Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 783 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 783 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің  тізбесі

      1. «Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 14, 176-құжат).
      2. «Автомобильмен тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қаңтардағы № 12 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 6-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 759 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 402-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 708-құжат).
      5. «Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық темір жол желісі құрамына беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 1013 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 750-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1007-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 ақпандағы № 138 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 283-құжат).
      8. «Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау жөнiндегi кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер енгізу және «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 979 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 19 наурыздағы № 259 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 352-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 508 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 506-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1211 қаулысы 
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 881-құжат).
      11. «Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау жөнiндегi кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1381 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 73, 963-құжат).