1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 10 (он) % пакетін плюс 1 (бір) жай акцияны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.
2. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілері бар жеке және заңды тұлғалардың шешімдерін тікелей немесе жанама айқындауға немесе қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. |
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ акциялар пакетінің |
».
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов