"Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 503 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1103 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 6 мамырдағы № 1 қорытындысына сәйкес Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округінің Наурыз саяжайы кешеніндегі атауы жоқ көшелеріне:
      1) №6 жобалық көшеге - Мұхан Махмутовтың есімі берілсін;
      2) №10 жобалық көшеге - Бекбау Епеновтің есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Б. Белгибаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақсуат ауылдық округінің әкімі А. Нұрсейітов