Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 306 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 17.02.2017 № 84 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-123 тіркелген, 2010 жылғы 12 наурызда "Темір" газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "тұрғын жай" деген сөздер "тұрғынжай" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
      1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Ж.ТӘЖІБАЕВА Н. ӨТЕПОВ