Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1416 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 408 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шиелі кенті әкімінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі "Шиелі кенті "Көкшоқы" мөлтек ауданындағы атауы берілмеген көшеге Ыбырайхан Нәлібайұлының есімін беру туралы" (нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 05 қарашада N 10-9-65 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетіне 2008 жылдың 20 желтоқсанда N 104 санымен жарияланған) N 204 шешіміне төмендегі өзгеріс енгізілсін.
      1-тармағындағы "Көкшоқы" мөлтек ауданы" деген сөз алынып тасталынып, Шиелі кентінде болып оқылсын.
      2-тармағындағы 02.11.2006 жылдан бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды – деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш рет жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау кент әкімінің орынбасары Түменов Ермахан Байназарұлына жүктелсін.

      КЕНТ ӘКІМІ                              М.МОЛДАБАЕВ