Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 408 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға үй-жай ұсыну туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2015 жылғы 12 наурызда № 3157 тіркелген, 2015 жылғы 13 наурызда "Есіл таңы" № 12 (466) газетінде, 2015 жылғы 13 наурызда "Ишим" № 12 (8752) газетінде жарияланған) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 53 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Ю.Кравчукке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Әбішев