Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 623 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1718 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 17, 279-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидаларында:
3-тармақтың 15) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«15) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
16) байланыс операторының әрекет ету аймағы – байланыс операторының телефон байланысы қызметтерін көрсету аумағы;»;
40-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) байланыс операторына қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсетуге берілген лицензия деректемелері;»;
42-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініш тиісті аумақта байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторына беріледі.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Интернет желісіне қол жеткізу операторы – Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсететін байланыс операторы;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Интернет желісіне қол жеткізу операторы абоненттерге көрсететін байланыс қызметтерінің тізбесі оның телекоммуникация желісінің техникалық мүмкіндіктерімен айқындалады.»;
15-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталынсын;
19-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) өз желісінің жұмысын осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді;»;
20) тармақша алынып тасталынсын;
20-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталынсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов