"Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 448 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1128 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 448 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 200-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау ережесінде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Нысаналы көрсеткіштер оларды әзірлеу процесінде айқындалған, бірақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаттарында көзделген мерзімдерден аспайтын мерзімге белгіленеді.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгiленедi.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    С. Ахметов