялық пунктте орналасқан.
      N 10 шекаралық нүктеден бастап мемлекеттiк шекара сызығы N 11 шекаралық нүктеге дейiн 0.30 км-де, 4.35 км-де және 6.50 км-де далалық жолдарды кесiп өтiп, оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша өтеді. N 11 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының ұзақтығы 6.80 км құрайды.
      Х=4 662 758, Ү=9 658 878 координаттары бар N 11 шекаралық нүкте 128.6 белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 5.95 км қашықтықта, 160.7 белгісi бар Қарақабақ геодезиялық пунктiнен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 6.98 км қашықтықта, 164.4 белгiсi бар геодезиялық пунктте орналасқан.
      N 11 шекаралық нүктеден бастап мемлекеттiк шекара сызығы 0.53 км-де, 2.20 км-де, 2.77 км-де, 6.77 км-де, 7.11 км-де, 8.50 км-де және 13.10 км-де далалық жолдарды кесiп өтiп, оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша өтедi де К-39-82 карта парағына (жергілiкті жердiң 1977 жылғы жай-күйi, 1985 жылғы басылым) көшеді, әрi қарай 16.10 км-де, 19.15 км-де, 21.57 км-де және 23.83 км-де далалық жолдарды кесiп өтiп, N 12 шекаралық нүктеге дейiн оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша өтедi. N 11 және N 12 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 24.30 км құрайды.
      Х=4 646 136, Ү=9 641 257 координаттары бар N 12 шекаралық нүкте 99.9 белгісi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 7.58 км қашықтықта, 106.2 белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 9.20 км қашықтықтағы Даля тауында, 124.0 белгiсi бар геодезиялық пунктте орналасқан.
      N 12 шекаралық нүктеден бастап мемлекеттiк шекара сызығы 4.06 км-де газ құбырын, сондай-ақ 4.90 км-де, 9.20 км-де, 14.47 км-де, 16.50 км-де және 21.35 км-де далалық және сүрлеу жолдарды кесiп өтіп, оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша өтeді де К-39-81 кapтa парағына (жергiлiктi жердiң 1977 жылғы жай-күйi, 1985 жылғы басылым) көшеді, әрi қарай 24.90 км-де және 27.42 км-де далалық жолдарды кесiп өтiп, N 13 шекаралық нүктеге дейiн оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызық бойынша өтеді. N 12 және N 13 шекаралық нүктелер арасындағы мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 28.90 км құрайды.
      Х=4 626 285, Ү=9 620 270 координаттары бар N 13 шекаралық нүкте 23.3 белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстік-оңтүстiк-батысқа қарай 4.00 км қашықтықта, 46.5 белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 4.08 км қашықтықтағы Елкелдіқайыр тауында, 39.8 белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 3.41 км қашықтықта орналасқан.
      Қазақстан Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы сипатталған мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзақтығы 425.80 км құрайды.
      Мемлекеттік шекараның сипатталған сызығы мәтiнде көрсетiлген масштабы 1:100 000 карта парағына қызыл бояумен түсiрiлген. Осы карталар бойынша барлық арақашықтықтар мен координаттар графикалық әдiспен өлшенген. Сипаттама мәтiнiнде пайдаланылған орыс тiлiндегi географиялық атаулардың жазылуы жоғарыда аталған карталарға сәйкес келеді.